Қандастар Ассамблея

«Жастар еңбек биржасы» веб-порталы іске қосылады (видео)

04.03.2013 2936
Наурыз айында «Жастар еңбек биржасы» бірыңғай веб-порталы толығымен іске қосылады. Бүгінде сайттың демо-үлгісі құрылып, жұмыссыз жүрген жастар тіркелуге мүмкіндік алды. Бұл туралы «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықов мәлімдеді. Жиынға қатысушылардың айтуынша, қолға түйіндеме алып, жұмыс іздеу тәсілінен жастарды арылту қажет. Жұмыс іздеушілер түрлі мекеменің табалдырығын тоздырмай-ақ, компьютердің басында отырып, жұмыс қарауына мүмкіндік алады. Портал қолданушылары жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер жайында барлық мәліметпен таныса алады. Мұнда облыс орталықтарынан бөлек, аудандар мен ауылдардағы бос вакансиялар тізімі де жарияланады. Жастар бірлестіктері мен еңбек министрлігі өкілдерінің басын қосқан жиында веб-порталды жетілдіру мәселесі қаралды. Нұрлан СЫДЫҚОВ, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы: - Жұмыс іздеп жүрген жастар қандай қиындықтарға тап болды, қандай мәселелер алдарында туындады деген сауалдарға жауап іздей отырып, жастармен кездесіп, соның негізінде бірқатар ұсыныстар алдық. Ендігі кезекте сол ұсыныстарды интернет порталға ұсынатын боламыз.

Наурыз айында «Жастар еңбек биржасы» бірыңғай веб-порталы толығымен іске қосылады. Бүгінде сайттың демо-үлгісі құрылып, жұмыссыз жүрген жастар тіркелуге мүмкіндік алды.

Бұл туралы «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықов мәлімдеді. Жиынға қатысушылардың айтуынша, қолға түйіндеме алып, жұмыс іздеу тәсілінен жастарды арылту қажет. Жұмыс іздеушілер түрлі мекеменің табалдырығын тоздырмай-ақ, компьютердің басында отырып, жұмыс қарауына мүмкіндік алады. Портал қолданушылары жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер жайында барлық мәліметпен таныса алады. Мұнда облыс орталықтарынан бөлек, аудандар мен ауылдардағы бос вакансиялар тізімі де жарияланады. Жастар бірлестіктері мен еңбек министрлігі өкілдерінің басын қосқан жиында веб-порталды жетілдіру мәселесі қаралды.

Нұрлан СЫДЫҚОВ, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы:

- Жұмыс іздеп жүрген жастар қандай қиындықтарға тап болды, қандай мәселелер алдарында туындады деген сауалдарға жауап іздей отырып, жастармен кездесіп, соның негізінде бірқатар ұсыныстар алдық. Ендігі кезекте сол ұсыныстарды интернет порталға ұсынатын боламыз.

Ұқсас материалдар