Қандастар Ассамблея

1929-1939 ж.ж.

27.02.2013 2466
1929 ж. Бурабай-Ақмола темір жол желісі іске қосылды. Оның құрылысына 2 мыңға жуық адам қатысты. 1929 жылдың 9 қарашасында Ақмолаға бірінші поезд келді. Одан кейінгі жылдары Ақмоланы Қазақстанның басқа өндіріс және мәдени орталықтарымен байланыстырған темір жол магистральдары іске қосылды. 1931 ж. темір жол Қарағандыға, 1935 ж. Балқашқа, 1940 ж. Жезқазғанға жетті. Темір жол магистралының құрылысы қала мен аймақта түрлі өнеркәсіптік саланың дамуына әсер етті және Ақмоланы ірі көлік торабына айналдырды. 1929 ж. қалада 474 оқушысы бар 1 сатылы 4 орыс мектебі, 413 адам оқитын 3 қазақ мектебі болды. Оның үстіне, тағы да жеті жылдық бір орыс (328 оқушы), 1 татар (162 окушы), 1 қазақ (259), 1 тоғызжылдық (335), 1 педагогикалық техникум мен 40 адамдық қазақ әйелдеріне арналған 1 мектеп жұмыс істеді. Соңғысы 1928 ж. пайдалануға берілді. Сонымен қатар сауатсыздықты жою пункттері ашылды. 11 мың кітап қоры бар орталық кітапхана халыққа қызмет көрсетті. Балалар әдебиеті мен казақ тіліндегі кітаптардың жетіспеуі күн тәртібінде тұрды. 1923 жылдың мамырынан қалада аймақтық мұражай іске қосылып, ол еркін қайырымдылық көмек есебінен жұмыс істеді. Мұражайда Ақмола уезі археологиялық ескерткіштерін зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қаладағы бірінші мұражайды жергілікті аймақтанушы Л.Ф. Семенов ұйымдастырды. Ол мұражайды 1923-1937 жылдары басқарды. Аз ұлт өкілдері арасында мәдени-ағартушылық жұмыстарына ерекше мән берілді. 1926 ж. ҚАКСР Халкомпрос алқасында аз ұлт өкілдерінің кеңесі ұйымдастырылды. Кеңестің мақсаты орыс пен қазақ ұлттарынан басқа шағын ұлыстардың арасында ағартушылық жұмысын жүргізуді жолға қою болатын. 1927 ж. Кеңестердің 5-Ақмола губерниялық съезінің аз ұлттар делегаттары өкілдерінің мәслихаты ездеріне арналған оқу-үйі мен Қызылбұрыш ашу, Петропавлда аз ұлттар клубын құру шешімін қабылдады. Қалада «Новая степь» (орыс тілінде), «Жаңа арқа» (қазақ тілінде) 2 газет шықты. Біріншісінің таралымы 25 мың дана, екіншісінің таралымы 4 мың дананы құрады. Ақмолада 115 төсектік округтік аурухана, 3 дәрігер мен тіс технигі бар орталық амбулатория, 20 төсектік венерологиялық диспансер, туберкулез диспансері, бактерологиялық лаборатория, әйелдер кеңесі және балалар бақшасы жұмыс істеді. 1939 ж. Ақмола облыс орталығына айналды. Ақмолаға облыстық статус берілісімен қалаға жаңа мүмкіндіктер есігі ашылды. Ол Ұлы Отан соғысы қарсаңында өндірісі дамыған үлкен қалаға айналды. Қалада 6 өнеркәсіп – олардың ішінде, үшеуі республикалық, қалған үшеуі жергілікті және кооперативті онеркәсіп орны жұмыс істеді. Жұмысшылардың жалпы саны 800-ге жуық адамды құрады. Қалада 260 төсектік емхана, перзентхана, жедел медициналық жәрдем стансасы қызмет етті. 1940 ж. облыстық колхоздық-кеңестік орыс театры ашылды. Сол кездегі дерек бойынша, Ақмолада сауатсыздық түгелдей жойылды. Фашистік Германиямен соғыс қала тарихындағы ауыр кездерді елестетеді. Ақмола қазақстандық жауынгерлік бөлімшелердің құрылуында ерекше рөл атқарды. Мұнда 310, 387, 29-атқыштар және 106-атты әскер дивизиялары құрылды. 310-атқыштар дивизиясы негізінен Ақмола, Қарағанды, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарынан әскерге алынған жауынгерлерден құрылды. Дивизия Ленинградты қорғауда, Синявск батпағы мен биіктіктерінде қаһармандықпен соғысты. Қазір шайқастар болған орында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Мемориалдық зона» студенттік іздеу тобы профессор М. Құсайыновтың басшылығымен жұмыс істейді. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

