Қандастар Ассамблея

Астанада мәдениет мекемелерінің желісі құрылуы

02.03.2013 2803
Астанада мәдениет мекемелерінің желісі құрылған. Қалада жемісті еңбек етіп отырған жергілікті мәдени ошақтар қатарында: Мемлекеттік филармония, Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалы драма театры, М. Горький атындағы Орыс драма театры, Балалар мен жасөспірімдер театры, Конгресс-холл, «Жастар» сарайы. Қазіргі заман өнері мұражайы, С. Сейфуллин мұражайы, «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені, «Алжир» саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражай-мемориал кешені, «Наз» мемлекеттік халық биі театры, Астана балет компаниясы, Астаналық цирк, Орталықтандырылған кітапхана жүйесі және т.б. мекемелер бар. Республикалық деңгейдегі мекемелерден: Президенттік мәдениет орталығы, ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайы, К. Байсейітова атындағы Ұлттык опера және балет театры, Бейбітшілік және келісім сарайы, ҚР әл-Фараби атындағы Ұлттық академиялық кітапхана және т.б. халыққа қызмет етуде. Ал жеке меншік мәдениет ошақтарынан: «Самұрық» кинотеатр кешенін, «Арсенал», «Жаңаарқа» кинотеатрларын, көркемсурет галереяларын атауға болады. 2007 жылдың қарашасында қалада 61 мәдениет мекемелері мен кәсіпорындары (оның 53-і жергілікті) жұмыс істеді. 2006 жылмен салыстырғанда мәдениет ұйымдары желісі 9 мекемеге көбейді. Бұл халыққа мәдени қызмет көрсетудің үлкен тірек көзі болып саналады. 25-тен астам кәсіби шығармашылық ұжым құрылған, олар мәдени шараларын тартымды етіп ұйымдастыру барысында қыруар еңбек атқарып келеді. Шығармашылық ұжымдар репертуарын толықтыру, жаңарту саласында көп жұмыс атқарылды, олардың өзіндік орындау мәнері қалыптасты. Ұжымдармен шығармашылық жұмыс істеуге әлемге есімі мәлім өнер шеберлерін, филармония, музыкант-орындаушылар, артистерді шақыру дәстүрге айналған. 2006-2007 жылдар аралығында театрлар жаңа қойылымдарды сахнаға шығарды. Орыс драма театрының репертуары – У. Шекспирдің «Гамлеті», Сухово-Кобылиннің «Кречинскийдің үйлену тойы», Ж. Котконың «Адам даусы», А. Островскийдің «Бальзаминовтың үйленуі», А. Вампиловтың «Үйрек атуы», М. Угаровтың «ОбломОҒҒ», М. Әуезовтің «Абай жолы» романы бойынша «Естимін... Көрем...» сынды жаңа спектакльдермен толықты. Қазақ музыкалы-драма театрында Т. Ахтановтың «Күшік күйеу», Ш. Айтматовтың «Ақ кеме», У. Шекспирдің «Ромео мен Джульетта», А. Чеховтың «Ваня ағай», Дж. Патриктің «Қымбатты Пимпелла», М. Шахановтың «Желтоқсан рухы», Ә. Нұрпейісовтың «Қан мен тер» спектакльдерінің премьерасы болды. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Астанада мәдениет мекемелерінің желісі құрылған. Қалада жемісті еңбек етіп отырған жергілікті мәдени ошақтар қатарында: Мемлекеттік филармония, Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалы драма театры, М. Горький атындағы Орыс драма театры, Балалар мен жасөспірімдер театры, Конгресс-холл, «Жастар» сарайы. Қазіргі заман өнері мұражайы, С. Сейфуллин мұражайы, «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені, «Алжир» саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражай-мемориал кешені, «Наз» мемлекеттік халық биі театры, Астана балет компаниясы, Астаналық цирк, Орталықтандырылған кітапхана жүйесі және т.б. мекемелер бар. Республикалық деңгейдегі мекемелерден: Президенттік мәдениет орталығы, ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайы, К. Байсейітова атындағы Ұлттык опера және балет театры, Бейбітшілік және келісім сарайы, ҚР әл-Фараби атындағы Ұлттық академиялық кітапхана және т.б. халыққа қызмет етуде. Ал жеке меншік мәдениет ошақтарынан: «Самұрық» кинотеатр кешенін, «Арсенал», «Жаңаарқа» кинотеатрларын, көркемсурет галереяларын атауға болады. 2007 жылдың қарашасында қалада 61 мәдениет мекемелері мен кәсіпорындары (оның 53-і жергілікті) жұмыс істеді. 2006 жылмен салыстырғанда мәдениет ұйымдары желісі 9 мекемеге көбейді. Бұл халыққа мәдени қызмет көрсетудің үлкен тірек көзі болып саналады. 25-тен астам кәсіби шығармашылық ұжым құрылған, олар мәдени шараларын тартымды етіп ұйымдастыру барысында қыруар еңбек атқарып келеді. Шығармашылық ұжымдар репертуарын толықтыру, жаңарту саласында көп жұмыс атқарылды, олардың өзіндік орындау мәнері қалыптасты. Ұжымдармен шығармашылық жұмыс істеуге әлемге есімі мәлім өнер шеберлерін, филармония, музыкант-орындаушылар, артистерді шақыру дәстүрге айналған. 2006-2007 жылдар аралығында театрлар жаңа қойылымдарды сахнаға шығарды. Орыс драма театрының репертуары – У. Шекспирдің «Гамлеті», Сухово-Кобылиннің «Кречинскийдің үйлену тойы», Ж. Котконың «Адам даусы», А. Островскийдің «Бальзаминовтың үйленуі», А. Вампиловтың «Үйрек атуы», М. Угаровтың «ОбломОҒҒ», М. Әуезовтің «Абай жолы» романы бойынша «Естимін... Көрем...» сынды жаңа спектакльдермен толықты. Қазақ музыкалы-драма театрында Т. Ахтановтың «Күшік күйеу», Ш. Айтматовтың «Ақ кеме», У. Шекспирдің «Ромео мен Джульетта», А. Чеховтың «Ваня ағай», Дж. Патриктің «Қымбатты Пимпелла», М. Шахановтың «Желтоқсан рухы», Ә. Нұрпейісовтың «Қан мен тер» спектакльдерінің премьерасы болды.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Ұқсас материалдар