Қандастар Ассамблея

Спорт 2006-2007 жылдары

01.03.2013 2124
25 қазан Республика күніне орай Сарыарқа және Алматы аудандары футбол ардагерлерінің кездесуі өткізіліп тұрады. Соның арқасында астана құрамасы 2006 ж. Павлодар қаласында өткен Халықтық спорт ойындарында ҚР Президенті жүлдесінің үшінші орнын жеңіп алды. Шахмат дәстүрін жалғастыра отырып, қалада әлемнің Г. Каспаров, А. Карпов, А. Морозевич секілді және т.б. мықты шахматшыларының қатысуымен халықаралық турнир жүйелі өткізіліп отырады. 2002 ж. Астанада алғашқы бестік халықаралық гроссмейстерлерінің қатысуымен аса танымал шахматшылар турнирі өтті. 2006 ж. 17-20 желтоқсан аралығында әлемнің алдыңғы қатарлы шахматшылары: М. Чебурданидзе (Грузия), 3. Андриасян (Армения), Ш. Мамедьяровтың (Әзірбайжан), сондай-ақ Астана құрамасы атынан Д. Сәдуақасов, Д. Әкетаева және А. Исмағамбетовтердің қатысуымен «Әлем құрамасы – Астана құрамасы» шахмат турнирі ұйымдастыру жағынан жоғары деңгейде өтті. Астана мүгедектерінің спорт жарыстарына қатысуына жағдай жасау дұрыс жолға қойылған. 2002 ж. ақпанда мүгедектерге арналған республикадағы бірден-бір «Қайсар» мамандандырылған спорт мектебі ашылды. Мектепте жеңіл атлетика, үстел теннисі, жүзу, шахмат, тоғызқұмалақ, футбол, пауэрлифтинг, баскетбол сияқты спорттың 8 түрі бойынша бөлімшелер жұмыс істейді. Мұндағы спортпен шұғылданушылар 320 адамды құрайды. Жыл сайын мүгедек спортшылардың «Надежда» қалалық спартакиадасы шеңберінде спорттың тоғыз түрі бойынша жарыстар ұйымдастырылады. Нәтижесінде, 2006 ж. қазанда өткен Азия Параолимпиадалық ойындарға астаналық 3 атлет Қазақстан атынан қатысты. 2007 ж. шілдеде өткен екінші Параолимпиадалық ойындарда Астананың командасы республика өңірінен қатысқан командалар арасынан үшінші орынды иеленді. Елордада астана мәртебесіне сай спорттың әр түрінен айтулы халықаралық турнирлер өткізіледі. Әлемнің ең мықты боксшылары жыл сайын ҚР Президентінің кубогы үшін халықаралық турнирге жиналады. Турнир әлемге өзін мойындатты, оған турнир жеңімпаздарына Олимпиадалық ойындарға қатысу жолдамасын беру құқығы «А» класты санаты берілгендігі куә бола алады. Астанада волейболдан ҚР Президентінің кубогы үшін Азия, Африка, Еуропаның тандаулы командаларының қатысуымен 2 мәрте турнир өткізілді. 2005-2006 жылдары Астанада әлемнің 45 елінің самбо күресі балуандары қатысқан Әлем кубогы мен Әлем чемпионаты өтті. Жаңа әкімшілік орталықта велоспорттан Әлем кубогының кезендік жарыстары ұйымдастырылды. Әлемнің ең үздік спортшылары «Астана-Бәйтерек» монументі жанында өткен жарыстарға қатысты. «Қазақстан» спорт сарайында «Әлем жұлдыздары» құрамасы мен ҚР құрама командаларының арасында кикбоксингтен жолдастық кездесу болды. ҚР-ның 15 жылдығына орай Астана тай боксы – муайтайдан Әлем кубогы өтті. Су добынан халықаралық турнирлер, хоккейден, футболдан, садақ тартудан және басқа да спорт түрлерінен халықаралық кездесулер өткізіліп тұрады. 2011 жылғы қыскы Азия ойындарының Астана қаласы аумағында өтетіндігі туралы Азия олимпиадалық комитетінің шешімі 2007 жылдың маңызды жаңалығы болды. Бұл шешім астаналық спортшылардың алдына биік міндеттер мен тың мақсаттар қойды, республика астанасының мәртебесін биіктетіп, мұндағы спорттың әрі қарай дамуына, әлемдік спорт аренасында жаңа жеңістерге қол жеткізуге жол ашты. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

