Қандастар Ассамблея

Мемлекеттік филармонияның қалыптасуы

01.03.2013 2513
Қазақ халқының рухани-мәдени өмірінен әншілік, күйшілік, өнер елеулі орын алады. Ақмола-Қараөткел өңірін ән мен жырға бөлеген суырып салма ақындар мен термеші-жыршылар шығармалары негізінен ел аузында сақталып келді. Белгілі бір оқиғаға байланысты туған шығармалар атадан балаға ән немесе күй түрінде жетіп отырды. Халық әні, халық күйі атанып кеткен осынау інжу-маржан туындылардың төл иесі фольклорды зерттеушілердің хатқа түсіруі арқылы кейінгі жүртқа мәлім бола бастады. Осы түрғыда А. В. Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» атты жинағының музыка өнері тарихынан алар орны ерекше. Осы жинақта ақмолалық ақын-композиторлардың біразының есімі аталып, суырып салма ақын, әйгілі «Сарыарқа» әнінің авторы Иманжүсіп Құтпанұлының төрт әні жарық көрді. Ақмола топырағынан шыққан ақын-композиторлар арасынан Затаевич Қ. Айнабеков, Қ. Тәкежанов, А. Өтекиннің өнерін жоғары бағалады. Кеңес кезені әндершш арасынан ол ақмолалық О. Шәрібаевтың әнін басқалардан жоғары қойды. 1968 ж. «Дала әндері» атты жинақ (құрастырған С. Боранбаев) жарыққа шықты. Оған Целиноград облысында тұратын әуесқой композиторлардың әндері енген болатын. Көптеген целиноградтық ақындардың музыкалық мұрасы «200 қазақ әндері» атты жинаққа енгізілген (құрастырған Т. Бекхожина, 1972). Астаналық мәдени мекемелердің арасынан Мемлекеттік филармония елорданың мәдени өмірінде айрықша құрметке ие болды. Ресми құжаттар филармонияның дүниеге келуі мен оның даму жолдары жайында сыр шертеді. 50-жылдың соңында Ақмола қаласында концерттік-эстрадалық бюросының (Целинконцерт) іргесі қаланды (1961-1965). 1965 ж. 4 желтоқсанда Целиноград облыстық филармониясын құру туралы бұйрық шықты, ал 1997 ж. 17 шілде күні оның атауы Ақмола Мемлекеттік облыстық филармониясы болып қайта құрылды. 1998 ж. 10 тамызда Астана қаласының Мемлекеттік филармониясы өз шаңырағын көтерді. Елорданың Мемлекеттік филармониясы республикамыздағы ең ірі мәдени ошақтардың бірінен саналады. Құрамында 12 шығармашылық ұжым жұмыс істейді. ҚР Президенті мемлекет мәдени мүрасына ерекше назар аударуда, ол өткенді терең түсіну арқылы бүгінгі мәдени өмірді дамытуға болатынын атап өткен болатын. Мемлекеттік филармония шығармашылық ұжымы осы бағытта жоспарлы әрі мазмұнды жұмыс атқарып келеді. Филармония бүкіл шығармашылық қызметін өзінің тыңдаушысы мен көрерменін әлемдік классика інжу-маржандарымен, халық музыкасымен, дүние жүзі халықтарының фольклорлық дәстүрлерімен, Қазақстан композиторлары туындыларымен, заманауи музыкамен таныстыру; бүгінгі композиторлар шығармаларын кең уағыздау; артистердің орындаушылық шеберлігі мен өнерін халыққа паш етуге жұмылдырған. Бүгінде мұнда шеберлігі шыңдалған, бо-лашағы зор шығармашылық ұжымдар шоғырланған. Филармония қабырғасында алғаш құрылған шығармашылық ұжымның бірі – Қазақ халық аспаптар оркестрі (1997). Оның тұңғыш бас дирижері және көркемдік жетекшісі ҚазКСР еңбек сіңірген өнер қайраткері М. Р. Айдаболов, қазіргі кездегі бас дирижері Д. Ғалымов. 2004 ж. дирижерлердің Алматыда өткен 1-республикалық конкурсында Д. Ғалымов бас жүлдені жеңіп алды. Оркестр репертуарынан 500-ге тарта музыкалық туындылар орын алған, оның ішінде қазақтың ұлы сазгерлері Ықылас, Сүгір, Қорқыт, Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Түркеш, Тәттімбет, Н. Тілендиев, К. Күмісбековтің туындылары, орыс классиктері және шетел авторларының шығармалары бар. Оркестр Б. Төлегенова, Б. Сәмединова, Н. Үсенбаева, А. Қоразбаев, М. Ілиясова, Б. Тілеухан сынды енер шеберлерімен жеке концерттер ұйымдастырды. