Қандастар Ассамблея

Жалпы мәлімет

28.02.2013 2138
Ресейдің отарына айналғанға дейін қазақтар мектептер мен медреселерде білім алды. Қазақстанда 19 ғасырдың 2-ші жартысынан бастап интернаттары бар орыс-қазақ мектептері пайда бола бастады. Бұл мектептерде ана тілі және орыс тілі, арифметика, ән-күй, дінтану сабақтары өткізілді. Тарих, география, жаратылыстану пәндері екі сыныптық училищенің жоғары бөлімдерінде оқытылды. Білім беруді қайта ұйымдастыру Қазан төңкерісінен кейін қолға алынды. Оқу орындарының саны артты. Орыс-қазақ мектептері, мектептер мен медреселер 1917-1920 жылдары кеңестік қазақ мектептеріне айнаддырылып, қайта құрылды. Жалпы білім беретін мектептер алғаш ашылғанда педагогика кадрларының жетіспеушілік жағдайын бастан кешірді. Тың және тыңайған жерлерді игеру кезіндегі демографиялық ахуаддың жаңаша сипат алуына байланысты 50-60-жылдары білім жүйесін жедел дамыту қажеттілігі туындады. Облыстық, уездік, болыстық кеңестердің атқарушы комитеттері жанынан халыққа білім беру бөлімдері құрылды. Астана қалалық халыққа білім беру бөлімінің атауы 1999 жылға дейін сақталып келді. Қалалық білім бөлімінің (ҚББ) атауы 1999 жылы қазіргі Елорда әкімдігінің өкімі бойынша Астана қаласының Білім баскармасы деп ауыстырыдды. 2001 жылдан бастап басқарма Астана қаласының Білім департаменті деп аталды және әкімдіктің құрылымдық бөлімі болып табылады. Білім беруді дамытуды қамтамасыз ететін болғандықтан, кез келген білім беру жүйесінің дарынды балалармен жұмыс жұргізу қызметі басым бағыт болып есептеледі. Бұл жұмыстар барысында барынша тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін басқарудың бағдарламалық-мақсатты әдістері мен іс-әрекеті ресурстық қамтамасыз етудің ұйымдық-экономикалық механизмдерін пайдалану қажет етіледі. 2006 жылы Елордада «Астана дарындары» деп аталатын аймақтық ғылыми-практикалық орталық ашылды. Орталықтың мақсаты әр білім алушының өзіндік мүмкіндіктерін дамыту, жеке адамның өзіне ғана тән ерекше қабілетін ескере отырып, шығармашылық тұлғасын қалыптастыру үшін барынша жағдайлар жасау, дарынды балалар мен жастарды іріктеу, анықтау, білімдерін арттыру және дамыту, қолдау көрсету жүйесін жасау және калыптастыру болып табылады. Орталықтың негізгі міндеттері оқушылардың арнайы шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту, білім алушылардың табиғи, зияткерлік кабілеттерін жан-жақты дамыту болып табылады. Орталык балалардың түрлі пәндер бойынша аудандық, қалалық және республикалық олимпиадаларға қатысуына қолдау көрсетеді. Резерв дайындау және калыптастыру үшін жазғы мектеп түрінде, жас дарындарды жетілдіру жұмыстары жүргізіледі. Орталық олимпиадаға қатысушылардың білімдерін шыңдауда ЖОО ғалым-оқытушыларын тартуға баса назар аударады. Орталық өз қызметінің максаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстарды орындайды; мектеп оқушыларына қосымша білім беру жүйесі арқылы дарынды балалармен жұмыстың негізгі түрін дамытады; әр түрлі зияткерлік жарыстарды, конкурстарды, слеттерді өткізеді; Қазакстан Республикасының заңнамасына сәйкес баска да қызметтер көрсетеді. Дарынды балалар туралы деректер қоры құрылған. Ондай балаларды анықтау үшін психологиялық диагноз қою зертханасында жұмыстар жүргізіледі. Кешенді психологиялық тестілеу нәтижесі бойынша жеке психологиялық карталар жасалған. Психологтар дарынды оқушылармен эмпатияны (тәжірибені бекітуді) дамытуға, бір-біріне сеніммен қарауға, әлеуметтік ортада: отбасында, мектепте, құрдастар арасында өзін ұстай білу мен бейімделу кабілетін қалыптастыруға, коммуникативтік біліктілік пен төзімділіктерін орнықтыруға бағытталған тренинг түрінде үздіксіз жұмыс жүргізеді. Зияткерлік жарыстар зертханасының басты міндеті зияткерлік жарыстар өткізу жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеу, жалпы білім беретін пәндер бойынша қаланың дарынды оқушыларының құрама командасын қалыптастыру, негізгі жалпы білім беретін пәндер бойынша арнайы білім курстары мен бағдарламаларын әзірлеу және енгізу болып табылады. Инновациялық әлеуметтік-педагогикалық жобалар конкурсын, дарынды балалармен жұмыс жүргізу бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу жолға қойылған. «Астана дарындары» орталығының қызметіндегі басым бағыттардың бірі оқушылар мен мұғалімдердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады. Осы мақсатта «Астана дарындары» ғылыми мектебі қалыптастырылды, оның ғылыми кеңесшілері – Елорда университеттерінің ғалымдары. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Ресейдің отарына айналғанға дейін қазақтар мектептер мен медреселерде білім алды. Қазақстанда 19 ғасырдың 2-ші жартысынан бастап интернаттары бар орыс-қазақ мектептері пайда бола бастады. Бұл мектептерде ана тілі және орыс тілі, арифметика, ән-күй, дінтану сабақтары өткізілді. Тарих, география, жаратылыстану пәндері екі сыныптық училищенің жоғары бөлімдерінде оқытылды. Білім беруді қайта ұйымдастыру Қазан төңкерісінен кейін қолға алынды. Оқу орындарының саны артты. Орыс-қазақ мектептері, мектептер мен медреселер 1917-1920 жылдары кеңестік қазақ мектептеріне айнаддырылып, қайта құрылды. Жалпы білім беретін мектептер алғаш ашылғанда педагогика кадрларының жетіспеушілік жағдайын бастан кешірді. Тың және тыңайған жерлерді игеру кезіндегі демографиялық ахуаддың жаңаша сипат алуына байланысты 50-60-жылдары білім жүйесін жедел дамыту қажеттілігі туындады. Облыстық, уездік, болыстық кеңестердің атқарушы комитеттері жанынан халыққа білім беру бөлімдері құрылды. Астана қалалық халыққа білім беру бөлімінің атауы 1999 жылға дейін сақталып келді. Қалалық білім бөлімінің (ҚББ) атауы 1999 жылы қазіргі Елорда әкімдігінің өкімі бойынша Астана қаласының Білім баскармасы деп ауыстырыдды. 2001 жылдан бастап басқарма Астана қаласының Білім департаменті деп аталды және әкімдіктің құрылымдық бөлімі болып табылады.

