Қандастар Ассамблея

Жалпы білім беретін мектептер

28.02.2013 5980
Қазан төңкерісінен соң жұмыс істеген 1-ші сатыдағы мектептерде, біржылдық, екіжылдық, үшжылдық, төртжылдық оқыту курстарында, интернаты бар коммунамектептерде, жетіжылдық мектептерде және 2-ші сатыдағы мектептерде оқыту сапасын жақсарту, жаңа мазмұнды бағдарламаны толықтыру бойынша жұмыстар жүргізілді. «Міндетті жалпыға ортақ және міндетті бастауыш білім туралы» қаулының шығуына байланысты біржылдық және екіжылдық мектептер оқыту мерзімі төртжылдық бастауыш мектеп болып өзгертілді, оның қазақ балаларын көбірек оқытуға және біліммен қамтамасыз етуге қосқан үлесі зор еді. 1930 жылдары барлық пәндер бойынша жаңа оқу бағдарламалары бекітілді; қазақ мектептеріне арналған жаңа оқулықтар жазу бойынша жұмыстар жүргізілді. 70-жылдардың соңында Целиноград қаласында 35 орта мектеп болған, ал 1992 жылы Елорданың жаңару кезеңіндегі олардың саны – 38. Он жылға жуық уақыт мектеп салынған жоқ. Тек 2001 жылдан бастап, жыл сайын жаңа білім нысандары ашылып, пайдалануға беріліп отырды және соның нәтижесінде білім ұйымдарының желісі едәуір кеңейтілді. 2000 жылдан 2006 жылға дейінгі кезеңде 14 жаңа мектеп, 2007 ж. 4 мектеп және жеке меншік қазақ-түрік лицейі ашылды, 2008 ж. жобалық ауқымы бойынша әрқайсысы 1200 орындық 11 жалпы білім беретін мектепті пайдалануға беру жоспарланды. Бүгінгі танда Астана қаласы Білім департаменті ведомствосына қарасты құрылым 174 білім беру ұйымынан тұрады, оның ішінде, 73 мектеп, 32 кәсіптік білім ұйымы, балалар үйі, кәмелетке толмаған балаларға арналған жетімхана, кешкі мектеп, арнайы түзету мектеп-интернаты, 2 оңалту орталығы, 3 психологиялық-медициналық-педагогикалық консулвтация (ПМПК), Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты, «Ағылшын тілі орталығы», 11 қосымша білім ұйымы бар. Қосымша білім құрылымында Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы, 2 «Өнер мектебі», Балалар көркемсурет мектебі, 4 музыка мектебі, жас саяхатшылар стансасы, Техникалық шығармашылық орталығы, аула клубтарының жұмысын үйлестіретін «Шығыс» орталығы жұмыс істейді. Мемлекеттік мектептердегі оқушылар контингенті 63 872 оқушыны құрайды. Қазақ тілінде оқытатын 19 мектеп, орыс тілінде оқытатын 15 мектеп, 27 аралас мектеп және украин тілінде оқытатын 1 мектеп жұмыс істейді. Мемлекеттік емес 11 мектепте 2065 оқушы білім алады. Оқуға ынтасы жоғары балалармен жұмыстың ілгерілеуіне дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер үлкен үлес қосуда. Олардың қатарына дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебі, дарынды ұлдарға арналған қазақ-түрік лицейі, дарынды қыздарға арналған қазақ-түрік лицейі, дарынды балаларға арналған № 48 «Мұрагер» мамандандырылған мектебі секілді білім ошақтарын жатқызуға болады. Қаланың білім жүйесі 20-дан астам инновациялық білім беру технологиясы бойынша жұмыс істейді. Жалпы білім беретін ұйымдарды ақпараттық есептегіш құралдармен қамтамасыз ету көрсеткіші бойынша алғанда 13 оқушыға 1 компьютерден келеді. Астаналық мектептерде оқу-тәрбие үрдісінде Интернетті пайдалану мүмкіндігі бүгінгі таңда 100%-ды құрайды. Астана қаласының 5 колледжі мен 5 кәсіптік мектебі ADSL-байланысы бойынша Интернет желісінде жұмыс істейді. Білім жүйесін ақпараттандыру орталығында Астана қаласы Білім департаментінің сервері қызмет көрсетеді. Прокси-сервер, пошталық сервер жасалып, қолданысқа енгізілген. Бөлінген арна бойынша сервер Интернет желісіне қосылған. ADSL байланвыс түрімен қамтамасыз етілмеген