Қандастар Ассамблея

Некеге тұру көрсеткіші

02.03.2013 3337
Ең бірінші назар аударатын мәселе некеге отыру көрсеткішінің өскендігі. Астана қаласында 2002 ж. 2429 неке қиылса, бұл көрсеткіш төрт жыл ішінде екі есеге өсіп, 2006 ж. 4690-ға жетті. Астана қаласындағы некеге отыру мөлшері республикадағы деңгейден өзгеше. Бұл жерде көші-қон уақыты кезінде кейінге қалдырылған некелер туралы да сөз болып отыр. Астанадағы айрылысу саны республикалық деңгейдегімен шамалас. Ауылдық жерге қарағанда калалы жерде айрылысудың көп болатындығын көрсетеді. Некеге отыратындардың орта жасы жалпы республикалық көрсеткішпен бірдей. Бұл жерде бірінші рет заңды некеге отыратындардың жас мөлшерінің жасара бастағанын корсетеді. Егер де әлемнің басқа да астаналарындағы некеге отырумен салыстырсақ, біз батыс мегаполистерге емес (Батыс Еуропа астаналары және АҚШ), шығыс полюстерге жақынырақ келеміз. Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес батыс елдерде бірінші рет некеге отыру шамамен 36-45 жас аралығында жүзеге асады. Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, соңғы он жылдың көлемінде Астанада перзентті болу көрсеткіші өсіп келеді. Бұл Астана тұрғындары санының өсуіне көші-қонмен бірге табиғи көбею үрдісінің әсері маңызды болып келе жатқандығын көрсетеді. Егер перзентті болу коэффициенті Астанада 2002 ж. 11,2 пайыз болса, 2003 ж. - 12,7; 2004 ж. - 15,4; 2005 ж. -16,7; 2006 ж. 17,8 пайызға жетті. Мысалы, Астанада 2002 ж. 5585 сәби дүниеге келсе, 2006 ж. оның саны екі есеге артып, 10026 сәби дүниеге келді. Сонымен қатар 1990 жылдардың басындағы бүкіл республика көлемінде орын алған әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың барысында сәбилердің дүниеге келу көрсеткіші төмендеді. Бір жағынан, сол олқылық орындарын толтыру үрдісінің жүріп жатқаны байқалады. Балалардың туу көрсеткішінің өсуіне екінші бір себеп – орныққан орта топтың пайда болуы. Бұл жерде аталған әлеуметтік ортаның экономикалык мүмкіндіктері мен әлеуметтік-мәдени құндылықтарының артуымен түсіндіруге болады. Астанада дүниеге келгендер саны кайтыс болғандар санынан әлдеқайда көп. Қайтыс болғандардың жынысына және жасына жасалған сараптама бойынша 2006 жылғы дүниеден өткен 1464 адамның 968-і еңбек жасынан асып кеткендер болған. Жұмысқа жарамды адамдардың дүниеден өтуі байқалады. Өлімге табиғи себептерден басқа құрылыс саласындағы келеңсіздіктердің де әсер еткенін байқауға болады. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Ең бірінші назар аударатын мәселе некеге отыру көрсеткішінің өскендігі. Астана қаласында 2002 ж. 2429 неке қиылса, бұл көрсеткіш төрт жыл ішінде екі есеге өсіп, 2006 ж. 4690-ға жетті. Астана қаласындағы некеге отыру мөлшері республикадағы деңгейден өзгеше. Бұл жерде көші-қон уақыты кезінде кейінге қалдырылған некелер туралы да сөз болып отыр. Астанадағы айрылысу саны республикалық деңгейдегімен шамалас. Ауылдық жерге қарағанда калалы жерде айрылысудың көп болатындығын көрсетеді. Некеге отыратындардың орта жасы жалпы республикалық көрсеткішпен бірдей. Бұл жерде бірінші рет заңды некеге отыратындардың жас мөлшерінің жасара бастағанын корсетеді. Егер де әлемнің басқа да астаналарындағы некеге отырумен салыстырсақ, біз батыс мегаполистерге емес (Батыс Еуропа астаналары және АҚШ), шығыс полюстерге жақынырақ келеміз. Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес батыс елдерде бірінші рет некеге отыру шамамен 36-45 жас аралығында жүзеге асады.

Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, соңғы он жылдың көлемінде Астанада перзентті болу көрсеткіші өсіп келеді. Бұл Астана тұрғындары санының өсуіне көші-қонмен бірге табиғи көбею үрдісінің әсері маңызды болып келе жатқандығын көрсетеді. Егер перзентті болу коэффициенті Астанада 2002 ж. 11,2 пайыз болса, 2003 ж. - 12,7; 2004 ж. - 15,4; 2005 ж. -16,7; 2006 ж. 17,8 пайызға жетті. Мысалы, Астанада 2002 ж. 5585 сәби дүниеге келсе, 2006 ж. оның саны екі есеге артып, 10026 сәби дүниеге келді. Сонымен қатар 1990 жылдардың басындағы бүкіл республика көлемінде орын алған әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың барысында сәбилердің дүниеге келу көрсеткіші төмендеді. Бір жағынан, сол олқылық орындарын толтыру үрдісінің жүріп жатқаны байқалады. Балалардың туу көрсеткішінің өсуіне екінші бір себеп – орныққан орта топтың пайда болуы. Бұл жерде аталған әлеуметтік ортаның экономикалык мүмкіндіктері мен әлеуметтік-мәдени құндылықтарының артуымен түсіндіруге болады. Астанада дүниеге келгендер саны кайтыс болғандар санынан әлдеқайда көп. Қайтыс болғандардың жынысына және жасына жасалған сараптама бойынша 2006 жылғы дүниеден өткен 1464 адамның 968-і еңбек жасынан асып кеткендер болған. Жұмысқа жарамды адамдардың дүниеден өтуі байқалады. Өлімге табиғи себептерден басқа құрылыс саласындағы келеңсіздіктердің де әсер еткенін байқауға болады.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы