Қандастар Ассамблея

Астана - 1976-1994 жылдар аралығы

19.06.2014 3270
1976 Жастар Сарайы салынды, жоба авторлары: бас сәулетші К.И.Миронов, бас инженер Ц.М.Нахутина, сәндік-сурет композициясы авторлары, суретшілер Д.Мерперт пен Н.Миронова.

1976

Жастар Сарайы салынды, жоба авторлары: бас сәулетші К.И.Миронов, бас инженер Ц.М.Нахутина, сәндік-сурет композициясы авторлары, суретшілер Д.Мерперт пен Н.Миронова. Сарай бұқараға саяси-тәрбие, мәдени-көпшілік тәрбие беру және спорт жұмысы орталығы ретінде салынды. Ғимарат кешеннің құрамдас бөліктері мына тұрғыдағы орналасу тәртібімен сипатталды: жылжымалы сахнасы бар 1200 орындықкөрермен залы, мінбері бар 400 орындық әмбебап спорт залы, ванна мен жүзу бассейні, трамплин мен көрермендерге арналған галерея, 150 орындық жастар кафесі, банкет залы, сондай-ақ көрме үй-жайы, үйірме бөлмесі, бейнелеу студиясы мен кітапханасы болды.


1979

16 және 19 маусым - Целиноград қаласында жастар неміс автономиялы облысын құруға қарсы шықты.


1980

2 қазан — Қалада көпшілікке арналған Қазіргі заман өнері мұражайы (тың және тыңайған жерлерді игерудің 25 жылдығына арналған) ашылды. Мұражайдың алғашқы коллекциясын 500 шығарма құрады, олар Целиноград қаласына 1979 ж. Қазақстан астанасы Алматыда өткен «Ғалам және адамдар» атты Халықаралық көрмеден жіберілді.


1981

Орталық универсалды дүкен (ЦУМ) ғимараты пайдалануға берілді. Оны «Целинградтяжстрой» тресі «Гипроторг» Алматы институтының жобасы бойынша салды. Құрылыс жұмыстарына қүрама темір бетон, ірі көлемді айна шынысы, әктас пен ұлутас, мәрмәр, анодталған алюминий кеңінен қолданылды.


1982

Қалада Салтанат сарайы ашылды.


1987

«Казгипроград» жобалау институты Целиноград қаласын дамытудың жаңа Бас жоспарын әзірледі. Ол қала құрылысының алдағы онжылдықтағы жобасын анықтады. Оның негізіне 1962 жылғы Бас жоспармен бекітілген тура сызықты параллельділік принципі бойынша қаланы дамыту концепциясы алынды.


1988

Ақпан — Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің өкімімен қалада С. Сейфуллин мұражайы, ақынның ақталуынан отыз жыл өткеннен кейін ашылды.


1992

20 ақпан — Целиноград халық депутаттары қалалық Кеңесінің атқарушы комитеті таратылды.


1993

9 желтоқсан — Ақмола облысы халық депутаттары Кеңесі 21-шақырылуының 14-сессиясының «Халық депутаттары жергілікті кеңесі өкілеттілігінің мерзімінен бүрын тоқтатылуы туралы» Қаулысы бойынша Ақмола қалалық Кеңесінің қызметі тоқтатылды.


1994

Шілде - ҚР Жоғарғы Кеңесінің тарихи мәжілісі, онда алғаш рет ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан астанасын Алматыдан көшіру туралы мәселе көтерді.

6 шілде — ҚР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақстан Республикасы астанасын көшіру туралы» Қаулысы қабылданды.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Ұқсас материалдар