Қандастар Ассамблея

Опера және балет театры

02.03.2013 8031
Театрлардың ішіндегі ең жасы – Опера және балет театры, Астанада 2000 ж. шаңырақ көтерді. Бұл оқиға ҚР Президентінің Жарлығымен Мәдениетті колдау жылымен орайлас шешім тапты. Театрға К. Байсейітованың есімі, сонымен бірге «ұлттық» статусы берілді. Театр тұңғыш спектаклін М. Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсымен бастады. Оның артистер құрамы Қазак Ұлттық музыка академиясы, Қазақтың ұлттық консерваториясы, Алматы хореография училищесі түлектерінен және де болашағы зор дарынды артистер мен тәжірибелі сахна шеберлерінен қалыптасты. Әлемдік опера классикасы маржандарын сахнаға шығару үшін театрға белгілі өнер шеберлері, Ресейдің еңбек сіңірген қайраткерлері режиссер-қоюшы Ю. Александров пен суретші-қоюшы В. Окунев шақырылды. «Ұлттық» деген статусты биік деңгейде ұстау үшін театрға ұдайы және тез өсу қажет еді. Сондықтан қоюшылар әр дәуір мен стильдерді қамтитын спектакльдерге тоқталды. Уақыт өте келе танымал өнер шеберлерінің толассыз еңбегі өз жемісін берді, театр аз уақыт ішінде қалыптасып, аяғынан нықтұрды. Театрдың алғашқы қойылымдары оның болашақ репертуарының негізін құрады, ал осы спектакльдерде ойнаған солистер қалыптасқан вокал труппасының ұйтқысына айналды. Опера труппасы солистерінің есімі таныла бастады. Ж. Бақтай, А. Ниязова, Б. Момбеков, М. Дворецкая, Ж. Шыбыкбаев, К. Асамбаев, Б. Бекишев және басқаларды опера сахнасының толысқан шеберлері деп атауға болады. 2004 ж. Ұлттық театрда тамаша бастама жүзеге асты. Е. Рахмадиевтің «Қамар сұлу» операсы жазылған компакт диск шығарылды. Бұл ұлттық опера классикасы інжу-маржандарын дискіге жазудың алтын сериясын бастап берді. Театрдың балет труппасы Қазақстан хореография өнерінің тарихымен тығыз байланысты. Отандық балеттің қалыптасуы мен даму тарихы Қазақстан хореографиясының ірі өкілі, халық артисі 3. Райбаев пен аты әлемге мәшһүр балетмейстер, халық артисі Б. Аюхановтың есімдерімен бірге аталады. Театр бале труппасының биік өресі, алғашқы кездің өзінде танымал шетел хореографтарының назарын аударды. Театр Г. Құрманғожаев, Г. Кауков, Г. Усина, А. Спатаев, У. Құлбеков, А. Асанов және т.б. дарынды жастарға мол сенім артады, олар балет спектакльдерінде бас партияларды асқан шеберлікпен орындауымен көрермен ілтипатына бөленіп отыр. Ұлттық театр репертуарынан 20-ға тарта спектакль (балеттен – П. Чайковскийдің «Аққу көлі» мен «Шаттану» Л. Минкустың «Дон Кихоты», А. Адамның «Жизелі», Б. Асафьевтің «Бақшасарай фонтаны», операдан – Дж. Вердидің «Травиатасы», Е. Брусиловсийдің «Қыз Жібегі», Дж. Пуччинидің «Чио-Чио-Саны», П. Чайковскийдің «Евгений Онегині» және т.