Қандастар Ассамблея

Роза Рымбаеваның мерекелік концерті

06.03.2013 2739
8 наурыз күні елордадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның  Халықаралық әйелдер күніне арналған  концерті өтеді. Әнші көктемгі алғашқы концертін ананың махаббатына арнады. Көпшілікті ол «Мама, жан анам» атты жаңа әндер бағдарламасымен қуантпақшы. Роза Рымбаева сахнаға бұл жолы ұлы Әли Оқаповпен бірге шығады. Сондай-ақ, мерекелік іс-шараға Қазақстан эстрадасының жас «жұлдыздары», «X-factor Kazakhstan» байқауының балауса орындаушылары қатысады. Астана қаласы Мәдениет басқармасынан хабарлағандай, әнші жеке орындауындағы әндермен қатар, концертке қатысушылармен бірге де  ән шырқайды. Сондай-ақ, рояльдің сүйемелдеуімен де бірнеше ән орындайды. Астана қаласының ресми сайты astana.kz

8 наурыз күні елордадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның  Халықаралық әйелдер күніне арналған  концерті өтеді.

Әнші көктемгі алғашқы концертін ананың махаббатына арнады. Көпшілікті ол «Мама, жан анам» атты жаңа әндер бағдарламасымен қуантпақшы.

Роза Рымбаева сахнаға бұл жолы ұлы Әли Оқаповпен бірге шығады. Сондай-ақ, мерекелік іс-шараға Қазақстан эстрадасының жас «жұлдыздары», «X-factor Kazakhstan» байқауының балауса орындаушылары қатысады.

Астана қаласы Мәдениет басқармасынан хабарлағандай, әнші жеке орындауындағы әндермен қатар, концертке қатысушылармен бірге де  ән шырқайды. Сондай-ақ, рояльдің сүйемелдеуімен де бірнеше ән орындайды.

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Ұқсас материалдар