Тарихи ескерткіштер

02.03.2013 14440
Қазақстан астанасының сәулеті күн сайын артып келеді. Жаңа әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үй шоғырлары, сәулеті жарасқан мәдениет пен өнер мекемелері бой түзеуде, небір мүсіндік ескерткіштер қала сәнін аша түсуде. Астананың өткен тарихынан сыр шертетін, оның рухани әрі материалдық байлығы болып саналатын тарихи ескерткіштердің біразы қала тарихынан сыр шертумен бірге оған бай мазмұн беруде. Бүгінгі таңда Астанада 2 республикалық дәрежедегі ескерткіш, 31 жер гілікті дәрежедегі ескерткіш тіркелген. Кейінгі жылдары Астанада «Отан қорғаушылар» монументі, Төле би, Қазбек би, Әйтеке би монументі, Абай, Пушкин, Кенесары, Бөгенбай, Жамбыл, Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова ескерткіштері орнатылды. 2007 ж. Астана күні қарсаңында орнатылған «Астана жұлдызы», «Халықтар достығы» монументтері қала сәулетімен үндестік тапты. 2000 ж. ҚР Президентінің қолдауымен ҚР Президенттік Мәдениет орталығы шаңырақ көтерді. Оның құрамында мұражай, кітапхана, концерт залы жұмыс істейді. Мұражайдан ел тарихын бағзы заманнан бері қарай баяндайтын археологиялық, этнографиялық, ескерткіштер орын алған. Мұражайдағы құнды экспонаттың бірі 26 белгімен екі қатар руна (сына) жазуы жазылған күміс тостаған, сақ жазуынан сыр шертеді. Көшпенділердің материалдық және рухани мәдениетінен сыр шертетін экспонаттар «Қазақтардың этнографиясы» топтамасына жинақтастырылған. Ондағы орындалу шеберлігі мен асыл нақышы жағынан теңдесі жоқ сәукеле ерекше көз тартады (19 ғасырдың 2-жартысы). Мемлекеттік және қоғам қайраткері, белгілі өнер жанашыры И. Тасмағамбетовтың «Көшпенділердің бейнелеу мен киім-кешек әлеміндегі көркемөнер мәдениеті» атты жеке коллекциясы ғаламат тарихи әрі көркем құндылық туындылары санатынан орын алады. Негізінен, 18-20 ғ. аралығында дүниеге келген бұл өнер туындылары – сән және қосалқы өнер, сондай-ақ зергерлік өнердің аса нәзік те сиқырлы, баға жетпес бұйымдары. Жинақтаманың 17-18 ғасырдағы зергерлік бұйымдар қойылған түсы ерекше көз тартады, күміс, алтын жалатпа, асыл тастан көз салған зергерлік бұйымдар нақ шебер қолынан шыққандығын аңғартады. Көркемөнер туындыларының өз атауы, жасалу дәстүрі, шығу тегі белгілі, олар бейнелеу өнері тарихынан елеулі орын алады. Президенттік мәдениет орталығындағы кітапханада БҰҰ-ның депозитарлы кітапхана жасау жобасы жүзеге асырылған. Оның іске қосылуы БҰҰ-ның ең жедел ақпаратына, оның Бас Ассамблеясы, Қауіпсіздік Кеңесі отырысының материалдарына еркін қол жеткізуге мүмкіндік тудырды. Президенттік мәдениет орталығының концерт залы, қазақ ұлттық музыкасы шығармашылығының нағыз көшбасшысына айналды. Залдың акустикалық мүмкіндігіне қарай мұнда симфониялық музыка кештерін де өткізе беруге болады. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Қазақстан астанасының сәулеті күн сайын артып келеді. Жаңа әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үй шоғырлары, сәулеті жарасқан мәдениет пен өнер мекемелері бой түзеуде, небір мүсіндік ескерткіштер қала сәнін аша түсуде. Астананың өткен тарихынан сыр шертетін, оның рухани әрі материалдық байлығы болып саналатын тарихи ескерткіштердің біразы қала тарихынан сыр шертумен бірге оған бай мазмұн беруде. Бүгінгі таңда Астанада 2 республикалық дәрежедегі ескерткіш, 31 жер гілікті дәрежедегі ескерткіш тіркелген. Кейінгі жылдары Астанада «Отан қорғаушылар» монументі, Төле би, Қазбек би, Әйтеке би монументі, Абай, Пушкин, Кенесары, Бөгенбай, Жамбыл, Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова ескерткіштері орнатылды. 2007 ж. Астана күні қарсаңында орнатылған «Астана жұлдызы», «Халықтар достығы» монументтері қала сәулетімен үндестік тапты. 2000 ж. ҚР Президентінің қолдауымен ҚР Президенттік Мәдениет орталығы шаңырақ көтерді. Оның құрамында мұражай, кітапхана, концерт залы жұмыс істейді. Мұражайдан ел тарихын бағзы заманнан бері қарай баяндайтын археологиялық, этнографиялық, ескерткіштер орын алған. Мұражайдағы құнды экспонаттың бірі 26 белгімен екі қатар руна (сына) жазуы жазылған күміс тостаған, сақ жазуынан сыр шертеді. Көшпенділердің материалдық және рухани мәдениетінен сыр шертетін экспонаттар «Қазақтардың этнографиясы» топтамасына жинақтастырылған. Ондағы орындалу шеберлігі мен асыл нақышы жағынан теңдесі жоқ сәукеле ерекше көз тартады (19 ғасырдың 2-жартысы). Мемлекеттік және қоғам қайраткері, белгілі өнер жанашыры И. Тасмағамбетовтың «Көшпенділердің бейнелеу мен киім-кешек әлеміндегі көркемөнер мәдениеті» атты жеке коллекциясы ғаламат тарихи әрі көркем құндылық туындылары санатынан орын алады. Негізінен, 18-20 ғ. аралығында дүниеге келген бұл өнер туындылары – сән және қосалқы өнер, сондай-ақ зергерлік өнердің аса нәзік те сиқырлы, баға жетпес бұйымдары. Жинақтаманың 17-18 ғасырдағы зергерлік бұйымдар қойылған түсы ерекше көз тартады, күміс, алтын жалатпа, асыл тастан көз салған зергерлік бұйымдар нақ шебер қолынан шыққандығын аңғартады. Көркемөнер туындыларының өз атауы, жасалу дәстүрі, шығу тегі белгілі, олар бейнелеу өнері тарихынан елеулі орын алады. Президенттік мәдениет орталығындағы кітапханада БҰҰ-ның депозитарлы кітапхана жасау жобасы жүзеге асырылған. Оның іске қосылуы БҰҰ-ның ең жедел ақпаратына, оның Бас Ассамблеясы, Қауіпсіздік Кеңесі отырысының материалдарына еркін қол жеткізуге мүмкіндік тудырды. Президенттік мәдениет орталығының концерт залы, қазақ ұлттық музыкасы шығармашылығының нағыз көшбасшысына айналды. Залдың акустикалық мүмкіндігіне қарай мұнда симфониялық музыка кештерін де өткізе беруге болады.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Ұқсас материалдар