Көп бағытты саясат

08.11.2012 2348
Соңғы редакциялау: 19 қазан 2012   Көп бағытты саясат – мемлекеттің сыртқы саясатының тепе-теңділігін, сарабдалдығын, сындарлылығын және аса икемділігін, әр түрлі мемлекет мүдделерінің алуан реңкті кең ауқымы ескерілуін қамтитын ұғым. К. б. с. елдің сыртқы саясаты тұрақты да тұрлаулы жүргізілуін, оның белгілі бір аймақтағы жағдайдың болжанбаған сипатта өрбуіне, әлемдік рыноктағы жағдайдың өзгеруіне тікелей тәуелді болмауын көздейді. Сыртқы саясаттағы белсенділік, жаһандық және аймақтық құбылыстарға араласу, халықар. жағдайдың қазіргі және келешектегі даму бағыттарына жан-жақты талдау жасап отыру, барлық мүдделі елдермен екі жақты ынтымақтастықтың дамытылуын назарда ұстау және халықар. ұйымдарда белсенді жұмыс жасау мәселелерін қатар әрі үйлесімді жүзеге асыруға тырысу – көпбағыттылықтың мән-маңызы мен мақсат-мұраты. ҚР Конституциясының 8-бабында, “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” конституциялық Заңда (16.12.1991) Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы халықар. құқық принциптері негізінде жүргізілетіндігі, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасалатыны, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау құқықтары құрметтелетіні, халықар. дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын ұстанатыны бекем бекітілген. Осыған орай Қазақстан Республикасында жүргізілетін К. б. с-тың негізгі мақсаттары мыналар: 1) әлеум.-экон. реформалардың жүзеге асырылуы үшін қолайлы сыртқы жағдайды қамтамасыз ету, шетелдік инвестицияларды тарту; 2) халықар. ұйымдар тарапынан қолдау көрсетілуін  қамтамасыз  ету және басқа елдермен сауда-экон. байланыстарды кеңейтуге жәрдемдесу; 3) берік халықар.-құқықтық іргетасқа негізделген достық пен тату көршілестік белдеуінің барша тараптан жаппай шекараласып жатуын қамтамасыз ету. Еліміздің К. б. с. тұжырымдамасы шеңберіндегі негізгі міндеттері мыналар: 1) аймақтағы елдермен, жақын көршілермен көпжақты ынтымақтастық; 2) индустриялық жағынан дамыған елдерден, сондай-ақ халықар. қаржы-экон. ин-ттардан ел экономикасына ірі көлемді инвестицияларды жұмылдыру; 3) жекелеген мемлекеттер мен халықар. ұйымдарды мемлекеттің экон. мәселелерін және әлемдік коммуникацияларға шығу жолдарын қамтамасыз ету мәселесін шешу іс жүзінде жәрдем көрсетуге тарту; 4) экономика және мемл. басқару саласындағы мамандарды шет елде дайындау бағдарламаларын қамтамасыз ету; 5) ғыл.-тех., мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі халықар. ұйымдармен және бірлестіктермен ақпарат алмасуға қатысу; 6) жетекші халықар. саяси және дипломатиялық ин-ттармен байланыстардың тұрақты кеңейтілуін қамтамасыз ету.  Л. Иватова Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том  

Соңғы редакциялау:

19 қазан 2012

 

Көп бағытты саясат – мемлекеттің сыртқы саясатының тепе-теңділігін, сарабдалдығын, сындарлылығын және аса икемділігін, әр түрлі мемлекет мүдделерінің алуан реңкті кең ауқымы ескерілуін қамтитын ұғым. К. б. с. елдің сыртқы саясаты тұрақты да тұрлаулы жүргізілуін, оның белгілі бір аймақтағы жағдайдың болжанбаған сипатта өрбуіне, әлемдік рыноктағы жағдайдың өзгеруіне тікелей тәуелді болмауын көздейді. Сыртқы саясаттағы белсенділік, жаһандық және аймақтық құбылыстарға араласу, халықар. жағдайдың қазіргі және келешектегі даму бағыттарына жан-жақты талдау жасап отыру, барлық мүдделі елдермен екі жақты ынтымақтастықтың дамытылуын назарда ұстау және халықар. ұйымдарда белсенді жұмыс жасау мәселелерін қатар әрі үйлесімді жүзеге асыруға тырысу – көпбағыттылықтың мән-маңызы мен мақсат-мұраты. ҚР Конституциясының 8-бабында, “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” конституциялық Заңда (16.12.1991) Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы халықар. құқық принциптері негізінде жүргізілетіндігі, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасалатыны, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау құқықтары құрметтелетіні, халықар. дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын ұстанатыны бекем бекітілген. Осыған орай Қазақстан Республикасында жүргізілетін К. б. с-тың негізгі мақсаттары мыналар: 1) әлеум.-экон. реформалардың жүзеге асырылуы үшін қолайлы сыртқы жағдайды қамтамасыз ету, шетелдік инвестицияларды тарту; 2) халықар. ұйымдар тарапынан қолдау көрсетілуін  қамтамасыз  ету және басқа елдермен сауда-экон. байланыстарды кеңейтуге жәрдемдесу; 3) берік халықар.-құқықтық іргетасқа негізделген достық пен тату көршілестік белдеуінің барша тараптан жаппай шекараласып жатуын қамтамасыз ету.

Еліміздің К. б. с. тұжырымдамасы шеңберіндегі негізгі міндеттері мыналар: 1) аймақтағы елдермен, жақын көршілермен көпжақты ынтымақтастық; 2) индустриялық жағынан дамыған елдерден, сондай-ақ халықар. қаржы-экон. ин-ттардан ел экономикасына ірі көлемді инвестицияларды жұмылдыру; 3) жекелеген мемлекеттер мен халықар. ұйымдарды мемлекеттің экон. мәселелерін және әлемдік коммуникацияларға шығу жолдарын қамтамасыз ету мәселесін шешу іс жүзінде жәрдем көрсетуге тарту; 4) экономика және мемл. басқару саласындағы мамандарды шет елде дайындау бағдарламаларын қамтамасыз ету; 5) ғыл.-тех., мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі халықар. ұйымдармен және бірлестіктермен ақпарат алмасуға қатысу; 6) жетекші халықар. саяси және дипломатиялық ин-ттармен байланыстардың тұрақты кеңейтілуін қамтамасыз ету.

 Л. Иватова

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

 

Ұқсас материалдар