Қандастар Ассамблея

Астана - 1860-1893 жылдар аралығы

19.06.2014 4008
1860 - Ақмола елді мекенінде пошталық бөлім ашылды.

1860

Ақмола елді мекенінде пошталық бөлім ашылды.


1862

23 қазан — Сенат Ақмола мекенін аймақтық қала дәрежесінде тұрғызу туралы жарлық шығарды.


1863

16 шілде — Ақмола станицасына аймақтық қала дәрежесі берілді, оған арнайы Омбы қаласынан келген Сібір қырғыздары облысының әскери губернаторы Г.С.Фридерикс қатысты.


1863-1929

Иманжүсіп Құтпанұлының өмір сүрген жылдары.


1863

Ақмолада әйелдер училищесі ашылды.


1864-1919

Балуан Шолақтың (Нұрмағамбет Баймырзаұлы) өмір сүрген жылдары.


1864

Сібір қазақтары облысының Ақмола аймақтық қаласын колледж хатшысы Уфинцовтың алғашқы статистикалық суреттеуі.


1865

Ақмолаға А.Гейнстің келуі.


1868

21 қазан — Орталығы Омбы қаласы болған Ақмола облысының құрылуы. Ақмолаға уездік қала мәртебесі берілді. Осы жылы Ақмола облысының алғашқы елтаңбасы бекітілді.


1869-1916

Мақыш Қалтаевтың өмір сүрген жылдары.


1869

Ақмола приказын тарату.


1873

Ақмола қалалық Думасына алғашқы сайлау.


1874

25 мамыр — Ақмолада полициялық бақылау жүйесі енгізілді.


1876

Ақмола бекінісін тарату.


1878

Көкшетау - Атбасар - Ақмола телеграф желісін жүргізу.


1879

Ақмолада жергілікті әскери басшылық құрылды.


1880

Қаланы жоспарлау жүмысы жүргізіліп, алғашқы қала құрылысы жоспары бекітілді. Қалалық мұражайда 1880 жылғы қала жоспары сақталған. Ол жоспарда «Осы уақытқа дейін жоғарыдан бекітілген қала жоспары болмаған» деп жазылған. Қаланың одан кейінгі құрылысы жоспарға сай жүзеге асырылды.


1880

Бекініске жақын жерде аумағы 2,7 десятина солдат бағы отырғызылды.


1882

Қалаға алғашқы жер аударылғандар келді: Кутневский, Румянцев, Бейла Гурвич, Гусев, Лозовой, Прохоровский, Ендрушек, Брудневский, Романченко, Скоблев, Кузнецов, Бекарюков, Смирнов, өнертапқыш әрі авиақұрастырғыш А.Г. Уфимцев және т.б. Жер аударылғандар тұрғын пәтерлері үшін төлеуге айына 1 сом 50 тиыннан, сондай-ақ тәуліктік шығындар үшін: дворяндар 15 тиыннан, ал мещандар мен казактар 6 тиыннан алып тұрған.


1882-1885

Қаладағы саяси жер аударылғандар арасында болашақ Украина Ғылым Академиясының президенті А.А.Богомолецтің әкесі де болған. А. М. Богомолец чернигов дворяны әулетінен шыққан, Киев университетінде оқыған. «Киевте табылған қылмыстық үйірмелерге» қатысқаны үшін Батыс Сібірдің Ақмола қаласына үш жылға жер аударылған. Қалада ол медициналық тәжірибемен айналысқан. 1885 ж. өз қалауы бойынша Семейге ауыстырылған.

Дерекакөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Ұқсас материалдар