Қандастар Ассамблея

Оркестрлер

01.03.2013 2972
Астанадағы «Солистер академиясы» оркестрі құрамында, орындаушылық шеберліктері ғажайып, дыбыс палитрасы ауқымы кең, ансамбль бірлігін тамаша сезінетін және камералық музыка үндестігінің дүниежүзілік озық дәстүрін жете меңгерген халықаралық конкурс жүлдегерлері – кәсіби шеберлігі жоғары музыканттар жүмыс істейді. Оркестр әр дәуір мен алуан стиль шығармаларын орындайды, барокко классикалық және заманауи музыканы интерпретациялау шеберлігін жетік меңгерген. Оның репертуарынан ұлттық музыка, қазіргі қазак композиторларының шығармалары, сондай-ақ оркестрге арнап өңделген халық әндері мен күйлері орын алған. Оркестрдің концерттік және гастрольдік аясы да кең, ол Қазақстанның музыка онерін, оның орындаушылық дәстүрін Ұлыбритания, Австрия, Франция, Германия, АҚШ, Египет, Ресей және басқа елдерде де уағыздап келеді. Ұжым дүние жүзіне есімі мәлім өнер шеберлерімен шығармашылық қарым-қатынас орнатқан, оның қатарында: Ресей (В. Спиваков, В. Третьяков, М. Плетнев, И. Гаврыш, Э. Грач, Р. Агаронян, В. Сараджан), Австрия (Г. Винишхофер, Д. Шварцберг),  Израиль (М. Кугель, А. Левитан), Германия (К. Блахер), АҚШ (М. Масчадри, А. Слободяник) және т.б. елдердің өкілдері бар. Дүние жүзіне белгілі дирижерлер И. Сук (Чехия), В. Чапек (Австрия), Э. Шмидер (АҚШ), Ю. фон Бертоли (Германия), В. Федосеев, К. Орбелян (Ресей) оркестрге дирижерлік етті. Ұжым концерттерінің бағдарламасы алуан мазмұндылығымен, күрделі партитураларды жете түсінуімен, сонымен қатар пайымдауының айқын да түсінікті болуымен ерекшеленеді. Астанадағы танымал шығармашылық ұжымның бірі – Г. Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті. Квартет алғаш 1988 жылы А. Жұбанов атындағы Алматы музыка мектебінде ұйымдасты. Бұл музыканттардың шығармашылық бірлестікке деген алғашқы қадамы болатын. 1998 жылы квартет Астанаға қоныс аударды. Астанадағы толассыз еңбек квартет ұжымының шыңдала түсуіне жол ашты. Ол халықаралық конкурстардың бірнеше мәрте жүлдегері атанды («Шабыт», 2001; Франция, Италия, 2001; Ресей, 2001, 2002, 2004; Жапония, 2005; Испания, 2005, т.б.). Оркестр Ресейдің Бородин атындағы Мемлекеттік квартетінің жетекшісі, белгілі музыкант В.А. Берлинскиймен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Ежелгі қазақ музыкасын шебер орындауымен көрермен құрметіне бөленген ұжымның бірі – «Ақорда» фольклорлық ансамблі. Ансамбль 1998 ж. құрылды. Ансамбльде шаңқобыз, қылқобыз, сазсырнай, жетіген, шертер, дабыл, асатаяқ секілді қазақтың ежелден келе жатқан музыка аспаптары қолданылады. Ансамбль 1999 ж. Францияда өткен фольклорлық шығармалардың халықаралық фестиваліне қатысып, алтын медальді жеңіп алды. Оның репертуарынан қазақтың ән және күй өнерінің алуан айшықты туындылары орын алған. 