мектептерге прокси-сервер арқылы үш параллель телефон желісі бойынша Интернет торабына кіру мүмкіндігі ұйымдастырылған. Политехникалық колледж базасында Халықаралық тораптық технологиялар академиясының («Cisko» Тораптық академиясы) филиалы ашылды. Академия қызметі болашақта өз бетінше локалдық және ғаламдық тораптарды жасау және құрумен айналысуға мүмкіндік береді. Ағылшын тілін үйрену жөніндегі EduSoft компаниясының мультимедиялық бағдарламалық кешені енгізілді, ол тіл пәндерін оқу және оқытудың сапасын едәуір арттырмақ. Астана қаласының барлық білім ұйымдарында интерактивтік тақта орнатылған. 2007 жылғы наурызда №1 МӘЛ базасында МАБО (мультисервистік ақпараттық-білім ортасы) жобасы енгізілді. Бүгінгі таңда аталған жоба политехникалық колледжде және №54 орта мектепте жүзеге асырылып отыр. 2007 жылы 3 қыркүйекте №50 мектепте Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың қатысуымен интерактив сабағы өткізілді, сол жолы бір уақытта онлайн режимі бойынша қаланың 33 мектебі және Қазақстан Республикасының 1000 мектебі байланысқа шықты. Астана қаласының Білім департаменті халықаралық жобалар бойынша нақты жұмыстарды жүргізіп келеді. Халықаралық «Мирас» мектебі 2001 жылдан бері ЮНЕСКО-ның қауымдасқан мектебі болып саналады. Мектеп Кембридж университеті тарапынан орта білім туралы халықаралық сертификат алу үшін, оқыту және IGCSE емтиханына дайындау құқығы бойынша аккредиттеуден өткізілген. Сабақ оқытудың тиімді технологиясының негізінде жүргізіледі. Халықаралық үздіксіз білім беру колледжі мынадай екі халықаралық жоба бойынша жұмыс істейді: РҮР – мектепке дейінгі бастауыш білім бағдарламасы; МҮР – негізгі мектеп бағдарламасы. 2006 ж. Ұлыбританиямен (Кардифф қаласы) ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. «Германия білім министрлері конференциясының тапсырысы бойынша немістің тіл туралы дипломы» (БСБ) халыкаралык жобасы бойынша жұмыс жүргізіледі. Польша Республикасымен білім беру бағдарламасы саласындағы әріптестік мәселесі жолға қойылған. Сингапурмен ынтымақтастық орнатудың нәтижесінде қаланың білім беру ұйымдарындағы мультимедиалық кабинеттерде электрондық оқулықтарды пайдалана отырып, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқытудың бағдарламалары орнатылды. 2002 жылдан бастап Мәскеудің Оңтүстік-шығыс білім беру округімен екі жақты келісімшарт қолданысқа енгізілді. Астанадағы филиалының білім беру қызметі арқылы Мәскеу каласының «Столичный» лицейімен коммерциялық емес серіктестік жұмысын жандандыру қолға алынып отыр. Біліктілікті арттыру институты мен Мәскеу халықаралық гуманитарлық ғылымдар институты арасындағы әріптестік туралы екі жақты келісімшартқа қол қойылды. Санкт-Петербург постдипломдық педагогикалық білім академиясымен жемісті ынтымақтастық жалғасуда. Педагогика ғылымдарының кандидаттарынан тұратын оқытушылар құрамы мүғалімдер мен оқушылардың жоба бойынша қызметтерін жандандыру және жаңа сабақтар өткізу үшін тұрақты түрде көшпелі практикалық семинарлар өткізіліп тұрады. Минск білім комитетімен екі жақты келісімшарт жасалды. Украинамен білім беру бағдарламасы саласындағы әріптестік туралы екі жақты келісімшартқа кол қойылды. Білім департаменті жексенбілік мектептер аркылы жақын шетелдермен, соның ішінде, Ресеймен, Қырғызстанмен, Тәжікстанмен, Әзірбайжанмен, Украинамен, Армениямен, сондай-ақ алыстағы шетелдермен: Польшамен, Германиямен, Кореямен, Сингапурмен, Ұлыбританиямен, Малайзиямен, Қытаймен тығыз қарым-қатынас орнатуға қол жеткізіп отыр. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Қазан төңкерісінен соң жұмыс істеген 1-ші сатыдағы мектептерде, біржылдық, екіжылдық, үшжылдық, төртжылдық оқыту курстарында, интернаты бар коммунамектептерде, жетіжылдық мектептерде және 2-ші сатыдағы мектептерде оқыту сапасын жақсарту, жаңа мазмұнды бағдарламаны толықтыру бойынша жұмыстар жүргізілді. «Міндетті жалпыға ортақ және міндетті бастауыш білім туралы» қаулының шығуына байланысты біржылдық және екіжылдық мектептер оқыту мерзімі төртжылдық бастауыш мектеп болып өзгертілді, оның қазақ балаларын көбірек оқытуға және біліммен қамтамасыз етуге қосқан үлесі зор еді. 1930 жылдары барлық пәндер бойынша жаңа оқу бағдарламалары бекітілді; қазақ мектептеріне арналған жаңа оқулықтар жазу бойынша жұмыстар жүргізілді. 70-жылдардың соңында Целиноград қаласында 35 орта мектеп болған, ал 1992 жылы Елорданың жаңару кезеңіндегі олардың саны – 38. Он жылға жуық уақыт мектеп салынған жоқ. Тек 2001 жылдан бастап, жыл сайын жаңа білім нысандары ашылып, пайдалануға беріліп отырды және соның нәтижесінде білім ұйымдарының желісі едәуір кеңейтілді. 2000 жылдан 2006 жылға дейінгі кезеңде 14 жаңа мектеп, 2007 ж. 4 мектеп және жеке меншік қазақ-түрік лицейі ашылды, 2008 ж. жобалық ауқымы бойынша әрқайсысы 1200 орындық 11 жалпы білім беретін мектепті пайдалануға беру жоспарланды.

Бүгінгі танда Астана қаласы Білім департаменті ведомствосына қарасты құрылым 174 білім беру ұйымынан тұрады, оның ішінде, 73 мектеп, 32 кәсіптік білім ұйымы, балалар үйі, кәмелетке толмаған балаларға арналған жетімхана, кешкі мектеп, арнайы түзету мектеп-интернаты, 2 оңалту орталығы, 3 психологиялық-медициналық-педагогикалық консулвтация (ПМПК), Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты, «Ағылшын тілі орталығы», 11 қосымша білім ұйымы бар. Қосымша білім құрылымында Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы, 2 «Өнер мектебі», Балалар көркемсурет мектебі, 4 музыка мектебі, жас саяхатшылар стансасы, Техникалық шығармашылық орталығы, аула клубтарының жұмысын үйлестіретін «Шығыс» орталығы жұмыс істейді. Мемлекеттік мектептердегі оқушылар контингенті 63 872 оқушыны құрайды. Қазақ тілінде оқытатын 19 мектеп, орыс тілінде оқытатын 15 мектеп, 27 аралас мектеп және украин тілінде оқытатын 1 мектеп жұмыс істейді. Мемлекеттік емес 11 мектепте 2065 оқушы білім алады. Оқуға ынтасы жоғары балалармен жұмыстың ілгерілеуіне дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер үлкен үлес қосуда. Олардың қатарына дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебі, дарынды ұлдарға арналған қазақ-түрік лицейі, дарынды қыздарға арналған қазақ-түрік лицейі, дарынды балаларға арналған № 48 «Мұрагер» мамандандырылған мектебі секілді білім ошақтарын жатқызуға болады. Қаланың білім жүйесі 20-дан астам инновациялық білім беру технологиясы бойынша жұмыс істейді. Жалпы білім беретін ұйымдарды ақпараттық есептегіш құралдармен қамтамасыз ету көрсеткіші бойынша алғанда 13 оқушыға 1 компьютерден келеді. Астаналық мектептерде оқу-тәрбие үрдісінде Интернетті пайдалану мүмкіндігі бүгінгі таңда 100%-ды құрайды. Астана қаласының 5 колледжі мен 5 кәсіптік мектебі ADSL-байланысы бойынша Интернет желісінде жұмыс істейді. Білім жүйесін ақпараттандыру орталығында Астана қаласы Білім департаментінің сервері қызмет көрсетеді. Прокси-сервер, пошталық сервер жасалып, қолданысқа енгізілген. Бөлінген арна бойынша сервер Интернет желісіне қосылған. ADSL байланвыс түрімен қамтамасыз етілмеген мектептерге прокси-сервер арқылы үш параллель