Қандастар Ассамблея

«Көне Тараз» аспанасты мұражайға айналады

28.02.2013 3808
Осыдан бірер жыл бұрын Тараз қаласындағы базар орнынан көне шаһардың орны табылғандығы белгілі. Бұл маңға дереу археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, базар жұмысын тоқтатқан кезде біраз шу шыққанын да халық әлі ұмытқан жоқ. Ал, жергілікті билік өкілдері болса жақын күндері «Көне Тараз» қалашығын аспанасты мұражайына айналдырамыз деп отыр.  «Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен 2011 жылдан бастап «Көне Тараз» қалашығында археологиялық қазба жұмыстары тарих ғылымдарының докторы, профессор К.Байпақовтың жетекшілігімен әлемдік маңызы бар археологиялық қазба жұмыстары жылдан жылға жалғасын тауып, біршама нәтижелерге қол жеткіздік. Қазба барысында ортағасырлық монша құрылысы қалдығының жылыту жүйелері мен ортағасырға тән тұрғын үй іргетастары аршылып, көптеген археологиялық жәдігерлер табылды. Археологиялық зерттеу барысында ашылған орындарға тиісінше консервациялық жұмыстар жүргізіп, кешенді толықтай қорғауға алған соң аспанасты мұражайына айналдыру жұмыстары іске асырылады. Қазба барысында табылған заттай деректер уақытша сақтау шатыры астына орналастырылып, келуші туристтерге қаланың тарихын тамашалау үшін «Ежелгі Тараз» қалашығының барлық аумағы игерілетін болады» дейді Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев өзінің блог тұғырнамасында. Айта кетейік, Тараз тұрғындарының бірі әкімнен ескі базар орнын туристік нысанға айналдыру мәселесі қалай жүргізіліп жатқандығын сұраған болатын. BAQ.kz

Осыдан бірер жыл бұрын Тараз қаласындағы базар орнынан көне шаһардың орны табылғандығы белгілі. Бұл маңға дереу археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, базар жұмысын тоқтатқан кезде біраз шу шыққанын да халық әлі ұмытқан жоқ. Ал, жергілікті билік өкілдері болса жақын күндері «Көне Тараз» қалашығын аспанасты мұражайына айналдырамыз деп отыр. 
«Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен 2011 жылдан бастап «Көне Тараз» қалашығында археологиялық қазба жұмыстары тарих ғылымдарының докторы, профессор К.Байпақовтың жетекшілігімен әлемдік маңызы бар археологиялық қазба жұмыстары жылдан жылға жалғасын тауып, біршама нәтижелерге қол жеткіздік.
Қазба барысында ортағасырлық монша құрылысы қалдығының жылыту жүйелері мен ортағасырға тән тұрғын үй іргетастары аршылып, көптеген археологиялық жәдігерлер табылды.
Археологиялық зерттеу барысында ашылған орындарға тиісінше консервациялық жұмыстар жүргізіп, кешенді толықтай қорғауға алған соң аспанасты мұражайына айналдыру жұмыстары іске асырылады. Қазба барысында табылған заттай деректер уақытша сақтау шатыры астына орналастырылып, келуші туристтерге қаланың тарихын тамашалау үшін «Ежелгі Тараз» қалашығының барлық аумағы игерілетін болады» дейді Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев өзінің блог тұғырнамасында.
Айта кетейік, Тараз тұрғындарының бірі әкімнен ескі базар орнын туристік нысанға айналдыру мәселесі қалай жүргізіліп жатқандығын сұраған болатын.

BAQ.kz

Ұқсас материалдар