2003 ж. Астанада: «Астана Д Аккордо музыкасы» камералық музыка ансамблі (жетекшісі – халықаралық конкурстар жүлдегері В. Өзбеков), «Астана-Брасс» үрлемелі мыс аспаптар квинтеті (жетекшісі Бүкілодақтық конкурс жүлдегері С. Жоров) шаңырақ көтерді. Сондай-ақ Мемлекеттік филармония құрамында Үрлемелі аспаптар оркестрі, классикалық, халық музыкасы және эстрада жанрының солист-вокалистерінің концерттік бөлімі, хореография ұжымдары – «Ведетт» қазіргі заман биі ансамблі және «Шалқыма» халық биі ансамблі жұмыс істейді. Астана қаласының музыка өнері аясындагы елеулі оқиғаның бірі 1998 ж. ҚР Президентінің қолдауымен Қазақ Ұлттық музыка академиясының ашылуы болды. Академия аз уақыттың ішінде жер-жерден шығармашылық дарын иелерін өзіне тарта білген және әлемдік музыка мен қазақ музыкасын кең ауқымда уағыздауды жүзеге асырған болашағы зор білім, мәдени-ағарту орталығына айналды. Астанаға әлемнің танымал музыканттары, белгілі өнер шеберлері ат басын бұра бастады. 1998 жылдың наурызынан бастап Астанада Марчелло Аббадо (Италия), П. Субризи (Италия), Г. Винишхофер (Вена), Фольке-Шмидт Гертенбах (Германия), Рин Йонг-Янг (Корея), В. Чапек (Австрия), С. Акчил (Түркия), А. Левитан (Израиль) сынды консерватория профессорлары мен жеке орындаушылар өнер көрсетті. Академия қабырғасынан қазақ және орыс халық аспаптар оркестрі, фольклорлық ансамбль, «Назерке» қобызшылар ансамблі, домбырашылар ансамблі, виоленшілер ансамблі, орыс халық аспаптар квинтеті өсіп жетілді. «Каприччио» скрипкашылар ансамблі, «Айсәуле» бүлдіршін скрипкашылар ансамблі, «Илигай» балалар хорының есімі Италия, Түркия, Санкт-Петербургке дейін мәлім болды. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Астанадағы «Солистер академиясы» оркестрі құрамында, орындаушылық шеберліктері ғажайып, дыбыс палитрасы ауқымы кең, ансамбль бірлігін тамаша сезінетін және камералық музыка үндестігінің дүниежүзілік озық дәстүрін жете меңгерген халықаралық конкурс жүлдегерлері – кәсіби шеберлігі жоғары музыканттар жүмыс істейді. Оркестр әр дәуір мен алуан стиль шығармаларын орындайды, барокко классикалық және заманауи музыканы интерпретациялау шеберлігін жетік меңгерген. Оның репертуарынан ұлттық музыка, қазіргі қазак композиторларының шығармалары, сондай-ақ оркестрге арнап өңделген халық әндері мен күйлері орын алған. Оркестрдің концерттік және гастрольдік аясы да кең, ол Қазақстанның музыка онерін, оның орындаушылық дәстүрін Ұлыбритания, Австрия, Франция, Германия, АҚШ, Египет, Ресей және басқа елдерде де уағыздап келеді. Ұжым дүние жүзіне есімі мәлім өнер шеберлерімен шығармашылық қарым-қатынас орнатқан, оның қатарында: Ресей (В. Спиваков, В. Третьяков, М. Плетнев, И. Гаврыш, Э. Грач, Р. Агаронян, В. Сараджан), Австрия (Г. Винишхофер, Д. Шварцберг),  Израиль (М. Кугель, А. Левитан), Германия (К. Блахер), АҚШ (М. Масчадри, А. Слободяник) және т.б. елдердің өкілдері бар. Дүние жүзіне белгілі дирижерлер И. Сук (Чехия), В. Чапек (Австрия), Э. Шмидер (АҚШ), Ю. фон Бертоли (Германия), В. Федосеев, К. Орбелян (Ресей) оркестрге дирижерлік етті. Ұжым концерттерінің бағдарламасы алуан мазмұндылығымен, күрделі партитураларды жете түсінуімен, сонымен қатар пайымдауының айқын да түсінікті болуымен ерекшеленеді.

Астанадағы танымал шығармашылық ұжымның бірі – Г. Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті. Квартет алғаш 1988 жылы А. Жұбанов атындағы Алматы музыка мектебінде ұйымдасты. Бұл музыканттардың шығармашылық бірлестікке деген алғашқы қадамы болатын. 1998 жылы квартет Астанаға қоныс аударды. Астанадағы толассыз еңбек квартет ұжымының шыңдала түсуіне жол ашты. Ол халықаралық конкурстардың бірнеше мәрте жүлдегері атанды («Шабыт», 2001; Франция, Италия, 2001; Ресей, 2001, 2002, 2004; Жапония, 2005; Испания, 2005, т.б.). Оркестр Ресейдің Бородин атындағы Мемлекеттік квартетінің жетекшісі, белгілі музыкант В.А. Берлинскиймен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді.

Ежелгі қазақ музыкасын шебер орындауымен көрермен құрметіне бөленген ұжымның бірі – «Ақорда» фольклорлық ансамблі. Ансамбль 1998 ж. құрылды. Ансамбльде шаңқобыз, қылқобыз, сазсырнай, жетіген, шертер, дабыл, асатаяқ секілді қазақтың ежелден келе жатқан музыка аспаптары қолданылады. Ансамбль 1999 ж. Францияда өткен фольклорлық шығармалардың халықаралық фестиваліне қатысып, алтын медальді жеңіп алды. Оның репертуарынан қазақтың ән және күй өнерінің алуан айшықты туындылары орын алған. 2003 ж. Астанада: «Астана Д Аккордо музыкасы» камералық музыка ансамблі (жетекшісі – халықаралық конкурстар жүлдегері В. Өзбеков), «Астана-Брасс» үрлемелі мыс аспаптар квинтеті (жетекшісі Бүкілодақтық конкурс жүлдегері С. Жоров) шаңырақ көтерді. Сондай-ақ Мемлекеттік филармония құрамында Үрлемелі аспаптар оркестрі, классикалық, халық музыкасы және эстрада жанрының солист-вокалистерінің концерттік бөлімі, хореография ұжымдары – «Ведетт» қазіргі заман биі ансамблі және «Шалқыма» халық биі ансамблі жұмыс істейді. Астана қаласының музыка өнері аясындагы елеулі оқиғаның бірі 1998 ж. ҚР Президентінің қолдауымен Қазақ Ұлттық музыка академиясының ашылуы болды. Академия аз уақыттың ішінде жер-жерден шығармашылық дарын иелерін өзіне тарта білген және әлемдік музыка мен қазақ музыкасын кең ауқымда уағыздауды жүзеге асырған болашағы зор білім, мәдени-ағарту орталығына айналды. Астанаға әлемнің танымал музыканттары, белгілі өнер шеберлері ат басын бұра бастады. 1998 жылдың наурызынан бастап Астанада Марчелло Аббадо (Италия), П. Субризи (Италия), Г. Винишхофер (Вена), Фольке-Шмидт Гертенбах (Германия), Рин Йонг-Янг (Корея), В. Чапек (Австрия), С. Акчил (Түркия), А. Левитан (Израиль) сынды консерватория профессорлары мен жеке орындаушылар өнер көрсетті. Академия қабырғасынан қазақ және орыс халық аспаптар оркестрі, фольклорлық ансамбль, «Назерке» қобызшылар ансамблі, домбырашылар ансамблі, виоленшілер ансамблі, орыс халық аспаптар квинтеті өсіп жетілді. «Каприччио» скрипкашылар ансамблі, «Айсәуле» бүлдіршін скрипкашылар ансамблі, «Илигай» балалар хорының есімі Италия, Түркия, Санкт-Петербургке дейін мәлім болды.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы