Қандастар Ассамблея

Астана - 1922-1929 жылдар аралығы

19.06.2014 3841
1922 Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Бигелдинов дүниеге келді.

1922

Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Бигелдинов дүниеге келді.


1923

1 мамыр — Ақмола тарихи-өлкетану мүражайы ашылды.

Қалалық спорт ұйымы пайда болды.


1924

5-100 қаңтар — Қырғыз (Қазақ) АКСР-і Кеңесінің IV съезі, Конституция қабылдау.


1924-1988

Үлы Отан соғысының батыры, фашистік Рейхс-тагқа алғаш болып ту тіккен Р. Қошқарбаевтың өмір сүрген жылдары.


1925

Акмола қалалық кеңесі қызметінің басталуы.

10 наурыз - қалалық кеңес президиумы құрылды және оның жанында үш секция ұйымдастырылды: коммуналдық шаруашылық бөлімі уезінде (бұрын ол милиция қарамағында болған), денсаулық сақтау секциясы және уездік бөлім жанындағы халық шаруашылығы секциясы. 1925 жылғы қыркүйекте тағы 3 секция қайырымдылық, бюджеттік және жер құрылды.

15-19 сәуір — КАКСР Кеңесінің V съезі. Қырғыз АКСР-інің атауы Қазақ АКСР-і болып өз-гертілді. Қазақтардың тарихи тұрғыдан дүрыс аталуы туралы қаулы қабылданды.


1928

17 қаңтар - Ақмола губерниясы таратылды. Аймақтық жүйе енгізіле бастады. Орталығы Ақмола қаласы болған жеке Ақмола округі құрылды.


Қалада педагогикалық техникум базасында педагогикалық училище ашылды, онда алғашқы жылдары 96 оқушы білім алды. Ауыл шаруашылық фермасы (Кубриннің бұрынғы саяжайы) кеңшар болып қайта құрылды. Қалада алғашқы электр стансасы салынды, оның қуаттылығы 700 шамға, мекемелер мен қала орталығын жарықтандыруға әрең жетті.


25 қыркуйек — РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Ақмола-Бурабай темір жолы құрылысын бастау туралы Қаулы қабылдады, ал кезекті 1929 жылғы ақпандағы мәжілісте құрылысты жеделдету бойынша нақты шаралар анықталды. Жоспар бойынша құрылыс 1929 ж. сәуірде басталып, осы жылдың 1 желтоқсанында аяқтау жоспарланды. Жол салу 1929 жылғы қарашаның басында, яғни жоспарланғаннан үш апта бұрын аяқталды. Ұзындығы 226 км болатын темір жол магистралі бес ай мерзімде салынды.


1928-1929

Ақмола қаласын телефондандыру және радиоландыру басталды. 1928 ж. қарашада Ақмола аймақтық атқару комитеті Қазақ облыстық байланыс басқармасымен келісімшарт жасасты, ол бойынша байланыс басқармасы Ақмоланы 100 абонементі бар қалалық телефон стансасын орнату арқылы телефондандыруға тиісті болды. 1934 ж. қаладағы телефон желісі 137 км-ді кұрады, 170 абонемент нөмірі болды, 1936 ж. — 230 км және 190 телефон. Радионүкте саны жедел өсті: 1934 ж. - 200, 1935 ж. - 250, 1936 ж. — 420.1927 ж. радио орталық жұмысшы клу-бында және педагогикалық техникумда, сондай-ақ бірнеше жеке тұлғаларда болды, бұл үлкен жетістік еді.


Есіл өзені арқылы өтетін көпір салу белгіленді. Жобасы құрылып, қала бағына таман орын таңдалды. 1928 жылдың күзінен бастап алдын ала дайындық жұмыстары жасалды: өзен ағысы бойыншатік бұрышты 6 бағана орнатылып, сол жағалауға шарбақ тіреу қабырға қойылды, қадалар қағылды, топырақ үйіндісі арқылы көпір қойылды. Төңкеріске дейін-ақ өзеннің оң жағалауына биік қалқалар салынған еді, олар су шайып кетуден сақтайтын. 1929 ж. мамырда инспектор-инженер А.П.Булыгин Ақмола аймақтық жол бөлімінің технигі Купцовтың қатысуымен Есіл өзені арқылы көпір салу құрылысының жобасы бойынша инспекторлық тексеру жұмыстарын жүргізді.


1929

Қала 169 квартал мен 56 көшеге бөлінді, олардың жалпы ұзындығы 54 км-ді құрады, көшелердің ені 40 м шеңберінде болды. Әйтсе де қаланы толық жоспарлау тек 1937 ж. ғана аяқталды, 1935 жылға дейін қаланың нақты жоспары болған жоқ.


3 қараша — Ақмола-Бурабай темір жол желісінің құрылысы аяқталды, бұл күні Ақмолаға алғашқы пойыз келді.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Ұқсас материалдар