Қандастар Ассамблея

Алаштың ардақтыларына арналған кеш

27.02.2013 4084
Тар жол, тайғақ кешу заманында ата-бабаларымыз еркіндік пен теңдікті аңсап, егеменді ел болу жолында семсердің ұшымен, білектің күшімен күресіп қана қоймай, халықтың санасын серпілтіп, рухын көтеру мақсатында да аз тер төккен жоқ. Әсіресе, XIX ғасырдың бірінші жартысында «Керегіміз - ағаш, ұранымыз - Алаш» деп аттандаған азаматтар есімі мәңгі ел жадында қалады. Астанадағы Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында «Алаштың ардақтылары» атты шығармашылық кеш өтті. Аталған іс-шара Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлының 155 жылдығына, Халел Досмұхамедұлының 130 жылдығына, Мағжан Жұмабаев пен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 120 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Кештің ұйымдастырушысы - Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы. Хамитбек Махмұтов, Астана қаласының тұрғыны: Алаш партиясының төрағасы Әлихан Бөкейханов болғанымен, оның идеологы Ахмет Байтұрсынов. Ал, Түркияның ата түркі Міржақып Дулатовты «Менің оқытушым» деп атаған. Бұл кісілердің рөлі өз заманында өте күшті болған. Қазір қазақ балаларына Алаш партиясы өкілдерінің еңбектерін оқыту керек, жастар Алаштың тарихын білуі керек. Кеште Қалибек Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрының әртістері Алаш қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығынан үзінділер көрсетті. Сонымен қатар, әншілер ән айтып, күйшілер көрерменді күмбірлеген күйге бөледі. Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Тар жол, тайғақ кешу заманында ата-бабаларымыз еркіндік пен теңдікті аңсап, егеменді ел болу жолында семсердің ұшымен, білектің күшімен күресіп қана қоймай, халықтың санасын серпілтіп, рухын көтеру мақсатында да аз тер төккен жоқ. Әсіресе, XIX ғасырдың бірінші жартысында «Керегіміз - ағаш, ұранымыз - Алаш» деп аттандаған азаматтар есімі мәңгі ел жадында қалады.

Астанадағы Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында «Алаштың ардақтылары» атты шығармашылық кеш өтті. Аталған іс-шара Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлының 155 жылдығына, Халел Досмұхамедұлының 130 жылдығына, Мағжан Жұмабаев пен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 120 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Кештің ұйымдастырушысы - Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы.

Хамитбек Махмұтов, Астана қаласының тұрғыны:

Алаш партиясының төрағасы Әлихан Бөкейханов болғанымен, оның идеологы Ахмет Байтұрсынов. Ал, Түркияның ата түркі Міржақып Дулатовты «Менің оқытушым» деп атаған. Бұл кісілердің рөлі өз заманында өте күшті болған. Қазір қазақ балаларына Алаш партиясы өкілдерінің еңбектерін оқыту керек, жастар Алаштың тарихын білуі керек.

Кеште Қалибек Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрының әртістері Алаш қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығынан үзінділер көрсетті. Сонымен қатар, әншілер ән айтып, күйшілер көрерменді күмбірлеген күйге бөледі.

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Ұқсас материалдар