Қандастар Ассамблея

Жапондықтар 32-граммдық ұялы телефон жасып шықты

06.03.2013 2312
Жапондық Willcom ұялы байланыс операторы салмағы 32 грамм ұялы телефон ұсынып отыр. Бұл туралы The Verge мәлімдеді. Өндірушілер құрылғыны әлімдегі ең жеңіл әрі ең кішкентай ұялы байланыс аппараты деп отыр. Phone Strap 2 деп аталатын телефонның ұзындығы - 70 миллиметр, ені - 32 миллиметр, қалыңдығы - 10,7 миллиметрді құрайды. Аппарат сандық клавиатура және бір дюйм түрлі- түсті экранмен жабдықталған. Phone Strap 2-нің кіріктірме камерасы жоқ, бірақ инфрақызыл порты бар. Willcom жаңа құрылғыны қарапайым смартфондар мен планшеттерге қосымша ретінде ұсынып отыр. Phone Strap 2 арқылы қоңыраулар шалып, электронды пошта арқылы электронды хаттамалар жолдауға болады. Аппарат тек Жапонияда шығады.  Willcom жаңа ұялы телефондардың тек шектеулі саны, яғни 12 мыңы ғана шығатынын айтты. Phone Strap 2 бағасы қанша болатыны әзірге белгісіз. Айта кету керек, Willcom құрылғысы Еуропа елдерінде жоқ жапондық PHS стандарттық желісіне ғана арналған. Осыған дейін де Willcom кішкентай мобильді аппараттарды  сатылымға енгізген еді. Мәселен, 2011 жылы шығарылған Willcom WX03A телефоны Phone Strap 2-ден 1 ғана граммға ауыр болған екен. Гиннестің рекордттар кітабының мәліметтеріне сәйкес әлемдегі сенсорлы экраны бар ең жеңіл телефон -  sWP Nova болып табылады. Оның салмағы небары 40,3 граммды құрайды. Ал Wi-Fi бар жеңіл ұялы телефон 62,7 граммдық modu W аппараты саналады. BAQ.kz

Жапондық Willcom ұялы байланыс операторы салмағы 32 грамм ұялы телефон ұсынып отыр. Бұл туралы The Verge мәлімдеді. Өндірушілер құрылғыны әлімдегі ең жеңіл әрі ең кішкентай ұялы байланыс аппараты деп отыр.

Phone Strap 2 деп аталатын телефонның ұзындығы - 70 миллиметр, ені - 32 миллиметр, қалыңдығы - 10,7 миллиметрді құрайды. Аппарат сандық клавиатура және бір дюйм түрлі- түсті экранмен жабдықталған. Phone Strap 2-нің кіріктірме камерасы жоқ, бірақ инфрақызыл порты бар.

Willcom жаңа құрылғыны қарапайым смартфондар мен планшеттерге қосымша ретінде ұсынып отыр. Phone Strap 2 арқылы қоңыраулар шалып, электронды пошта арқылы электронды хаттамалар жолдауға болады.

Аппарат тек Жапонияда шығады.  Willcom жаңа ұялы телефондардың тек шектеулі саны, яғни 12 мыңы ғана шығатынын айтты. Phone Strap 2 бағасы қанша болатыны әзірге белгісіз. Айта кету керек, Willcom құрылғысы Еуропа елдерінде жоқ жапондық PHS стандарттық желісіне ғана арналған. Осыған дейін де Willcom кішкентай мобильді аппараттарды  сатылымға енгізген еді. Мәселен, 2011 жылы шығарылған Willcom WX03A телефоны Phone Strap 2-ден 1 ғана граммға ауыр болған екен.

Гиннестің рекордттар кітабының мәліметтеріне сәйкес әлемдегі сенсорлы экраны бар ең жеңіл телефон -  sWP Nova болып табылады. Оның салмағы небары 40,3 граммды құрайды. Ал Wi-Fi бар жеңіл ұялы телефон 62,7 граммдық modu W аппараты саналады.

BAQ.kz

Ұқсас материалдар