Қандастар Ассамблея

ХХ ғасырдың басы

01.03.2013 2636
Солтүстік Қазақстанда бірінші санитарлық мекеме 1907 ж. Ақмола уездік қоныс аудару басқармасында құрылды, бірақ 1908 жылдың қаңтарынла Бас қоныс аудару басқармасының өкіміне сәйкес таратылды. 1910 ж. Ақмола облысында санитарлық дәрігер және дәрігер-эпидемиолог қызметтері бекітілді. 1913 ж. облыста 71 дәрігер, 159 фельдшер. 47 акушер, кіндік шешелер (емдеу мекемелерінде 1676 кереует) болды, 10 000 адамға шаққандағы көрсеткіш мынадай: 0,8 дәрігер, 1,8 фельдшер, 0,58 акушер және кіндік шеше, 8,8 кереуетті құрады. Ақмола уездік денсаулық сақтау болімі 1919 жылдың 12 желтоқсанында құрылды, оның бірінші меңгерушісі К.П. Горланов болды. Бөлімнің ішінде емдеу, санитарлық-эпидемиологиялық, фармацевтикалық, балаларды қорғау, әскери-санитарлық бөлімшелері болды. Бөртпелі сүзек індетімен күрес кезек күттірмейтін, жедел шешетін міндет санатына жатты. Қызыл әскер орналасқан Ақмола қаласында 1919 ж. 2000-нан аса қолға түскен тұтқын бөртпелі сүзекпен ауырған еді. Оларды қамтамасыз ететін және емдейтін медициналық жабдықтар мен азық-түлік болмады. Дәрігер кадрлардың тапшылығы (76% жетіспеуі) қатты байқалды. Ақмола уездік денсаулық сақтау бөлімі меңгерушісінің баяндамасына сәйкес «пункттердегі медициналық қызметкерлердің жұмысы бар болғаны науқастарға кеңес беру, әр түрлі тәсілдермен сендіру, болар-болмас дәрі берумен шектелді, дәрігерлік пункт дегеніміз 5-10 ұнтақ және бір шөкім емдік шөп пен тамыр шөпке қараған дәрігердің елесі ғана бар қаңырап қалған жер» болды. Өлім деңгейі 25-30%-ды құрады. 1919 жылдан бастап сүзекпен (чекатив), тырысқақпен (чекахол) күрес комиссиялары құрылып, тырысқакқа қарсы егу отрядтары жасақталды. Бірнеше ай бойы жүргізілген індетке қарсы белсенді шараларға байланысты Ақмоладағы 1923 ж. өршіп тұрған шешек індеті жойылды. 1925 ж. уезде 40 кереует қойылған 5 аурухана мен амбулатория ашылып, 6 дәрігер, 18 фельдшер жұмыс істеді, кейін кереует саны 80-ге жетті. Медициналық көмектің арнайы жеке түрлері ұйымдастырылды. Ақмолада 1923 жылдың соңында 3 ауруханалық мекеме болды, амбулаториялық қабылдау 2 амбулаториялық пунктте жүргізілді, 1926 ж. санитарлық дәрігерлер (қосымша жұмыс істейтін) пайда болды, олар санитарлық індетке қарсы жұмысты бағыттап, үйлестіріп отырды. Жалпы кеңестік атқару комитеті мен Кеңес Халық комиссарларының Мемлекеттік актісі бойынша 1925 жылдың 19 желтоқсанынан бастап медициналық көмектің ақысыз болатындығы жарияланды. Бірақ медициналық жүйенің дамуы мешеу, қаржыландырылуы мардымсыз болғандықтан, тегін көмек қағидасын медициналық көмекке мұқтаж барлық адамдар үшін бірдей енгізу мүмкін болмады. Ақмола губерниясында аналар мен балаларды қорғау мекемелерінің ашылуы, жекелей алғанда, Ақмолада Қазақстанның басқа аудандарына қарағанда баяу жүрді. 1923 ж. тұтас губернияда небары 3 босану үйі, оның біреуі Ақмолада болды. Губерниялық және уездік қалалардың ешқайсысында арнайы перзентханалар жоқ еді, тек жалпы ауруханаларда босану бөлмелері ғана қарастырылды. 1928 ж. Ақмолада әйелдер мен емшектегі балалар үшін кеңес беру бөлімі ашылды. Онда қосымша жұмыс істейтін дәрігер, кешкі мезгілде аптасына 3 рет қабылдау жүргізді. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Солтүстік Қазақстанда бірінші санитарлық мекеме 1907 ж. Ақмола уездік қоныс аудару басқармасында құрылды, бірақ 1908 жылдың қаңтарынла Бас қоныс аудару басқармасының өкіміне сәйкес таратылды. 1910 ж. Ақмола облысында санитарлық дәрігер және дәрігер-эпидемиолог қызметтері бекітілді.

1913 ж. облыста 71 дәрігер, 159 фельдшер. 47 акушер, кіндік шешелер (емдеу мекемелерінде 1676 кереует) болды, 10 000 адамға шаққандағы көрсеткіш мынадай: 0,8 дәрігер, 1,8 фельдшер, 0,58 акушер және кіндік шеше, 8,8 кереуетті құрады. Ақмола уездік денсаулық сақтау болімі 1919 жылдың 12 желтоқсанында құрылды, оның бірінші меңгерушісі К.П. Горланов болды. Бөлімнің ішінде емдеу, санитарлық-эпидемиологиялық, фармацевтикалық, балаларды қорғау, әскери-санитарлық бөлімшелері болды. Бөртпелі сүзек індетімен күрес кезек күттірмейтін, жедел шешетін міндет санатына жатты. Қызыл әскер орналасқан Ақмола қаласында 1919 ж. 2000-нан аса қолға түскен тұтқын бөртпелі сүзекпен ауырған еді. Оларды қамтамасыз ететін және емдейтін медициналық жабдықтар мен азық-түлік болмады. Дәрігер кадрлардың тапшылығы (76% жетіспеуі) қатты байқалды. Ақмола уездік денсаулық сақтау бөлімі меңгерушісінің баяндамасына сәйкес «пункттердегі медициналық қызметкерлердің жұмысы бар болғаны науқастарға кеңес беру, әр түрлі тәсілдермен сендіру, болар-болмас дәрі берумен шектелді, дәрігерлік пункт дегеніміз 5-10 ұнтақ және бір шөкім емдік шөп пен тамыр шөпке қараған дәрігердің елесі ғана бар қаңырап қалған жер» болды. Өлім деңгейі 25-30%-ды құрады. 1919 жылдан бастап сүзекпен (чекатив), тырысқақпен (чекахол) күрес комиссиялары құрылып, тырысқакқа қарсы егу отрядтары жасақталды. Бірнеше ай бойы жүргізілген індетке қарсы белсенді шараларға байланысты Ақмоладағы 1923 ж. өршіп тұрған шешек індеті жойылды. 1925 ж. уезде 40 кереует қойылған 5 аурухана мен амбулатория ашылып, 6 дәрігер, 18 фельдшер жұмыс істеді, кейін кереует саны 80-ге жетті. Медициналық көмектің арнайы жеке түрлері ұйымдастырылды.

Ақмолада 1923 жылдың соңында 3 ауруханалық мекеме болды, амбулаториялық қабылдау 2 амбулаториялық пунктте жүргізілді, 1926 ж. санитарлық дәрігерлер (қосымша жұмыс істейтін) пайда болды, олар санитарлық індетке қарсы жұмысты бағыттап, үйлестіріп отырды. Жалпы кеңестік атқару комитеті мен Кеңес Халық комиссарларының Мемлекеттік актісі бойынша 1925 жылдың 19 желтоқсанынан бастап медициналық көмектің ақысыз болатындығы жарияланды. Бірақ медициналық жүйенің дамуы мешеу, қаржыландырылуы мардымсыз болғандықтан, тегін көмек қағидасын медициналық көмекке мұқтаж барлық адамдар үшін бірдей енгізу мүмкін болмады. Ақмола губерниясында аналар мен балаларды қорғау мекемелерінің ашылуы, жекелей алғанда, Ақмолада Қазақстанның басқа аудандарына қарағанда баяу жүрді. 1923 ж. тұтас губернияда небары 3 босану үйі, оның біреуі Ақмолада болды. Губерниялық және уездік қалалардың ешқайсысында арнайы перзентханалар жоқ еді, тек жалпы ауруханаларда босану бөлмелері ғана қарастырылды. 1928 ж. Ақмолада әйелдер мен емшектегі балалар үшін кеңес беру бөлімі ашылды. Онда қосымша жұмыс істейтін дәрігер, кешкі мезгілде аптасына 3 рет қабылдау жүргізді.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Ұқсас материалдар