1929 ж. Бурабай-Ақмола темір жол желісі іске қосылды. Оның құрылысына 2 мыңға жуық адам қатысты. 1929 жылдың 9 қарашасында Ақмолаға бірінші поезд келді. Одан кейінгі жылдары Ақмоланы Қазақстанның басқа өндіріс және мәдени орталықтарымен байланыстырған темір жол магистральдары іске қосылды. 1931 ж. темір жол Қарағандыға, 1935 ж. Балқашқа, 1940 ж. Жезқазғанға жетті. Темір жол магистралының құрылысы қала мен аймақта түрлі өнеркәсіптік саланың дамуына әсер етті және Ақмоланы ірі көлік торабына айналдырды.

1929 ж. қалада 474 оқушысы бар 1 сатылы 4 орыс мектебі, 413 адам оқитын 3 қазақ мектебі болды. Оның үстіне, тағы да жеті жылдық бір орыс (328 оқушы), 1 татар (162 окушы), 1 қазақ (259), 1 тоғызжылдық (335), 1 педагогикалық техникум мен 40 адамдық қазақ әйелдеріне арналған 1 мектеп жұмыс істеді. Соңғысы 1928 ж. пайдалануға берілді. Сонымен қатар сауатсыздықты жою пункттері ашылды. 11 мың кітап қоры бар орталық кітапхана халыққа қызмет көрсетті. Балалар әдебиеті мен казақ тіліндегі кітаптардың жетіспеуі күн тәртібінде тұрды. 1923 жылдың мамырынан қалада аймақтық мұражай іске қосылып, ол еркін қайырымдылық көмек есебінен жұмыс істеді. Мұражайда Ақмола уезі археологиялық ескерткіштерін зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қаладағы бірінші мұражайды жергілікті аймақтанушы Л.Ф. Семенов ұйымдастырды. Ол мұражайды 1923-1937 жылдары басқарды. Аз ұлт өкілдері арасында мәдени-ағартушылық жұмыстарына ерекше мән берілді. 1926 ж. ҚАКСР Халкомпрос алқасында аз ұлт өкілдерінің кеңесі ұйымдастырылды. Кеңестің мақсаты орыс пен қазақ ұлттарынан басқа шағын ұлыстардың арасында ағартушылық жұмысын жүргізуді жолға қою болатын. 1927 ж. Кеңестердің 5-Ақмола губерниялық съезінің аз ұлттар делегаттары өкілдерінің мәслихаты ездеріне арналған оқу-үйі мен Қызылбұрыш ашу, Петропавлда аз ұлттар клубын құру шешімін қабылдады. Қалада «Новая степь» (орыс тілінде), «Жаңа арқа» (қазақ тілінде) 2 газет шықты. Біріншісінің таралымы 25 мың дана, екіншісінің таралымы 4 мың дананы құрады. Ақмолада 115 төсектік округтік аурухана, 3 дәрігер мен тіс технигі бар орталық амбулатория, 20 төсектік венерологиялық диспансер, туберкулез диспансері, бактерологиялық лаборатория, әйелдер кеңесі және балалар бақшасы жұмыс істеді.

1939 ж. Ақмола облыс орталығына айналды. Ақмолаға облыстық статус берілісімен қалаға жаңа мүмкіндіктер есігі ашылды. Ол Ұлы Отан соғысы қарсаңында өндірісі дамыған үлкен қалаға айналды. Қалада 6 өнеркәсіп – олардың ішінде, үшеуі республикалық, қалған үшеуі жергілікті және кооперативті онеркәсіп орны жұмыс істеді. Жұмысшылардың жалпы саны 800-ге жуық адамды құрады. Қалада 260 төсектік емхана, перзентхана, жедел медициналық жәрдем стансасы қызмет етті. 1940 ж. облыстық колхоздық-кеңестік орыс театры ашылды. Сол кездегі дерек бойынша, Ақмолада сауатсыздық түгелдей жойылды.

Фашистік Германиямен соғыс қала тарихындағы ауыр кездерді елестетеді. Ақмола қазақстандық жауынгерлік бөлімшелердің құрылуында ерекше рөл атқарды. Мұнда 310, 387, 29-атқыштар және 106-атты әскер дивизиялары құрылды. 310-атқыштар дивизиясы негізінен Ақмола, Қарағанды, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарынан әскерге алынған жауынгерлерден құрылды. Дивизия Ленинградты қорғауда, Синявск батпағы мен биіктіктерінде қаһармандықпен соғысты. Қазір шайқастар болған орында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Мемориалдық зона» студенттік іздеу тобы профессор М. Құсайыновтың басшылығымен жұмыс істейді.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы