Қандастар Ассамблея

Халықаралық стандарттар

01.03.2013 3287
Соңғы жылдары қала әкімдігі тарапынан денсаулық сақтау саласының халықаралық стандарттарына кезеңді жүйелі көшу мақсатында, мамандарды жақын және алыс шетелдердің жетекші медициналық орталықтарында оқытып үйрету және тәжірибеден өткізу үшін қаражаттар бөлінді, бұған әсіресе 2007 ж. ерекше назар аударылды. Халықаралық стандарттарға сәйкес, біліктілікті жетілдіру мүмкіндігін беру мақсатында, әкімдік, Астана қаласының Денсаулық сақтау департаменті және «Partners Health Care System. Inc» бірігіп, 2007 ж. «Partners Health Care System. Inc» - АҚШ-тың медициналық мекемелерінің инновациялық, клиникалық және білім беру әлеуетінің негізінде қазіргі талапқа сай клиникалар құрылды. Бұл клиникалар Гарвард университетінің білім беру орталықтары болып саналады, мұнда кеңес беру және техникалық көмек көрсету тұжырымдамасы әзірленген. Оқыту-клиникалық ортаығы (ОКО) ашылды. ҚР 2005-2010 жылдары денсаулық сақтау саласын реформалау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және «Астана қаласында 2006-2008 жылдары салауатты өмір салтын қалыптастыру» кешенді бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2006-2008 жылдарға бекітілген орта мерзімді іс-шаралар жоспарының аясында қала тұрғындарының арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жүйелі және жоспарлы жұмыстар жүргізілді. Денсаулық сақтау саласына әр жылы бөлінетін қаражат жергілікті бюджет есебінен жыл сайын өсіп келеді, ол 2005 жылдан бастап Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған болатын. 2006 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік ауылдық дәрігерлік амбулаториялардың медициналық жабдықтармен және медициналық сипаттағы заттармен қамтамасыз етілу көлемі 83%, емханаларда 86%, арнайы диспансерлерде 86%, қалалық ауруханаларда 68%-ды құрады. 2006 ж. медициналық жабдықтау негізінен сәбиді дүниеге әкелуге және бүлдіршіннің денсаулық сақтау мақсатында жүргізілді. Жапония, Швейцария, Германия, АҚШ және басқа да әлемге әйгілі өндірушілерден қазіргі заман талабына сай 500 медициналық жабдықтар түрі алынды. Қала әкімдігі қан өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен жаңа Қан орталығы салынғанға дейін қазіргі заман талабына сай жабдықтар сатып алу үшін 100 млн теңге, жаңадан енгізілетін нысандардың қосымша жабдықталуына 103,7 млн теңге (2007 ж.) бөлді. Онкологиялық ауруларды химиопрепараттармен, бүйрек кемшіндігімен ауыратындарға және бүйректі ауыстырғаннан кейінгі кажетті дәрілік заттармен, диализаторлармен және жұмсалатын материалдармен қамтамасыз ету қаражаттарын бір орталықтан жұмсау 2006 ж. қол жеткізілген үлкен жетістік болып саналды. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Соңғы жылдары қала әкімдігі тарапынан денсаулық сақтау саласының халықаралық стандарттарына кезеңді жүйелі көшу мақсатында, мамандарды жақын және алыс шетелдердің жетекші медициналық орталықтарында оқытып үйрету және тәжірибеден өткізу үшін қаражаттар бөлінді, бұған әсіресе 2007 ж. ерекше назар аударылды.

Халықаралық стандарттарға сәйкес, біліктілікті жетілдіру мүмкіндігін беру мақсатында, әкімдік, Астана қаласының Денсаулық сақтау департаменті және «Partners Health Care System. Inc» бірігіп, 2007 ж. «Partners Health Care System. Inc» - АҚШ-тың медициналық мекемелерінің инновациялық, клиникалық және білім беру әлеуетінің негізінде қазіргі талапқа сай клиникалар құрылды. Бұл клиникалар Гарвард университетінің білім беру орталықтары болып саналады, мұнда кеңес беру және техникалық көмек көрсету тұжырымдамасы әзірленген. Оқыту-клиникалық ортаығы (ОКО) ашылды.

ҚР 2005-2010 жылдары денсаулық сақтау саласын реформалау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және «Астана қаласында 2006-2008 жылдары салауатты өмір салтын қалыптастыру» кешенді бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2006-2008 жылдарға бекітілген орта мерзімді іс-шаралар жоспарының аясында қала тұрғындарының арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жүйелі және жоспарлы жұмыстар жүргізілді. Денсаулық сақтау саласына әр жылы бөлінетін қаражат жергілікті бюджет есебінен жыл сайын өсіп келеді, ол 2005 жылдан бастап Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған болатын. 2006 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік ауылдық дәрігерлік амбулаториялардың медициналық жабдықтармен және медициналық сипаттағы заттармен қамтамасыз етілу көлемі 83%, емханаларда 86%, арнайы диспансерлерде 86%, қалалық ауруханаларда 68%-ды құрады. 2006 ж. медициналық жабдықтау негізінен сәбиді дүниеге әкелуге және бүлдіршіннің денсаулық сақтау мақсатында жүргізілді. Жапония, Швейцария, Германия, АҚШ және басқа да әлемге әйгілі өндірушілерден қазіргі заман талабына сай 500 медициналық жабдықтар түрі алынды. Қала әкімдігі қан өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен жаңа Қан орталығы салынғанға дейін қазіргі заман талабына сай жабдықтар сатып алу үшін 100 млн теңге, жаңадан енгізілетін нысандардың қосымша жабдықталуына 103,7 млн теңге (2007 ж.) бөлді. Онкологиялық ауруларды химиопрепараттармен, бүйрек кемшіндігімен ауыратындарға және бүйректі ауыстырғаннан кейінгі кажетті дәрілік заттармен, диализаторлармен және жұмсалатын материалдармен қамтамасыз ету қаражаттарын бір орталықтан жұмсау 2006 ж. қол жеткізілген үлкен жетістік болып саналды.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Ұқсас материалдар