Қандастар Ассамблея

ХХ ғасырдың соңы

01.03.2013 2118
Ұлы Отан соғысы жылдарында, транспорттық байланыстардың арқасында Ақмола әскери бөлімдер мен құрамдарды жасақталды. Еліміздің соғыс шебіне жақын орналасқан кәсіпорындар мен оның тұрғындары көшіріліп, мыңдаған жаралылары бар эвакогоспитальдар осы Ақмолаға орналастырылды, жүйкеневрологиялық диспансер ашылды. 1945 жылдары эвакогоспитальдар таратылды, бірақ олардың жұмыс тәжірибесі медициналық көмектің арнайы түрлерін әрі қарай дамыту барысында қолданылды. «Тың игеру эпопеясы» денсаулық сақтау ісінің дамуына жаңа серпін берді. 1950 жылдары 12 аудандық, 24 учаскелік аурухана, 19 әйелдер және балалар кеңесі, 4 дәрігерлік, 15 фельдшерлік пункт, 1 облыстық және 3 аудандық санитарлық-эпидемиологиялық, 3 безгекке қарсы және бруцеллезге қарсы станса болды. Қолданыстағы емдеу мекемелерінің, ірі аумақта шашырай орналасқан көптеген жаңа поселкелердегі көп халықты медициналық қызметпен қамтамасыз етуге мүмкіндігі жетпеді. Содан кейінгі жылдарда ауылдағы фельдшерлік пункттерден бастап облыс орталығындағы арнайы мекемелерге дейінгі медициналық қызметтің нақты кезеңдерін қалыптастыруда үлкен ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Мұндай поселкелер алғашқы бір жерден екінші жерге қоныс аударуға ыңғайластырылып, барақ іспетті жертөлелерден салынған еді. 1961 жылы Ақмола қаласының атауы Целиноград болып өзгертіліп, ол Тың өлкесінің орталығына айналды. Қалада кұрамында босанатын үйі бар облыстық клиникалық аурухана, жедел жәрдем ауруханасы, 2 перзентхана, облыстық наркологиялық диспансер, «Целиноградсельмаш» бірлестігінің медициналық-санитарлық бөлімі, орта оқу орындарының оқушылары мен студенттеріне қызмет көрсететін емхана ашылып, балалар мен ересектерге көмек көрсететін қалалық емханалар желісі кеңейтілді. Кәсіпорындар мен оқу орындарында 78 дәрігерлік және фельдшерлік емдеу пункттері жұмыс істеді. Халыққа арнайы медициналық көмек көрсету мақсатында «Отбасы және неке» кеңесі, облысаралық күйік орталығы, зоонозды ауруларды емдеу бөлімі, офтальмологиялық, кардиологиялық және реанимациялық орталықтар мен бөлімшелер ұйымдастырылды. Ауруға шұгыл әрі жоғары білікті дәрежеде көмек көрсету, науқастар мен зардап шеккендерді тасумен санитарлық авиация айналысты, ол жыл сайын 5 мың науқасқа қызмет көрсетті. Дәрігерлік көмек көрсету үшін ұдайы елді мекендерге шығып тұратын, облыстық аурухана және кейбір диспансерлер базасында тұрақты көшпелі дәрігерлік бригадалар ұйымдастырылды. Олардың қатарында, балалар мен әйелдердің көшпелі кеңесі, стоматологиялық, автоамбулаториялық, хирургиялық, офтальмологиялық, гастроэнтерологиялық, эндокринологиялық және басқа арнайы бригадалар болды. Аймақхалқына 118 дәріхана және 420 дәрігерлік пункттер мен киоскілер дәрілермен көмек көрсетті. Құрылыс, өндіріс, сауда және басқа кәсіпорындар нысандарындағы алдын ала ескерту мен ағымдағы бақылауды, сонымен қатар суды, жерді және атмосфералық ауаны қорғауды 15 санитарлық-эпидемиологиялық стансалар жүзеге асырды. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, тағам және сүт өңдейтін өндіріс нысандарының қызметіне кәсіби талдау жүргізуге бейім зертханалардың жұмысын ұйымдастыру, минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді қолдануға тұрақты бақылауды жандандыру, эпидемиологиялық ахуалды болжау секілді жұмыстарды өз қызметінің өзегіне айналдырды. Ақмола медбике мектебі 1936 жылы ашылып, кейін Ақмола медициналық училищесі атанды. Училище күндізгі және кешкі оқу бөлімдерінде: медбикелік іс; акушерлік іс; гигиена; санитария және эпидемиология; стоматология; ортопедия; емдеу ісі секілді орта буынды 7 сала бойынша мамандар дайындады. 1959 ж. Целинный темір жолдарының медициналық училищесі (К. Маркс көшесі, 83) ашылып, дәріханалар және темір жол ауруханаларына орта буын мамандарын даярлады. 1964 ж. 26 қазанда Целиноград медициналық институты шаңырақ көтерді. Институтты орналастыру үшін 3 типтік мектеп және Бейбітшілік көшесіндегі мектеп интернаттың ғимараттары берілді. 1964-1965 жылдары 1-курсқа 300, 2-курсқа 100 студент қабылдау жоспары белгіленді. Институттың бірінші ректоры болып С.Д. Полетаев тағайындалды. 1967 жылдың жазында институттың кафедраларын құру толығымен аяқталды. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Ұлы Отан соғысы жылдарында, транспорттық байланыстардың арқасында Ақмола әскери бөлімдер мен құрамдарды жасақталды. Еліміздің соғыс шебіне жақын орналасқан кәсіпорындар мен оның тұрғындары көшіріліп, мыңдаған жаралылары бар эвакогоспитальдар осы Ақмолаға орналастырылды, жүйкеневрологиялық диспансер ашылды. 1945 жылдары эвакогоспитальдар таратылды, бірақ олардың жұмыс тәжірибесі медициналық көмектің арнайы түрлерін әрі қарай дамыту барысында қолданылды.

«Тың игеру эпопеясы» денсаулық сақтау ісінің дамуына жаңа серпін берді. 1950 жылдары 12 аудандық, 24 учаскелік аурухана, 19 әйелдер және балалар кеңесі, 4 дәрігерлік, 15 фельдшерлік пункт, 1 облыстық және 3 аудандық санитарлық-эпидемиологиялық, 3 безгекке қарсы және бруцеллезге қарсы станса болды. Қолданыстағы емдеу мекемелерінің, ірі аумақта шашырай орналасқан көптеген жаңа поселкелердегі көп халықты медициналық қызметпен қамтамасыз етуге мүмкіндігі жетпеді. Содан кейінгі жылдарда ауылдағы фельдшерлік пункттерден бастап облыс орталығындағы арнайы мекемелерге дейінгі медициналық қызметтің нақты кезеңдерін қалыптастыруда үлкен ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Мұндай поселкелер алғашқы бір жерден екінші жерге қоныс аударуға ыңғайластырылып, барақ іспетті жертөлелерден салынған еді. 1961 жылы Ақмола қаласының атауы Целиноград болып өзгертіліп, ол Тың өлкесінің орталығына айналды. Қалада кұрамында босанатын үйі бар облыстық клиникалық аурухана, жедел жәрдем ауруханасы, 2 перзентхана, облыстық наркологиялық диспансер, «Целиноградсельмаш» бірлестігінің медициналық-санитарлық бөлімі, орта оқу орындарының оқушылары мен студенттеріне қызмет көрсететін емхана ашылып, балалар мен ересектерге көмек көрсететін қалалық емханалар желісі кеңейтілді. Кәсіпорындар мен оқу орындарында 78 дәрігерлік және фельдшерлік емдеу пункттері жұмыс істеді. Халыққа арнайы медициналық көмек көрсету мақсатында «Отбасы және неке» кеңесі, облысаралық күйік орталығы, зоонозды ауруларды емдеу бөлімі, офтальмологиялық, кардиологиялық және реанимациялық орталықтар мен бөлімшелер ұйымдастырылды. Ауруға шұгыл әрі жоғары білікті дәрежеде көмек көрсету, науқастар мен зардап шеккендерді тасумен санитарлық авиация айналысты, ол жыл сайын 5 мың науқасқа қызмет көрсетті. Дәрігерлік көмек көрсету үшін ұдайы елді мекендерге шығып тұратын, облыстық аурухана және кейбір диспансерлер базасында тұрақты көшпелі дәрігерлік бригадалар ұйымдастырылды. Олардың қатарында, балалар мен әйелдердің көшпелі кеңесі, стоматологиялық, автоамбулаториялық, хирургиялық, офтальмологиялық, гастроэнтерологиялық, эндокринологиялық және басқа арнайы бригадалар болды. Аймақхалқына 118 дәріхана және 420 дәрігерлік пункттер мен киоскілер дәрілермен көмек көрсетті. Құрылыс, өндіріс, сауда және басқа кәсіпорындар нысандарындағы алдын ала ескерту мен ағымдағы бақылауды, сонымен қатар суды, жерді және атмосфералық ауаны қорғауды 15 санитарлық-эпидемиологиялық стансалар жүзеге асырды. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, тағам және сүт өңдейтін өндіріс нысандарының қызметіне кәсіби талдау жүргізуге бейім зертханалардың жұмысын ұйымдастыру, минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді қолдануға тұрақты бақылауды жандандыру, эпидемиологиялық ахуалды болжау секілді жұмыстарды өз қызметінің өзегіне айналдырды. Ақмола медбике мектебі 1936 жылы ашылып, кейін Ақмола медициналық училищесі атанды. Училище күндізгі және кешкі оқу бөлімдерінде: медбикелік іс; акушерлік іс; гигиена; санитария және эпидемиология; стоматология; ортопедия; емдеу ісі секілді орта буынды 7 сала бойынша мамандар дайындады. 1959 ж. Целинный темір жолдарының медициналық училищесі (К. Маркс көшесі, 83) ашылып, дәріханалар және темір жол ауруханаларына орта буын мамандарын даярлады. 1964 ж. 26 қазанда Целиноград медициналық институты шаңырақ көтерді. Институтты орналастыру үшін 3 типтік мектеп және Бейбітшілік көшесіндегі мектеп интернаттың ғимараттары берілді. 1964-1965 жылдары 1-курсқа 300, 2-курсқа 100 студент қабылдау жоспары белгіленді. Институттың бірінші ректоры болып С.Д. Полетаев тағайындалды. 1967 жылдың жазында институттың кафедраларын құру толығымен аяқталды.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Ұқсас материалдар