Қандастар Ассамблея

Мектеп оқушылары арасында зияткерлік сайысы өтті

27.02.2013 4455
Бүгін Астана қаласында М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «Ғасырдан-ғасырға» атты қалалық зияткерлік сайыс өтті. Тарихын білмеген бала ұлттық құндылықты да білмейтіні рас. Астана қаласы Білім беру басқармасының  «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-тәжірибелік  орталығының директоры Майра Құрманбаеваның айтуынша,  жыл сайын ақпан айында өтетін интеллектуалдық сайыс биыл да дәстүрінен жаңылмай жоспарлы түрде өткізіліп отыр. Мақсаты өскелең  ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастырып, салт-дәстүрімізді сақтауға, ана тілінде еркін сөйлеуге баулу көрінеді. Сайыстың іріктеу кезеңінде қаладағы жалпы 70 мектептің 61-і бақ сынаған. Солардың  арасында ең үздік өнер көрсеткен 12 команда іріктеп алынды.  Сайыстың қорытындысы бойынша: Бас жүлде - №64 мектеп-лицейдің еншісіне тиді. І орынды №17 мектеп-гимназиясы, II орынды №61 орта мектебі, №69 мектеп-гимназиясы және №70 мектеп-лицейі иеленсе, III орын №27  мектеп-лицейіне, №38 мектеп-лицейіне, №60 мектеп-лицейіне және Балалар үйіне бұйырды. №6 гимназия – «Тылсым өнердің тынысын ашқан өрен», №62 мектеп-лицейі – «Көркем сөзбен оятқан көңіл көзін», №54 мектеп-лицейі – «Көрермен көңілінен шыққан» аталымдар бойынша марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді. Өз кейіпкерін үздік сомдап, жүлделі орын алған дарынды жастар Зерендідегі оқыту лагеріне жіберіледі. Бұл лагерде еліміздің олимпиада резервіне балалар дайындалады. Бүгінгі сайысқа қатысып отырған оқушылар  да олимпиада резервінде тәрбиеленушілерден бір  кем түспейді екен. Сондықтан, оларға  шығармашылықтарын шыңдау мақсатында  аталған мекемеге  тегін  жолдама беріп отыр. Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Бүгін Астана қаласында М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «Ғасырдан-ғасырға» атты қалалық зияткерлік сайыс өтті.

Тарихын білмеген бала ұлттық құндылықты да білмейтіні рас. Астана қаласы Білім беру басқармасының  «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-тәжірибелік  орталығының директоры Майра Құрманбаеваның айтуынша,  жыл сайын ақпан айында өтетін интеллектуалдық сайыс биыл да дәстүрінен жаңылмай жоспарлы түрде өткізіліп отыр. Мақсаты өскелең  ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастырып, салт-дәстүрімізді сақтауға, ана тілінде еркін сөйлеуге баулу көрінеді. Сайыстың іріктеу кезеңінде қаладағы жалпы 70 мектептің 61-і бақ сынаған. Солардың  арасында ең үздік өнер көрсеткен 12 команда іріктеп алынды. 

Сайыстың қорытындысы бойынша:

Бас жүлде - №64 мектеп-лицейдің еншісіне тиді.

І орынды №17 мектеп-гимназиясы, II орынды №61 орта мектебі, №69 мектеп-гимназиясы және №70 мектеп-лицейі иеленсе, III орын №27  мектеп-лицейіне, №38 мектеп-лицейіне, №60 мектеп-лицейіне және Балалар үйіне бұйырды.

№6 гимназия – «Тылсым өнердің тынысын ашқан өрен», №62 мектеп-лицейі – «Көркем сөзбен оятқан көңіл көзін», №54 мектеп-лицейі – «Көрермен көңілінен шыққан» аталымдар бойынша марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Өз кейіпкерін үздік сомдап, жүлделі орын алған дарынды жастар Зерендідегі оқыту лагеріне жіберіледі. Бұл лагерде еліміздің олимпиада резервіне балалар дайындалады. Бүгінгі сайысқа қатысып отырған оқушылар  да олимпиада резервінде тәрбиеленушілерден бір  кем түспейді екен. Сондықтан, оларға  шығармашылықтарын шыңдау мақсатында  аталған мекемеге  тегін  жолдама беріп отыр.

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Ұқсас материалдар