25 қазан Республика күніне орай Сарыарқа және Алматы аудандары футбол ардагерлерінің кездесуі өткізіліп тұрады. Соның арқасында астана құрамасы 2006 ж. Павлодар қаласында өткен Халықтық спорт ойындарында ҚР Президенті жүлдесінің үшінші орнын жеңіп алды. Шахмат дәстүрін жалғастыра отырып, қалада әлемнің Г. Каспаров, А. Карпов, А. Морозевич секілді және т.б. мықты шахматшыларының қатысуымен халықаралық турнир жүйелі өткізіліп отырады. 2002 ж. Астанада алғашқы бестік халықаралық гроссмейстерлерінің қатысуымен аса танымал шахматшылар турнирі өтті. 2006 ж. 17-20 желтоқсан аралығында әлемнің алдыңғы қатарлы шахматшылары: М. Чебурданидзе (Грузия), 3. Андриасян (Армения), Ш. Мамедьяровтың (Әзірбайжан), сондай-ақ Астана құрамасы атынан Д. Сәдуақасов, Д. Әкетаева және А. Исмағамбетовтердің қатысуымен «Әлем құрамасы – Астана құрамасы» шахмат турнирі ұйымдастыру жағынан жоғары деңгейде өтті. Астана мүгедектерінің спорт жарыстарына қатысуына жағдай жасау дұрыс жолға қойылған. 2002 ж. ақпанда мүгедектерге арналған республикадағы бірден-бір «Қайсар» мамандандырылған спорт мектебі ашылды. Мектепте жеңіл атлетика, үстел теннисі, жүзу, шахмат, тоғызқұмалақ, футбол, пауэрлифтинг, баскетбол сияқты спорттың 8 түрі бойынша бөлімшелер жұмыс істейді. Мұндағы спортпен шұғылданушылар 320 адамды құрайды. Жыл сайын мүгедек спортшылардың «Надежда» қалалық спартакиадасы шеңберінде спорттың тоғыз түрі бойынша жарыстар ұйымдастырылады. Нәтижесінде, 2006 ж. қазанда өткен Азия Параолимпиадалық ойындарға астаналық 3 атлет Қазақстан атынан қатысты. 2007 ж. шілдеде өткен екінші Параолимпиадалық ойындарда Астананың командасы республика өңірінен қатысқан командалар арасынан үшінші орынды иеленді.

Елордада астана мәртебесіне сай спорттың әр түрінен айтулы халықаралық турнирлер өткізіледі. Әлемнің ең мықты боксшылары жыл сайын ҚР Президентінің кубогы үшін халықаралық турнирге жиналады. Турнир әлемге өзін мойындатты, оған турнир жеңімпаздарына Олимпиадалық ойындарға қатысу жолдамасын беру құқығы «А» класты санаты берілгендігі куә бола алады. Астанада волейболдан ҚР Президентінің кубогы үшін Азия, Африка, Еуропаның тандаулы командаларының қатысуымен 2 мәрте турнир өткізілді. 2005-2006 жылдары Астанада әлемнің 45 елінің самбо күресі балуандары қатысқан Әлем кубогы мен Әлем чемпионаты өтті. Жаңа әкімшілік орталықта велоспорттан Әлем кубогының кезендік жарыстары ұйымдастырылды. Әлемнің ең үздік спортшылары «Астана-Бәйтерек» монументі жанында өткен жарыстарға қатысты. «Қазақстан» спорт сарайында «Әлем жұлдыздары» құрамасы мен ҚР құрама командаларының арасында кикбоксингтен жолдастық кездесу болды. ҚР-ның 15 жылдығына орай Астана тай боксы – муайтайдан Әлем кубогы өтті. Су добынан халықаралық турнирлер, хоккейден, футболдан, садақ тартудан және басқа да спорт түрлерінен халықаралық кездесулер өткізіліп тұрады. 2011 жылғы қыскы Азия ойындарының Астана қаласы аумағында өтетіндігі туралы Азия олимпиадалық комитетінің шешімі 2007 жылдың маңызды жаңалығы болды. Бұл шешім астаналық спортшылардың алдына биік міндеттер мен тың мақсаттар қойды, республика астанасының мәртебесін биіктетіп, мұндағы спорттың әрі қарай дамуына, әлемдік спорт аренасында жаңа жеңістерге қол жеткізуге жол ашты.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Ұқсас материалдар