Қандастар Ассамблея

Gangnam Style-дың жаңа нұсқасы шығады

09.03.2013 2153
Gangnam Style әнімен танымал болған Оңтүстік Корея рэппері PSY тыңдармандарын жағымды жаңалықпен қуантты. Әнші хиттің жаңа нұсқасын шығаруға уәде беріп отыр.   PSY әннің жаңа нұсқасын 2013 жылдың сәуір айында Сеулде өтетін концертте ұсынатынын мәлімеді. Youtube.com ресми арнасында ұсынған анонс бейнежазбада PSY бейнеклипте көрсетілетін жаңа бидің қимылдарын орындап берді. Болашақ бейнебаянда әлемдік желідегі танымал Harlem Shake биінің элементтері болатыны байқалады. «2013 жылдың сәуір айында жаңа әннің тұсаукесері болады. Сондай-ақ, Оңтүстік Кореяда жеке концертімді өткіземін. Сіздер концертті Youtube-тен тікелей эфир арқылы тамашалай аласыздар»,-деді әнші. Сауық кеші Happening атауымен өтеді. Айта кету керек, PSY Қазақстанда өтетін KZ MUSIC AWARDS-2013 қазақ эстрадасы жұлдыздарын марапаттау кешінде өнер көрсететін болады. Концерт ұйымдастырушылары PSY әлемдік турнесі кестесімен тура келмейтіндіктен марапаттау кешін басқа уақытқа ауыстыратынын айтып отыр. Әншінің Қазақстанға қашан келетіні әзірге белгісіз.  Оңтүстік Кореялық әнші PSY 2012 жылдың шілде айында интернетке Gangnam Style бейнеклипін жариялаған соң көпшілікке танымал болды. 2012 жылдың қыркүйек айында Gangnam Style YouTube тарихында ең көп көрсетілім жинаған клип болып танылып, Гиннестің Рекордтар кітабына енгізілген болатын. BAQ.kz

Gangnam Style әнімен танымал болған Оңтүстік Корея рэппері PSY тыңдармандарын жағымды жаңалықпен қуантты. Әнші хиттің жаңа нұсқасын шығаруға уәде беріп отыр.  

PSY әннің жаңа нұсқасын 2013 жылдың сәуір айында Сеулде өтетін концертте ұсынатынын мәлімеді. Youtube.com ресми арнасында ұсынған анонс бейнежазбада PSY бейнеклипте көрсетілетін жаңа бидің қимылдарын орындап берді. Болашақ бейнебаянда әлемдік желідегі танымал Harlem Shake биінің элементтері болатыны байқалады.

«2013 жылдың сәуір айында жаңа әннің тұсаукесері болады. Сондай-ақ, Оңтүстік Кореяда жеке концертімді өткіземін. Сіздер концертті Youtube-тен тікелей эфир арқылы тамашалай аласыздар»,-деді әнші.

Сауық кеші Happening атауымен өтеді. Айта кету керек, PSY Қазақстанда өтетін KZ MUSIC AWARDS-2013 қазақ эстрадасы жұлдыздарын марапаттау кешінде өнер көрсететін болады. Концерт ұйымдастырушылары PSY әлемдік турнесі кестесімен тура келмейтіндіктен марапаттау кешін басқа уақытқа ауыстыратынын айтып отыр. Әншінің Қазақстанға қашан келетіні әзірге белгісіз. 
Оңтүстік Кореялық әнші PSY 2012 жылдың шілде айында интернетке Gangnam Style бейнеклипін жариялаған соң көпшілікке танымал болды. 2012 жылдың қыркүйек айында Gangnam Style YouTube тарихында ең көп көрсетілім жинаған клип болып танылып, Гиннестің Рекордтар кітабына енгізілген болатын.

BAQ.kz

Ұқсас материалдар