Қандастар Ассамблея

Мәдениет күндері

02.03.2013 2662
Орыс драма театрының ұжымы Санкт-Петербургте өткен «Ресейдегі кездесулер» атты ТМД және Балтық елдеріндегі орыс театрларының IX Халықаралық фестивалына қатысты. Театр ұжымының бір бөлігі Испанияда (Фуэнтэ-Вакерос қ.) өткен, Орыс тілі жылына арналған Дүниежүзілік конгрестің халықаралық фестивалында өнер көрсетіп қайтты. Қазіргі заман өнері мұражайында «Грузияның қазіргі замандағы өнері» атты көрме жұмыс істеді. «Ғасырлар әшекейі» атты көрме-саудаға Грузин мәдени мұраларының бірегей заттары шығарылды. Мәдениет күндері аясында «Саусақтар театры» атты театрландырылған көріністер ұйымдасты рылды. Сонымен қатар Ұлттық музыка академиясының орган залында Грузия астанасының «Биг-Бенд» оркестрінің концерті болып өтті. Астанадағы Тбилиси күндері В. Кикабидзе мен Н. Брегвадзенің гала-концертімен аяқталды. Астана мен Киевтің арасындағы 1998 жылы 11 маусым айында қол қойылған әріптестік туралы келісімді жүзеге асыру және 2007 жылы Украинада Қазақстан жылын өткізу туралы іс-шаралар Жоспарын орындау мақсатында қыркүйекте Киевте Астана қаласы күндері өткізілді. Еуропа жастарының Симфониялық оркестрі концертін Еуропа мен Қазақстанның арасындағы мәдени байланыстарды дамытудың маңызды сәті деп атауға болады. Оркестр дүние жүзіне танымал, атақты дирижер В. Ашкеназидің басқаруымен қазақ және Еуропа композиторларының шығармаларын орындады. Сондай-ақ Астанада Еуропа жастарының Симфониялық оркестрінің концерті болды. 120 музыканттан тұратын, Еуропа одағы-ның 27 елінде өнер көрсететін Жастар оркестрінің құрамына Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен ҚазҰМА-ның 4 жас музыканты қосылды. Беларусь мемлекеттік университетінде жазушы М.Шахановтың Минскінің шығармашылық интеллигенциясымен кездесуі болды. Кездесуде М. Шаханов өзінің беларусь тіліне аударылған «Жазалаушы жад космоформуласы» атты кітабымен таныстырды. «Астана – үшінші мыңжылдық қаласы» фотокөрмесі Беларусь Республикасы облыстарын жыл соңына дейін аралады. Астана кітапханаларын жаңа талапка сай жабдықтау, әсіресе халықаралық қарым-қатынас жүйесін жетілдіру шешімін табуда. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы (ҚРҰАК) халықаралық үкіметтік, қоғамдық, кәсіби ұйымдармен жіті байланыс жасап тұрады. ТМД елдері кітапханаларымен де байланыс жасау келісімі жасалған. Сахнаға шыққан актерлер Ф. Пюрнод және Л. Клерэ өздерінің рөлдегі әрекеттері арқылы драмалық өнерді, пантомимоны, акробатиканы, биді тамаша үйлестіре білді. М. Горький атындағы орыс драма театрында У. Шекспирдің «Гамлет» спектаклін Ресейдің аса танымал режиссері А. Каневский қойды. Аталған жобаның ерекшелігі – шет елдердегі орыс театрларына Орталықтың ұйымдастырушысы ретінде қолдау көрсетуі; үш бірдей театр мектептерінің қосылуы (режиссер А.Каневский – Мәскеу, суретші Б. Амансахатов – Ашхабад және қазақстандық – К. Мақсұтов). «Серпер» халық аспаптар оркестрлерінің халықаралық фестивалі Астана мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Орыс драма театрының ұжымы Санкт-Петербургте өткен «Ресейдегі кездесулер» атты ТМД және Балтық елдеріндегі орыс театрларының IX Халықаралық фестивалына қатысты. Театр ұжымының бір бөлігі Испанияда (Фуэнтэ-Вакерос қ.) өткен, Орыс тілі жылына арналған Дүниежүзілік конгрестің халықаралық фестивалында өнер көрсетіп қайтты. Қазіргі заман өнері мұражайында «Грузияның қазіргі замандағы өнері» атты көрме жұмыс істеді. «Ғасырлар әшекейі» атты көрме-саудаға Грузин мәдени мұраларының бірегей заттары шығарылды. Мәдениет күндері аясында «Саусақтар театры» атты театрландырылған көріністер ұйымдасты рылды. Сонымен қатар Ұлттық музыка академиясының орган залында Грузия астанасының «Биг-Бенд» оркестрінің концерті болып өтті. Астанадағы Тбилиси күндері В. Кикабидзе мен Н. Брегвадзенің гала-концертімен аяқталды. Астана мен Киевтің арасындағы 1998 жылы 11 маусым айында қол қойылған әріптестік туралы келісімді жүзеге асыру және 2007 жылы Украинада Қазақстан жылын өткізу туралы іс-шаралар Жоспарын орындау мақсатында қыркүйекте Киевте Астана қаласы күндері өткізілді. Еуропа жастарының Симфониялық оркестрі концертін Еуропа мен Қазақстанның арасындағы мәдени байланыстарды дамытудың маңызды сәті деп атауға болады. Оркестр дүние жүзіне танымал, атақты дирижер В. Ашкеназидің басқаруымен қазақ және Еуропа композиторларының шығармаларын орындады. Сондай-ақ Астанада Еуропа жастарының Симфониялық оркестрінің концерті болды. 120 музыканттан тұратын, Еуропа одағы-ның 27 елінде өнер көрсететін Жастар оркестрінің құрамына Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен ҚазҰМА-ның 4 жас музыканты қосылды. Беларусь мемлекеттік университетінде жазушы М.Шахановтың Минскінің шығармашылық интеллигенциясымен кездесуі болды. Кездесуде М. Шаханов өзінің беларусь тіліне аударылған «Жазалаушы жад космоформуласы» атты кітабымен таныстырды. «Астана – үшінші мыңжылдық қаласы» фотокөрмесі Беларусь Республикасы облыстарын жыл соңына дейін аралады. Астана кітапханаларын жаңа талапка сай жабдықтау, әсіресе халықаралық қарым-қатынас жүйесін жетілдіру шешімін табуда. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы (ҚРҰАК) халықаралық үкіметтік, қоғамдық, кәсіби ұйымдармен жіті байланыс жасап тұрады. ТМД елдері кітапханаларымен де байланыс жасау келісімі жасалған.

Сахнаға шыққан актерлер Ф. Пюрнод және Л. Клерэ өздерінің рөлдегі әрекеттері арқылы драмалық өнерді, пантомимоны, акробатиканы, биді тамаша үйлестіре білді. М. Горький атындағы орыс драма театрында У. Шекспирдің «Гамлет» спектаклін Ресейдің аса танымал режиссері А. Каневский қойды. Аталған жобаның ерекшелігі – шет елдердегі орыс театрларына Орталықтың ұйымдастырушысы ретінде қолдау көрсетуі; үш бірдей театр мектептерінің қосылуы (режиссер А.Каневский – Мәскеу, суретші Б. Амансахатов – Ашхабад және қазақстандық – К. Мақсұтов). «Серпер» халық аспаптар оркестрлерінің халықаралық фестивалі Астана мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Ұқсас материалдар