Қандастар Ассамблея

ХХ ғасырдың екінші жартысы

01.03.2013 3321
ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен олимпиадалық бассейні мен шайбалы хоккейден жарыс өткізілетін, мәнерлеп сырғанаудан жұлдыздар өнер көрсететін мұз айдыны бар «Қазақстан» спорт сарайы тұрғызылды. Кешкі уақыттарда және демалыс күндері астананың тұрғындары мен қонақтары осы спорт кешенінде өзінің денсаулығын шынықтырумен айналысады. Қазіргі кезде Астанадағы «World-Klass» фитнес клубы көпшілікке танымал болды. Қыс мезгілінің ұзақтығы ескеріліп, саябақ аумағынан шаңғыраллер жолы салынды. Жыл сайын қыс айларында Ақбұлақ өзенінің бойынан ашық мұз айдыны жұмыс істейді. Мұнда коньки жалға беру, ыстық тамақ ұйымдастыру бекеттері қарастырылған. Таяу жылдар ішінде қала аумағында алты ірі спорттық ғимараттар құрылысын – 10 мың орынды мұз айдыны стадионы, республикалық велотрек, 30 мың орынды олимпиадалық жабық стадион, олимпиадалық резерв дайындау орталығы, теннис және хоккей корттарын салу, іске қосу қолға алынды. Жабық стадион Астананың 10 жылдық мерейтойында өз есігін айқара ашып, дүбірлі тойдың ірі шараларының бірі сонда өтті. 1998 жылдан бастап спорт мектептері мен клубтардың саны жасөспірімдер мен балалардың кешенді спорт мектебі мен футбол клубының санына 10 мектеп және 6 клуб қосылды. Мамандандырылған мектептер мен олимпиадалық резервтегі спорт мектептері пайда болды. Халықтың, әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында спортпен жүйелі айналысуға қызығушылықтың өскенін ескере отырып, велоспорттан, футболдан, ат спорты түрлерінен, су спорты түрлерінен балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спортмектептері, № 1 балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резервтің кешенді спорт мектебі және тағы басқа мектептер шаңырақ көтерді. Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінде спорттың 42 түрінен дәріс беріледі, 253 тәжірибелі жаттықтырушы 5153 оқушыны жаттықтырады. Қаладағы спорт клубтарының тәрбиеленушілері республикалық жарыстарда бірнеше рет жеңіске жетті. «Астана жолбарыстары» баскетболшылары клубының ерлер командасы үш мәрте ҚР-ның чемпионы атанып, әлем кубогын жеңіп алды. Баскетболшылардың әйелдер командасы құрылған жылы мәресіне көтеріліп, артынша Әлем чемпионы, Қазақстан кубогын иемденді. «Астана қанаты» әйелдер волейбол командасы Республика кубогының чемпионы және иегері атанды. Астананың футбол командасы –Қазақстан суперлигасының үш мәрте чемпионы, екі мәрте Қазақстанның кубогының иегері. Ол Еуропа чемпиондарының лигасында Еуропаның ең мықты клубтарымен ойын көрсеткен қазақстандық бірінші команда болды. Астаналық хоккей сарбаздары Ресей Федерациясының бірінші лигасы ойындарында жеңіске жетіп, Ресей шайбалы хоккейден ашық бәсекесінің жоғары лигасына шығуға мүмкіндік алды. Астаналық хоккей мектебінің аға буын шеберлерінің орнын басатын жас хоккейшілері өсіп келеді. 600-ден астам балалар мен жасөспірімдер арнайы топтарда хоккеймен шұғылданады, олар Қазақстанның басқа қалаларынан келген бәсекелестерімен табысты ойын көрсетіп, Ресейдегі жарыстарға да қатысып жүр. Хакім Омаров атындағы шахмат клубы, «Астана батыры» жекпе-жек айқас клубы табысты еңбек етуде. Көптеген астаналық спортшылар халықаралық аренада Астананың мәртебесін биікке көтеріп, айтулы жарыстарда жеңістерге қол жеткізді. Азия, Әлем, Азиялық және олимпиадалық ойындар чемпионы және жүлдегерлері атанды. Жастар арасында әлем чемпионы атағын жеңіп алған, төрт мәрте әлем чемпионы атанған халықаралық гроссмейстер астаналық шахматшы Д. Сәдуақасов есімі тек Астана ғана емес, қазақ спортының мақтанышы. Астаналық шахматшылар дәстүрін мектеп оқушысы Д. Сәдуақасов жалғастырып, 12 жасқа дейінгі балалар арасында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдені иеленді. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен олимпиадалық бассейні мен шайбалы хоккейден жарыс өткізілетін, мәнерлеп сырғанаудан жұлдыздар өнер көрсететін мұз айдыны бар «Қазақстан» спорт сарайы тұрғызылды. Кешкі уақыттарда және демалыс күндері астананың тұрғындары мен қонақтары осы спорт кешенінде өзінің денсаулығын шынықтырумен айналысады. Қазіргі кезде Астанадағы «World-Klass» фитнес клубы көпшілікке танымал болды. Қыс мезгілінің ұзақтығы ескеріліп, саябақ аумағынан шаңғыраллер жолы салынды. Жыл сайын қыс айларында Ақбұлақ өзенінің бойынан ашық мұз айдыны жұмыс істейді. Мұнда коньки жалға беру, ыстық тамақ ұйымдастыру бекеттері қарастырылған. Таяу жылдар ішінде қала аумағында алты ірі спорттық ғимараттар құрылысын – 10 мың орынды мұз айдыны стадионы, республикалық велотрек, 30 мың орынды олимпиадалық жабық стадион, олимпиадалық резерв дайындау орталығы, теннис және хоккей корттарын салу, іске қосу қолға алынды. Жабық стадион Астананың 10 жылдық мерейтойында өз есігін айқара ашып, дүбірлі тойдың ірі шараларының бірі сонда өтті. 1998 жылдан бастап спорт мектептері мен клубтардың саны жасөспірімдер мен балалардың кешенді спорт мектебі мен футбол клубының санына 10 мектеп және 6 клуб қосылды. Мамандандырылған мектептер мен олимпиадалық резервтегі спорт мектептері пайда болды. Халықтың, әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында спортпен жүйелі айналысуға қызығушылықтың өскенін ескере отырып, велоспорттан, футболдан, ат спорты түрлерінен, су спорты түрлерінен балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спортмектептері, № 1 балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резервтің кешенді спорт мектебі және тағы басқа мектептер шаңырақ көтерді. Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінде спорттың 42 түрінен дәріс беріледі, 253 тәжірибелі жаттықтырушы 5153 оқушыны жаттықтырады. Қаладағы спорт клубтарының тәрбиеленушілері республикалық жарыстарда бірнеше рет жеңіске жетті. «Астана жолбарыстары» баскетболшылары клубының ерлер командасы үш мәрте ҚР-ның чемпионы атанып, әлем кубогын жеңіп алды. Баскетболшылардың әйелдер командасы құрылған жылы мәресіне көтеріліп, артынша Әлем чемпионы, Қазақстан кубогын иемденді. «Астана қанаты» әйелдер волейбол командасы Республика кубогының чемпионы және иегері атанды. Астананың футбол командасы –Қазақстан суперлигасының үш мәрте чемпионы, екі мәрте Қазақстанның кубогының иегері. Ол Еуропа чемпиондарының лигасында Еуропаның ең мықты клубтарымен ойын көрсеткен қазақстандық бірінші команда болды. Астаналық хоккей сарбаздары Ресей Федерациясының бірінші лигасы ойындарында жеңіске жетіп, Ресей шайбалы хоккейден ашық бәсекесінің жоғары лигасына шығуға мүмкіндік алды. Астаналық хоккей мектебінің аға буын шеберлерінің орнын басатын жас хоккейшілері өсіп келеді. 600-ден астам балалар мен жасөспірімдер арнайы топтарда хоккеймен шұғылданады, олар Қазақстанның басқа қалаларынан келген бәсекелестерімен табысты ойын көрсетіп, Ресейдегі жарыстарға да қатысып жүр. Хакім Омаров атындағы шахмат клубы, «Астана батыры» жекпе-жек айқас клубы табысты еңбек етуде. Көптеген астаналық спортшылар халықаралық аренада Астананың мәртебесін биікке көтеріп, айтулы жарыстарда жеңістерге қол жеткізді. Азия, Әлем, Азиялық және олимпиадалық ойындар чемпионы және жүлдегерлері атанды. Жастар арасында әлем чемпионы атағын жеңіп алған, төрт мәрте әлем чемпионы атанған халықаралық гроссмейстер астаналық шахматшы Д. Сәдуақасов есімі тек Астана ғана емес, қазақ спортының мақтанышы. Астаналық шахматшылар дәстүрін мектеп оқушысы Д. Сәдуақасов жалғастырып, 12 жасқа дейінгі балалар арасында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдені иеленді.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Ұқсас материалдар