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Қазақ халқының рухани-мәдени өмірінен әншілік, күйшілік, өнер елеулі орын алады. Ақмола-Қараөткел өңірін ән мен жырға бөлеген суырып салма ақындар мен термеші-жыршылар шығармалары негізінен ел аузында сақталып келді. Белгілі бір оқиғаға байланысты туған шығармалар атадан балаға ән немесе күй түрінде жетіп отырды. Халық әні, халық күйі атанып кеткен осынау інжу-маржан туындылардың төл иесі фольклорды зерттеушілердің хатқа түсіруі арқылы кейінгі жүртқа мәлім бола бастады. Осы түрғыда А. В. Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» атты жинағының музыка өнері тарихынан алар орны ерекше. Осы жинақта ақмолалық ақын-композиторлардың біразының есімі аталып, суырып салма ақын, әйгілі «Сарыарқа» әнінің авторы Иманжүсіп Құтпанұлының төрт әні жарық көрді. Ақмола топырағынан шыққан ақын-композиторлар арасынан Затаевич Қ. Айнабеков, Қ. Тәкежанов, А. Өтекиннің өнерін жоғары бағалады. Кеңес кезені әндершш арасынан ол ақмолалық О. Шәрібаевтың әнін басқалардан жоғары қойды. 1968 ж. «Дала әндері» атты жинақ (құрастырған С. Боранбаев) жарыққа шықты. Оған Целиноград облысында тұратын әуесқой композиторлардың әндері енген болатын. Көптеген целиноградтық ақындардың музыкалық мұрасы «200 қазақ әндері» атты жинаққа енгізілген (құрастырған Т. Бекхожина, 1972). Астаналық мәдени мекемелердің арасынан Мемлекеттік филармония елорданың мәдени өмірінде айрықша құрметке ие болды. Ресми құжаттар филармонияның дүниеге келуі мен оның даму жолдары жайында сыр шертеді. 50-жылдың соңында Ақмола қаласында концерттік-эстрадалық бюросының (Целинконцерт) іргесі қаланды (1961-1965). 1965 ж. 4 желтоқсанда Целиноград облыстық филармониясын құру туралы бұйрық шықты, ал 1997 ж. 17 шілде күні оның атауы Ақмола Мемлекеттік облыстық филармониясы болып қайта құрылды. 1998 ж. 10 тамызда Астана қаласының Мемлекеттік филармониясы өз шаңырағын көтерді. Елорданың Мемлекеттік филармониясы республикамыздағы ең ірі мәдени ошақтардың бірінен саналады. Құрамында 12 шығармашылық ұжым жұмыс істейді. ҚР Президенті мемлекет мәдени мүрасына ерекше назар аударуда, ол өткенді терең түсіну арқылы бүгінгі мәдени өмірді дамытуға болатынын атап өткен болатын. Мемлекеттік филармония шығармашылық ұжымы осы бағытта жоспарлы әрі мазмұнды жұмыс атқарып келеді. Филармония бүкіл шығармашылық қызметін өзінің тыңдаушысы мен көрерменін әлемдік классика інжу-маржандарымен, халық музыкасымен, дүние жүзі халықтарының фольклорлық дәстүрлерімен, Қазақстан композиторлары туындыларымен, заманауи музыкамен таныстыру; бүгінгі композиторлар шығармаларын кең уағыздау; артистердің орындаушылық шеберлігі мен өнерін халыққа паш етуге жұмылдырған. Бүгінде мұнда шеберлігі шыңдалған, бо-лашағы зор шығармашылық ұжымдар шоғырланған. Филармония қабырғасында алғаш құрылған шығармашылық ұжымның бірі – Қазақ халық аспаптар оркестрі (1997). Оның тұңғыш бас дирижері және көркемдік жетекшісі ҚазКСР еңбек сіңірген өнер қайраткері М. Р. Айдаболов, қазіргі кездегі бас дирижері Д. Ғалымов. 2004 ж. дирижерлердің Алматыда өткен 1-республикалық конкурсында Д. Ғалымов бас жүлдені жеңіп алды. Оркестр репертуарынан 500-ге тарта музыкалық туындылар орын алған, оның ішінде қазақтың ұлы сазгерлері Ықылас, Сүгір, Қорқыт, Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Түркеш, Тәттімбет, Н. Тілендиев, К. Күмісбековтің туындылары, орыс классиктері және шетел авторларының шығармалары бар. Оркестр Б. Төлегенова, Б. Сәмединова, Н. Үсенбаева, А. Қоразбаев, М. Ілиясова, Б. Тілеухан сынды енер шеберлерімен жеке концерттер ұйымдастырды.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Ұқсас материалдар