Қандастар Ассамблея

Елордада ботаникалық бақ салынады

28.02.2013 2094
Таяу жылдары Астанада ботаникалық бақ салынбақ. Нысанның құрылысы 2013 жылдың сәуiр айында басталады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі  хабарлады. «Бас жоспарға сәйкес, бақ жаңа әкімшілік орталықтың оңтүстiк бөлігінде орналасады. Жалпы аумағы 100 гектар қазіргі заманға сай  «Ботаникалық бақ» қаладағы үздік туындылардың біріне айналмақ. Бүгінде  құрылыстың жобасы әзiрленіп жатыр», - деді әкімдік мамандары. Соңғы он жылда елордада жалпы жеті саябақ пен ондаған гүл бағы салы­нып, тұрғын­дар­дың де­малыс орнына айналып үлгерген. Жалпы, Халықаралық Экспо-2017 көрмесі өтетін жылға дейін жаңа парктер мен скверлер бой көтеріп, қаланың көр­нек­ті орындарына айналмақ. Бұған қоса,  өткен жылы көгалдандыру бағдарламасы аясында отырғызылған ағаштар күтiп-бапталып,  қосымша 40 мыңнан астам ағаш,  8 млн. гүл егiлді. Орталық қалалық саябақ қайта жөнделді. Саябақты тұтас жауып тастамау үшiн жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілді. Атап айтқанда, мәдени шаралар өтетiн аумақтар, жағажайлар, қолданыстағы аквапарк және тоған қайта жөнделді, - делінген хабарламада. Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Таяу жылдары Астанада ботаникалық бақ салынбақ. Нысанның құрылысы 2013 жылдың сәуiр айында басталады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі  хабарлады.

«Бас жоспарға сәйкес, бақ жаңа әкімшілік орталықтың оңтүстiк бөлігінде орналасады. Жалпы аумағы 100 гектар қазіргі заманға сай  «Ботаникалық бақ» қаладағы үздік туындылардың біріне айналмақ. Бүгінде  құрылыстың жобасы әзiрленіп жатыр», - деді әкімдік мамандары.

Соңғы он жылда елордада жалпы жеті саябақ пен ондаған гүл бағы салы­нып, тұрғын­дар­дың де­малыс орнына айналып үлгерген.

Жалпы, Халықаралық Экспо-2017 көрмесі өтетін жылға дейін жаңа парктер мен скверлер бой көтеріп, қаланың көр­нек­ті орындарына айналмақ.

Бұған қоса,  өткен жылы көгалдандыру бағдарламасы аясында отырғызылған ағаштар күтiп-бапталып,  қосымша 40 мыңнан астам ағаш,  8 млн. гүл егiлді. Орталық қалалық саябақ қайта жөнделді.

Саябақты тұтас жауып тастамау үшiн жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілді. Атап айтқанда, мәдени шаралар өтетiн аумақтар, жағажайлар, қолданыстағы аквапарк және тоған қайта жөнделді, - делінген хабарламада.

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Ұқсас материалдар