б.) орын алған. Ұлттық театр ұжымы өзі жұмыс істеген аз жыл ішінде Қазақстан музыка театрының дәстүрін шығармашылықпен игеріп, халықаралық театр үрдісіне терезесі тең деңгейде араласуға ұмтылуда. Театр 2004 ж. музыкалық театрлар халықаралық ассоциациясы кұрамына кірді, бұл оның жоғары кәсіби деңгейін және шетел театрының бірлесіп қызмет істеуге деген ықыласын білдіреді. Қазақ ұлттық хореографиясының дамуына өз үлесін қосып келе жатқан ұжымның бірі - «Наз» халық биі театры. Ол алғаш 1999 ж. Мемлекеттік филармонияның «Наз» халық биі ансамблі ретінде құрылды. Оның бишілері Алматы хореография училищесінің да-рынды түлектері еді. Ұжым аянбай еңбек етудің арқасында биік кәсіби деңгейге көтеріліп, өз Отанында ғана танылып қоймай, алыс-жақын шетел сахналарында (Ресей, Түркия, Қытай, Корея, Франция, т.б.) өнер көрсетті. «Наз» халық биі ансамблі 2005 ж. «Тұйғындар» атты тарихи спектальді көрермендер назарына ұсынды. Ұжымның бір жылға тарта әзірлеген осынау үлкен жобасы тарихи-тұрмыстық хореография тілінде Қазақстанда алғаш жүзеге асқан еңбек болды. Спектакльдің бастан аяқ дайындалу барысында тарихи аспектілер жөнінен белгілі қазақ түріктанушысы К. Сартқожаұлы кеңес беріп отырды. Спектакль премьерасы Астанада үлкен жетістікпен өтті. 2006 жылы Алматыдағы Абай атындағы Академиялық опера және балет театры сахнасынан көрсетілді. 2007 ж. ұжым Мемлекеттік филармония құрамынан жеке бөлініп. «Наз мемлекеттік халық биі театры атанды. 2007 ж. 4 шілдеде Астана бүлдіршіндеріне, сондай-ақ республикадағы балалар театры жанашырларына тамаша сын тартылды. Балалар мен жасөспірімдер театры дүниеге келді. Жаңа театрда театрлық-көрініс өнерінің екі түрі – драмалық және қуыршақ ойыны тоғысты. Аз уақыт ішінде театр өз репертуарын қазақ аңыз-ертегісі негізіндегі «Махаббат дастаны». Н. Гогольдің «Ревизоры», Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», Ш. Айтматовтың «Жан азабы» сынды спектакльдерімен толықтырды. Балабақша көрермендеріне Д. Бейсенбаевтың «Қайырымды көршілер» атты қуыршақ спектаклі ұсынылды. Сонымен қатар театр репертуарынан «Мұны салған мен» атты эксперименттік қуыршақ балеті спектаклі орын алған. Театрдың бас директоры театр және кино артисі Ғ. Құлжанов, көркемдік жетекшісі – ҚР халық артисі Т. Мейрамов. Дреккөзі; АСТАНА энциклопедиясы

