Қандастар Ассамблея

Тәуелсіздік алғаннан кейін

02.03.2013 2434
Республика тәуелсіздік алғаннан кейін облыстың халықаралық нарыққа шығу мүмкіндіктері кеңейтілді. Облыстың көптеген кәсіпорындары шет мемлекеттермен тікелей экономикалық байланысқа шықты, олардың арасында «Целинсельмаш» АҚ, «Казахсельмаш» зауыты және т.б. секілді экспортқа арналған өнімді жеткізуші ірі кәсіпорындар бар. Сыртқы экономикалық қызметтің негізгі нысаны бартерлік мәмілелер болып отыр. Франция, Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Нидерланды, Түркия, ҚХР және т.б. дамыған елдерге шығарылатын экспорт географиясы ұдайы кеңеюде. Шетелдік серіктестіктермен бірлескен кәсіпорындар құру сияқты сыртқы экономикалық қызметтің нысаны да серпінді дамып келеді. Шетелдік серіктестіктердің құрамы географиялық жағынан әр түрлі: АҚШ, Шығыс және Батыс Еуропа, Орталық Шығыс, Азия-Тынық мұхит өңірінің елдері. Астана қаласының сыртқы экономикалық қызметі Астананың дамуы жаңа елорданың экономика мен әлеуметтік-мәдени саладағы өзара катынас пен ынтымақтастықтың жетекші халықаралық орталықтары ретінде қалыптасуының есебінен қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта Астана қаласы мен алыс және жақын шетелдерінің 30 астанасы мен қалалары арасында ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы келісімдер, сенім-хаттамалары, осы бауырлас-қалалармен тығыз іскерлік байланыстар мен мәдени алмасулар ретке келтірілді. Киев, Минск, Мәскеу, Пекин, Тбилиси және Сеул қалаларының муниципалитетімен сыртқы экономикалық ынтымақтастық белсенді түрде жүзеге асырылуда. Бұдан басқа, шетелдік серіктестіктердің қатысуымен ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейту бағдарламалары іске асырылуда, сауда үйлері, бизнес орталықтары, қонақ үйлері мен тұрғын үй кешендері және т.б. салынуда. Астана қаласында алыс және жақын шетел компанияларының қатысуымен 842 бірлескен кәсіпорын, жобалаумен және құрылыспен айналысатын 1330 шетел кәсіпорны жұмыс істейді, олар өзара пайдалы сауданы реттеуге, елорданың кешенді құрылысына инвестиция тартуға көмектеседі. 2007 ж. алыс және жақын шетелдермен сыртқы сауда айналымы 8,6 млрд теңгеге жетті, оның ішінде, экспорт – 5,0 млрд АҚШ доллары, импорт 3,6 млрд АҚШ долларын құрады. 2007 жылы алыс және жақын шетелдерден түрлі делегациялардың қатысуымен 100 шамалы кездесу өткізілді. 2007 жылдың шілде айында «Астанадағы Тбилиси күндері» өткізілді, қыркүйекте «Украинадағы Қазақстан жылы» аясында «Киевтегі Астана күндері» ұйымдастырылды. Бүл іс-шаралар іскерлік және мәдени ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға мүмкіндік туғызады. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Республика тәуелсіздік алғаннан кейін облыстың халықаралық нарыққа шығу мүмкіндіктері кеңейтілді. Облыстың көптеген кәсіпорындары шет мемлекеттермен тікелей экономикалық байланысқа шықты, олардың арасында «Целинсельмаш» АҚ, «Казахсельмаш» зауыты және т.б. секілді экспортқа арналған өнімді жеткізуші ірі кәсіпорындар бар. Сыртқы экономикалық қызметтің негізгі нысаны бартерлік мәмілелер болып отыр. Франция, Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Нидерланды, Түркия, ҚХР және т.б. дамыған елдерге шығарылатын экспорт географиясы ұдайы кеңеюде. Шетелдік серіктестіктермен бірлескен кәсіпорындар құру сияқты сыртқы экономикалық қызметтің нысаны да серпінді дамып келеді. Шетелдік серіктестіктердің құрамы географиялық жағынан әр түрлі: АҚШ, Шығыс және Батыс Еуропа, Орталық Шығыс, Азия-Тынық мұхит өңірінің елдері. Астана қаласының сыртқы экономикалық қызметі Астананың дамуы жаңа елорданың экономика мен әлеуметтік-мәдени саладағы өзара катынас пен ынтымақтастықтың жетекші халықаралық орталықтары ретінде қалыптасуының есебінен қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта Астана қаласы мен алыс және жақын шетелдерінің 30 астанасы мен қалалары арасында ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы келісімдер, сенім-хаттамалары, осы бауырлас-қалалармен тығыз іскерлік байланыстар мен мәдени алмасулар ретке келтірілді. Киев, Минск, Мәскеу, Пекин, Тбилиси және Сеул қалаларының муниципалитетімен сыртқы экономикалық ынтымақтастық белсенді түрде жүзеге асырылуда. Бұдан басқа, шетелдік серіктестіктердің қатысуымен ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейту бағдарламалары іске асырылуда, сауда үйлері, бизнес орталықтары, қонақ үйлері мен тұрғын үй кешендері және т.б. салынуда. Астана қаласында алыс және жақын шетел компанияларының қатысуымен 842 бірлескен кәсіпорын, жобалаумен және құрылыспен айналысатын 1330 шетел кәсіпорны жұмыс істейді, олар өзара пайдалы сауданы реттеуге, елорданың кешенді құрылысына инвестиция тартуға көмектеседі. 2007 ж. алыс және жақын шетелдермен сыртқы сауда айналымы 8,6 млрд теңгеге жетті, оның ішінде, экспорт – 5,0 млрд АҚШ доллары, импорт 3,6 млрд АҚШ долларын құрады. 2007 жылы алыс және жақын шетелдерден түрлі делегациялардың қатысуымен 100 шамалы кездесу өткізілді. 2007 жылдың шілде айында «Астанадағы Тбилиси күндері» өткізілді, қыркүйекте «Украинадағы Қазақстан жылы» аясында «Киевтегі Астана күндері» ұйымдастырылды. Бүл іс-шаралар іскерлік және мәдени ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға мүмкіндік туғызады.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Ұқсас материалдар