Қандастар Ассамблея

Месси кезекті рекордын орнатты

11.03.2013 2387
«Барселона» клубының аргентиналық футболшысы Лионель Месси кезекті рекордын орнатты. Бұл туралы ВЕСТИ команданың ресми сайтына сілтеме жасап Bnews.kz хабарлады.  Месси бір лига аясында 17 матчта қатарынан гол соққан ойыншы ретінде тарихта қалды. Испания чемпионатының 27-турында «Депортивомен» кездескен каталониялық клуб 2:0 есебімен жеңіске жетті, ал Месси ұлттық біріншіліктегі 27-ші голын соқты. Ізін ала чилийлік шабуылдаушы Алексис Санчес есепті еселеді. Месси «Рух» клубының футболшысы Теодор Пьютеректің орнатқан рекордын бұзды. Ол 1937/1938 жылғы маусымда қатарынан 16 матчта гол соғып, 22 рет қарсыластар қақпасының осал жерін тапқан.

«Барселона» клубының аргентиналық футболшысы Лионель Месси кезекті рекордын орнатты. Бұл туралы ВЕСТИ команданың ресми сайтына сілтеме жасап Bnews.kz хабарлады. 

Месси бір лига аясында 17 матчта қатарынан гол соққан ойыншы ретінде тарихта қалды. Испания чемпионатының 27-турында «Депортивомен» кездескен каталониялық клуб 2:0 есебімен жеңіске жетті, ал Месси ұлттық біріншіліктегі 27-ші голын соқты. Ізін ала чилийлік шабуылдаушы Алексис Санчес есепті еселеді.

Месси «Рух» клубының футболшысы Теодор Пьютеректің орнатқан рекордын бұзды. Ол 1937/1938 жылғы маусымда қатарынан 16 матчта гол соғып, 22 рет қарсыластар қақпасының осал жерін тапқан.

Ұқсас материалдар