Театрлардың ішіндегі ең жасы – Опера және балет театры, Астанада 2000 ж. шаңырақ көтерді. Бұл оқиға ҚР Президентінің Жарлығымен Мәдениетті колдау жылымен орайлас шешім тапты. Театрға К. Байсейітованың есімі, сонымен бірге «ұлттық» статусы берілді. Театр тұңғыш спектаклін М. Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсымен бастады. Оның артистер құрамы Қазак Ұлттық музыка академиясы, Қазақтың ұлттық консерваториясы, Алматы хореография училищесі түлектерінен және де болашағы зор дарынды артистер мен тәжірибелі сахна шеберлерінен қалыптасты. Әлемдік опера классикасы маржандарын сахнаға шығару үшін театрға белгілі өнер шеберлері, Ресейдің еңбек сіңірген қайраткерлері режиссер-қоюшы Ю. Александров пен суретші-қоюшы В. Окунев шақырылды. «Ұлттық» деген статусты биік деңгейде ұстау үшін театрға ұдайы және тез өсу қажет еді. Сондықтан қоюшылар әр дәуір мен стильдерді қамтитын спектакльдерге тоқталды. Уақыт өте келе танымал өнер шеберлерінің толассыз еңбегі өз жемісін берді, театр аз уақыт ішінде қалыптасып, аяғынан нықтұрды. Театрдың алғашқы қойылымдары оның болашақ репертуарының негізін құрады, ал осы спектакльдерде ойнаған солистер қалыптасқан вокал труппасының ұйтқысына айналды. Опера труппасы солистерінің есімі таныла бастады. Ж. Бақтай, А. Ниязова, Б. Момбеков, М. Дворецкая, Ж. Шыбыкбаев, К. Асамбаев, Б. Бекишев және басқаларды опера сахнасының толысқан шеберлері деп атауға болады. 2004 ж. Ұлттық театрда тамаша бастама жүзеге асты. Е. Рахмадиевтің «Қамар сұлу» операсы жазылған компакт диск шығарылды. Бұл ұлттық опера классикасы інжу-маржандарын дискіге жазудың алтын сериясын бастап берді. Театрдың балет труппасы Қазақстан хореография өнерінің тарихымен тығыз байланысты. Отандық балеттің қалыптасуы мен даму тарихы Қазақстан хореографиясының ірі өкілі, халық артисі 3. Райбаев пен аты әлемге мәшһүр балетмейстер, халық артисі Б. Аюхановтың есімдерімен бірге аталады. Театр бале труппасының биік өресі, алғашқы кездің өзінде танымал шетел хореографтарының назарын аударды. Театр Г. Құрманғожаев, Г. Кауков, Г. Усина, А. Спатаев, У. Құлбеков, А. Асанов және т.б. дарынды жастарға мол сенім артады, олар балет спектакльдерінде бас партияларды асқан шеберлікпен орындауымен көрермен ілтипатына бөленіп отыр. Ұлттық театр репертуарынан 20-ға тарта спектакль (балеттен – П. Чайковскийдің «Аққу көлі» мен «Шаттану» Л. Минкустың «Дон Кихоты», А. Адамның «Жизелі», Б. Асафьевтің «Бақшасарай фонтаны», операдан – Дж. Вердидің «Травиатасы», Е. Брусиловсийдің «Қыз Жібегі», Дж. Пуччинидің «Чио-Чио-Саны», П. Чайковскийдің «Евгений Онегині» және т.б.) орын алған. Ұлттық театр ұжымы өзі жұмыс істеген аз жыл ішінде Қазақстан музыка театрының дәстүрін шығармашылықпен игеріп, халықаралық театр үрдісіне терезесі тең деңгейде араласуға ұмтылуда. Театр 2004 ж. музыкалық театрлар халықаралық ассоциациясы кұрамына кірді, бұл оның жоғары кәсіби деңгейін және шетел театрының бірлесіп қызмет істеуге деген ықыласын білдіреді. Қазақ ұлттық хореографиясының дамуына өз үлесін қосып келе жатқан ұжымның бірі - «Наз» халық биі театры. Ол алғаш 1999 ж. Мемлекеттік филармонияның «Наз» халық биі ансамблі ретінде құрылды. Оның бишілері Алматы хореография училищесінің да-рынды түлектері еді. Ұжым аянбай еңбек етудің арқасында биік кәсіби деңгейге көтеріліп, өз Отанында ғана танылып қоймай, алыс-жақын шетел сахналарында (Ресей, Түркия, Қытай, Корея, Франция, т.б.) өнер көрсетті. «Наз» халық биі ансамблі 2005 ж. «Тұйғындар» атты тарихи спектальді көрермендер назарына ұсынды. Ұжымның бір жылға тарта әзірлеген осынау үлкен жобасы тарихи-тұрмыстық хореография тілінде Қазақстанда алғаш жүзеге асқан еңбек болды. Спектакльдің бастан аяқ дайындалу барысында тарихи аспектілер жөнінен белгілі қазақ түріктанушысы К. Сартқожаұлы кеңес беріп отырды. Спектакль премьерасы Астанада үлкен жетістікпен өтті. 2006 жылы Алматыдағы Абай атындағы Академиялық опера және балет театры сахнасынан көрсетілді. 2007 ж. ұжым Мемлекеттік филармония құрамынан жеке бөлініп. «Наз мемлекеттік халық биі театры атанды. 2007 ж. 4 шілдеде Астана бүлдіршіндеріне, сондай-ақ республикадағы балалар театры жанашырларына тамаша сын тартылды. Балалар мен жасөспірімдер театры дүниеге келді. Жаңа театрда театрлық-көрініс өнерінің екі түрі – драмалық және қуыршақ ойыны тоғысты. Аз уақыт ішінде театр өз репертуарын қазақ аңыз-ертегісі негізіндегі «Махаббат дастаны». Н. Гогольдің «Ревизоры», Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», Ш. Айтматовтың «Жан азабы» сынды спектакльдерімен толықтырды. Балабақша көрермендеріне Д. Бейсенбаевтың «Қайырымды көршілер» атты қуыршақ спектаклі ұсынылды. Сонымен қатар театр репертуарынан «Мұны салған мен» атты эксперименттік қуыршақ балеті спектаклі орын алған. Театрдың бас директоры театр және кино артисі Ғ. Құлжанов, көркемдік жетекшісі – ҚР халық артисі Т. Мейрамов.

Дреккөзі; АСТАНА энциклопедиясы

Ұқсас материалдар