Қандастар Ассамблея

Әлемдегі ең ұзын кәуап Киевте әзірленді

05.03.2013 2401
Армиян аспазшылары Украинада әлемдегі ең үлкен кәуапты әзірледі. Дәмді кәуап бір шампурада қуырылып, ұзындығы 150,6 метрге жетті. Сонымен қатар, осы шара кезінде тағы бір рекорд жаңартылды. Әлемдегі ең ұзын мангал анықталды. Оның ұзындығы 161,9 метр болған. Ең ауқымды кәуапты даярлау үшін кем дегенде 150 адам жұмылдырылған. Оның 70-і етті шампураға шаншып, 10 адам оны қақтаумен шұғылданған, қалған даяшылар «дәмі тіл үйірер» шығыс тағамын іс шараға жиналаған қауымға таратып шыққан. Кәуапты жасауға 180 келі ет жұмсалыпты. Осындай ерекше кешті армян аспаздары Н. Федоренков атындағы «Цыганские напевы» Мемлекеттік ансамблінің әртістерінің сүйемелдеуімен ұйымдастырды. Ал мангал астындағы отты «Киевтің от театры» жақты. Әйткенмен,екі жаңа рекордттардың Гиннестің Рекордтар кітабына енетін, енбейтіні әзірге белгісіз. Бұған дейін, ең үлкен кәуап 2011 жылы Ригада әзірленген екен. Оның ұзындығы - 149,5 метрді құрап, ал Ресейде әзірленген дәмді кәуаптың ұзындығы - 157 метрге жеткен болатын. BAQ.kz

Армиян аспазшылары Украинада әлемдегі ең үлкен кәуапты әзірледі. Дәмді кәуап бір шампурада қуырылып, ұзындығы 150,6 метрге жетті.
Сонымен қатар, осы шара кезінде тағы бір рекорд жаңартылды. Әлемдегі ең ұзын мангал анықталды. Оның ұзындығы 161,9 метр болған.
Ең ауқымды кәуапты даярлау үшін кем дегенде 150 адам жұмылдырылған. Оның 70-і етті шампураға шаншып, 10 адам оны қақтаумен шұғылданған, қалған даяшылар «дәмі тіл үйірер» шығыс тағамын іс шараға жиналаған қауымға таратып шыққан.
Кәуапты жасауға 180 келі ет жұмсалыпты. Осындай ерекше кешті армян аспаздары Н. Федоренков атындағы «Цыганские напевы» Мемлекеттік ансамблінің әртістерінің сүйемелдеуімен ұйымдастырды. Ал мангал астындағы отты «Киевтің от театры» жақты.
Әйткенмен,екі жаңа рекордттардың Гиннестің Рекордтар кітабына енетін, енбейтіні әзірге белгісіз.
Бұған дейін, ең үлкен кәуап 2011 жылы Ригада әзірленген екен. Оның ұзындығы - 149,5 метрді құрап, ал Ресейде әзірленген дәмді кәуаптың ұзындығы - 157 метрге жеткен болатын.

BAQ.kz

Ұқсас материалдар