Білім беруді дамытуды қамтамасыз ететін болғандықтан, кез келген білім беру жүйесінің дарынды балалармен жұмыс жұргізу қызметі басым бағыт болып есептеледі. Бұл жұмыстар барысында барынша тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін басқарудың бағдарламалық-мақсатты әдістері мен іс-әрекеті ресурстық қамтамасыз етудің ұйымдық-экономикалық механизмдерін пайдалану қажет етіледі. 2006 жылы Елордада «Астана дарындары» деп аталатын аймақтық ғылыми-практикалық орталық ашылды. Орталықтың мақсаты әр білім алушының өзіндік мүмкіндіктерін дамыту, жеке адамның өзіне ғана тән ерекше қабілетін ескере отырып, шығармашылық тұлғасын қалыптастыру үшін барынша жағдайлар жасау, дарынды балалар мен жастарды іріктеу, анықтау, білімдерін арттыру және дамыту, қолдау көрсету жүйесін жасау және калыптастыру болып табылады. Орталықтың негізгі міндеттері оқушылардың арнайы шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту, білім алушылардың табиғи, зияткерлік кабілеттерін жан-жақты дамыту болып табылады. Орталык балалардың түрлі пәндер бойынша аудандық, қалалық және республикалық олимпиадаларға қатысуына қолдау көрсетеді. Резерв дайындау және калыптастыру үшін жазғы мектеп түрінде, жас дарындарды жетілдіру жұмыстары жүргізіледі. Орталық олимпиадаға қатысушылардың білімдерін шыңдауда ЖОО ғалым-оқытушыларын тартуға баса назар аударады. Орталық өз қызметінің максаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстарды орындайды; мектеп оқушыларына қосымша білім беру жүйесі арқылы дарынды балалармен жұмыстың негізгі түрін дамытады; әр түрлі зияткерлік жарыстарды, конкурстарды, слеттерді өткізеді; Қазакстан Республикасының заңнамасына сәйкес баска да қызметтер көрсетеді. Дарынды балалар туралы деректер қоры құрылған. Ондай балаларды анықтау үшін психологиялық диагноз қою зертханасында жұмыстар жүргізіледі. Кешенді психологиялық тестілеу нәтижесі бойынша жеке психологиялық карталар жасалған. Психологтар дарынды оқушылармен эмпатияны (тәжірибені бекітуді) дамытуға, бір-біріне сеніммен қарауға, әлеуметтік ортада: отбасында, мектепте, құрдастар арасында өзін ұстай білу мен бейімделу кабілетін қалыптастыруға, коммуникативтік біліктілік пен төзімділіктерін орнықтыруға бағытталған тренинг түрінде үздіксіз жұмыс жүргізеді. Зияткерлік жарыстар зертханасының басты міндеті зияткерлік жарыстар өткізу жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеу, жалпы білім беретін пәндер бойынша қаланың дарынды оқушыларының құрама командасын қалыптастыру, негізгі жалпы білім беретін пәндер бойынша арнайы білім курстары мен бағдарламаларын әзірлеу және енгізу болып табылады.

Инновациялық әлеуметтік-педагогикалық жобалар конкурсын, дарынды балалармен жұмыс жүргізу бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу жолға қойылған.

«Астана дарындары» орталығының қызметіндегі басым бағыттардың бірі оқушылар мен мұғалімдердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады. Осы мақсатта «Астана дарындары» ғылыми мектебі қалыптастырылды, оның ғылыми кеңесшілері – Елорда университеттерінің ғалымдары.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Ұқсас материалдар