телефон желісі бойынша Интернет торабына кіру мүмкіндігі ұйымдастырылған. Политехникалық колледж базасында Халықаралық тораптық технологиялар академиясының («Cisko» Тораптық академиясы) филиалы ашылды. Академия қызметі болашақта өз бетінше локалдық және ғаламдық тораптарды жасау және құрумен айналысуға мүмкіндік береді. Ағылшын тілін үйрену жөніндегі EduSoft компаниясының мультимедиялық бағдарламалық кешені енгізілді, ол тіл пәндерін оқу және оқытудың сапасын едәуір арттырмақ. Астана қаласының барлық білім ұйымдарында интерактивтік тақта орнатылған. 2007 жылғы наурызда №1 МӘЛ базасында МАБО (мультисервистік ақпараттық-білім ортасы) жобасы енгізілді. Бүгінгі таңда аталған жоба политехникалық колледжде және №54 орта мектепте жүзеге асырылып отыр. 2007 жылы 3 қыркүйекте №50 мектепте Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың қатысуымен интерактив сабағы өткізілді, сол жолы бір уақытта онлайн режимі бойынша қаланың 33 мектебі және Қазақстан Республикасының 1000 мектебі байланысқа шықты. Астана қаласының Білім департаменті халықаралық жобалар бойынша нақты жұмыстарды жүргізіп келеді. Халықаралық «Мирас» мектебі 2001 жылдан бері ЮНЕСКО-ның қауымдасқан мектебі болып саналады. Мектеп Кембридж университеті тарапынан орта білім туралы халықаралық сертификат алу үшін, оқыту және IGCSE емтиханына дайындау құқығы бойынша аккредиттеуден өткізілген. Сабақ оқытудың тиімді технологиясының негізінде жүргізіледі. Халықаралық үздіксіз білім беру колледжі мынадай екі халықаралық жоба бойынша жұмыс істейді: РҮР – мектепке дейінгі бастауыш білім бағдарламасы; МҮР – негізгі мектеп бағдарламасы. 2006 ж. Ұлыбританиямен (Кардифф қаласы) ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. «Германия білім министрлері конференциясының тапсырысы бойынша немістің тіл туралы дипломы» (БСБ) халыкаралык жобасы бойынша жұмыс жүргізіледі. Польша Республикасымен білім беру бағдарламасы саласындағы әріптестік мәселесі жолға қойылған. Сингапурмен ынтымақтастық орнатудың нәтижесінде қаланың білім беру ұйымдарындағы мультимедиалық кабинеттерде электрондық оқулықтарды пайдалана отырып, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқытудың бағдарламалары орнатылды. 2002 жылдан бастап Мәскеудің Оңтүстік-шығыс білім беру округімен екі жақты келісімшарт қолданысқа енгізілді. Астанадағы филиалының білім беру қызметі арқылы Мәскеу каласының «Столичный» лицейімен коммерциялық емес серіктестік жұмысын жандандыру қолға алынып отыр. Біліктілікті арттыру институты мен Мәскеу халықаралық гуманитарлық ғылымдар институты арасындағы әріптестік туралы екі жақты келісімшартқа қол қойылды. Санкт-Петербург постдипломдық педагогикалық білім академиясымен жемісті ынтымақтастық жалғасуда. Педагогика ғылымдарының кандидаттарынан тұратын оқытушылар құрамы мүғалімдер мен оқушылардың жоба бойынша қызметтерін жандандыру және жаңа сабақтар өткізу үшін тұрақты түрде көшпелі практикалық семинарлар өткізіліп тұрады. Минск білім комитетімен екі жақты келісімшарт жасалды. Украинамен білім беру бағдарламасы саласындағы әріптестік туралы екі жақты келісімшартқа кол қойылды. Білім департаменті жексенбілік мектептер аркылы жақын шетелдермен, соның ішінде, Ресеймен, Қырғызстанмен, Тәжікстанмен, Әзірбайжанмен, Украинамен, Армениямен, сондай-ақ алыстағы шетелдермен: Польшамен, Германиямен, Кореямен, Сингапурмен, Ұлыбританиямен, Малайзиямен, Қытаймен тығыз қарым-қатынас орнатуға қол жеткізіп отыр.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Ұқсас материалдар