Қандастар Ассамблея

Астана халықаралық фестивальдер мен конкурстар қаласы

02.03.2013 2422
Астана халықаралық фестивальдер мен конкурстар қаласына айналды. Әсіресе 2007 жылғы «Астана К7» кең таралған музыка халықаралық фестивалі мен Астанаға арналған әндердің тұсаукесер фестивалі жаңа жобаларды ерекше атауға болады. Музыка өнері саласындағы жүзеге асқан іс-шараларға орындаушылық шеберлік бойынша өткізілген фестивальдер жатады. 2007 ж. «Серпер» халық аспаптар оркестрі мен «Астана самалы» үрлемелі аспаптар оркестрлерінің фестивалі отті. «Серпер» музыкалық форумының мақсаты – халық фольклорлық музыкасын уағыздау, ұлттық музыка дәстүрін сақтау, тәжірибе алмасу, репертуар материалдары мен танысып, бір-бірімен қарым-қатынасты дамыту. Фестивальге Қазақстан және көршілес республикалардан 6 шығармашылық ұжым қатысты. Астанада жылына 8 халықаралық және 4 республикалық фестивальдер мен конкурстар өтіп тұрады. Дүние жүзіне аты мәлім жұлдыздардың қатысуымен өткізілетін концерттер санының ұлғаюы, ұжымдардың шығармашылық өсу деңгейін аңғартады. Бір ғана Мемлекеттік филармонияның Симфониялык оркестрі 2006-2007 ж. дүние жүзінен танымал дирижерлер мен солистер қатысқан 12 концерт берді. Қала мәдени өмірінде қалың копшілікке арналған «Ән-әуен жұмысы» концерттер циклі балалар мен жасөспірімдерге арнап Музыка академиясы ұйымдастыратын «Музыка әлеміне саяхат» музыкалық абонемент өткізу дәстүрге айналған. Астана тұрғындары мен оның қонақтарына «Жаңа қала, жаңа түйсік, жаңа өнер» айдарымен «Астана – даму, өнер оркендеу үстінде» атты жоғары өнер талғампаздарына арналған халықаралық көркемөнер симпозиумының ұйымдастырылуы баға жетпес сый болды. Симпозиум Астанада ғана емес, Қазақстан бойынша қанат жайды. Бұл шара қаланың ең маңызды мейрамы – Астана күніне арналды. Астана белгілі қылқалам шеберлерінің шығармашылық бас қосу орнына айналды, мұнда алуан мектептер мен бағыттар, стильдер мен дәстүрлер тоғысты. Симпозиумның басты идеясы – алуан мәдениеттер диалогі, суретшілер арасындағы халықаралық байланысты қайта жаңғыртып, оны дәстүрге айналдыру. Есімі әлемге әйгілі, шығармалары бүкіл адамзат игілігіне айналған айтулы шеберлер ашық аспан астындағы бір шеберханада бас косты. РФ Мемлекеттік сыйлығы лауреаты, белгілі суретші М. Шемякиннің симпозиумға қатысып, жеке көрме өткізуі үлкен жетістік болды. Шығармашылық бас қосуда М. Шемякинмен бірге Даниэль де Галегос (АҚШ), Ш.Г. Чаоине (Қытай), Р. Хейтих (Германия), Р. Клейер (Голландия), Д. Намдаков (Ресей) және т.б. өнерлерімен бөлісті; бұлардың арасында қазақстандық қылқалам шеберлері А. Сыдыханов, К. Муллашев, К. Баймолдин және т.б. болды. Симпозиум «Шежіре» казіргі өнер галереясында «Астана-Еуразия інжу-маржаны» қорытынды вернисажында өз жұмысын аяқтады. Симпозиум барысында дүниеге келген жұмыстар, керермендер төрелігіне қойылды. Дерккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Астана халықаралық фестивальдер мен конкурстар қаласына айналды. Әсіресе 2007 жылғы «Астана К7» кең таралған музыка халықаралық фестивалі мен Астанаға арналған әндердің тұсаукесер фестивалі жаңа жобаларды ерекше атауға болады. Музыка өнері саласындағы жүзеге асқан іс-шараларға орындаушылық шеберлік бойынша өткізілген фестивальдер жатады. 2007 ж. «Серпер» халық аспаптар оркестрі мен «Астана самалы» үрлемелі аспаптар оркестрлерінің фестивалі отті. «Серпер» музыкалық форумының мақсаты – халық фольклорлық музыкасын уағыздау, ұлттық музыка дәстүрін сақтау, тәжірибе алмасу, репертуар материалдары мен танысып, бір-бірімен қарым-қатынасты дамыту. Фестивальге Қазақстан және көршілес республикалардан 6 шығармашылық ұжым қатысты. Астанада жылына 8 халықаралық және 4 республикалық фестивальдер мен конкурстар өтіп тұрады. Дүние жүзіне аты мәлім жұлдыздардың қатысуымен өткізілетін концерттер санының ұлғаюы, ұжымдардың шығармашылық өсу деңгейін аңғартады. Бір ғана Мемлекеттік филармонияның Симфониялык оркестрі 2006-2007 ж. дүние жүзінен танымал дирижерлер мен солистер қатысқан 12 концерт берді. Қала мәдени өмірінде қалың копшілікке арналған «Ән-әуен жұмысы» концерттер циклі балалар мен жасөспірімдерге арнап Музыка академиясы ұйымдастыратын «Музыка әлеміне саяхат» музыкалық абонемент өткізу дәстүрге айналған.

Астана тұрғындары мен оның қонақтарына «Жаңа қала, жаңа түйсік, жаңа өнер» айдарымен «Астана – даму, өнер оркендеу үстінде» атты жоғары өнер талғампаздарына арналған халықаралық көркемөнер симпозиумының ұйымдастырылуы баға жетпес сый болды. Симпозиум Астанада ғана емес, Қазақстан бойынша қанат жайды. Бұл шара қаланың ең маңызды мейрамы – Астана күніне арналды. Астана белгілі қылқалам шеберлерінің шығармашылық бас қосу орнына айналды, мұнда алуан мектептер мен бағыттар, стильдер мен дәстүрлер тоғысты. Симпозиумның басты идеясы – алуан мәдениеттер диалогі, суретшілер арасындағы халықаралық байланысты қайта жаңғыртып, оны дәстүрге айналдыру. Есімі әлемге әйгілі, шығармалары бүкіл адамзат игілігіне айналған айтулы шеберлер ашық аспан астындағы бір шеберханада бас косты. РФ Мемлекеттік сыйлығы лауреаты, белгілі суретші М. Шемякиннің симпозиумға қатысып, жеке көрме өткізуі үлкен жетістік болды. Шығармашылық бас қосуда М. Шемякинмен бірге Даниэль де Галегос (АҚШ), Ш.Г. Чаоине (Қытай), Р. Хейтих (Германия), Р. Клейер (Голландия), Д. Намдаков (Ресей) және т.б. өнерлерімен бөлісті; бұлардың арасында қазақстандық қылқалам шеберлері А. Сыдыханов, К. Муллашев, К. Баймолдин және т.б. болды. Симпозиум «Шежіре» казіргі өнер галереясында «Астана-Еуразия інжу-маржаны» қорытынды вернисажында өз жұмысын аяқтады. Симпозиум барысында дүниеге келген жұмыстар, керермендер төрелігіне қойылды.

Дерккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Ұқсас материалдар