Қандастар Ассамблея

1918-1920 ж.ж.

27.02.2013 3325
1918 жылдың 2 наурызында жергілікті көпестерге бір реттік салық салынды. Сәуір айында Қызыл гвардия құрылды. Омбыға қару әкелуге делегация жіберілді. Социалистік өзгерістер көпке созылған жоқ. Ақмола облысының аумағында кеңес жаулары Омбы, Петропавл, Көкшетау, Акмола, сонымен бірге ірі селолар мен станицаларға күштерін шоғырландыра бастады. 1918 жылдың 21 мамырында таң ата бүлікшілер Ақмола Совдепінің мүшелерш пәтерлерінде жекелеп тұтқынға алды. Пошта, телеграф, банк, көлік қатынасы, азық-түлік қоймалары бүлікшілер иелігіне өтті. Барлык жолдар жабылды. Жергілікті шағын гарнизон карусыздандырылды. Большевиктер тұтқынға алынды. Қаладағы билік ақ гвардияшылардың қолына өтті. Бақуатты қалалықтар мен жергілікті қазақтардан қарулы топ кұрылды. Қалалық басқарма мен уақытша атқарушы кеңес сайланды. Большевиктермен күрес үшін Колчак әскер жасақтай бастады. Бірақ әскер қатарына алынғандардың елеулі бөлігі қашып кетті немесе Қызыл гвардия катарына өтті. 1919 жылдың мамырында Атбасар уезінің Мариинск селосында көтеріліс басталды. Ол Ақмола уезінің аумағында да жалғасын тапты. Оксановка селосында 2 мың адамнан көтерілісші топ құрылды. Бірак ақ гвардияшылардың жазалаушы отряды көтерілісті қатыгездікпен басып тастады. Көтерілісшілердің 39 адамнан тұратын бөлігі Ақмолаға жеткізіліп, 1919 жылдың 6 маусымының түнінде атылды. Артынан қалаға атаман А.И. Дутовтың қызыл гвардияшылардан жеңіліп қашқан әскері кірді. Қалада сүзек эпидемиясы тарады. Ауруханалар, мектептер, қоғамдық мекемелер, бос үйлер, барақтар, дүкендердің жертөлелері жаралы, ауру солдаттар мен офицерлерге лық толды. Қалада антисанитариялық жағдай орнады, тәртіпсіздік пен зобалаң басталды. Тамақ өнімдерінің бағасы өсті, алыпсатарлық, қылмыс өршіп кетті. Қала басқармасының ғимаратына орналасқан Дутов штабы қалада тәртіп орнатуға тырысты. Большевиктерден «қорғау» мақсатымен қаланың маңына жасалған крестік шолғын да көмектеспеді. Әскерилердің көңіл күйі онша болмады. Қызыл әскердің Ақмолаға жақындап қалғанын барлығы да түсінген еді. Оқылған дұға мен жалынулар генерал Дутовты құтқара алмады. 1919 жылғы 25 қарашада Ақмолаға Қызыл әскер бөлімдері еніп, Кеңес билігі қайта орнады. Социализмге өту кезеңі басталды. Өткен ғасырдың 20-30-жылдарында қалада маңызды оқиғалар болып өтті. Барлық күш-жігер экономикалық ахуалды жөнге салу, халыққа медициналық және мәдени қызмет көрсету, аштықпен, сауатсыздықпен және аурулармен күреске жұмылдыруға бағытталды. Кеңес билігінің жергілікті органдары қала көшелерінің атауын өзгерту үрдісін бастады. 1920 жылдың 16 қарашасында Ақмола қалалық атқару комитеті президиумының отырысы өтті. Осы отырыстың қорытындысымен Шіркеу көшесі – Ленин көшесі, Кіші базар – Пролетар, Үлкен базар – Карл Маркс, Татар – Үш жүз, Мешіт – Вахитов, Ақмола – Коротков, Мещан – Азаматтық, Қамал – Бостандық, Дума – Коммунал, Сауда – Бухарин, Станица – Кошарни, Казак – Еңбек, Керуен – Шаруалар, Пірсілен – Күрес және т.б. болып өзгертілді. Осылайша большевиктер ескі уақытты еске түсіретін бұрынғы атауларды өшіруге тырысты. Ендігі жерде көшелер белгілі революционерлердің атына, революциялық термин атауларына ие болды. Сол кезде біртіндеп сауданы, дінді, тапқа бөлінушілік және т.б. еске түсіретін атаулар мүлде жойылды. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

1918 жылдың 2 наурызында жергілікті көпестерге бір реттік салық салынды. Сәуір айында Қызыл гвардия құрылды. Омбыға қару әкелуге делегация жіберілді.

Социалистік өзгерістер көпке созылған жоқ. Ақмола облысының аумағында кеңес жаулары Омбы, Петропавл, Көкшетау, Акмола, сонымен бірге ірі селолар мен станицаларға күштерін шоғырландыра бастады. 1918 жылдың 21 мамырында таң ата бүлікшілер Ақмола Совдепінің мүшелерш пәтерлерінде жекелеп тұтқынға алды. Пошта, телеграф, банк, көлік қатынасы, азық-түлік қоймалары бүлікшілер иелігіне өтті. Барлык жолдар жабылды. Жергілікті шағын гарнизон карусыздандырылды. Большевиктер тұтқынға алынды. Қаладағы билік ақ гвардияшылардың қолына өтті. Бақуатты қалалықтар мен жергілікті қазақтардан қарулы топ кұрылды. Қалалық басқарма мен уақытша атқарушы кеңес сайланды. Большевиктермен күрес үшін Колчак әскер жасақтай бастады. Бірақ әскер қатарына алынғандардың елеулі бөлігі қашып кетті немесе Қызыл гвардия катарына өтті.

1919 жылдың мамырында Атбасар уезінің Мариинск селосында көтеріліс басталды. Ол Ақмола уезінің аумағында да жалғасын тапты. Оксановка селосында 2 мың адамнан көтерілісші топ құрылды. Бірак ақ гвардияшылардың жазалаушы отряды көтерілісті қатыгездікпен басып тастады. Көтерілісшілердің 39 адамнан тұратын бөлігі Ақмолаға жеткізіліп, 1919 жылдың 6 маусымының түнінде атылды. Артынан қалаға атаман А.И. Дутовтың қызыл гвардияшылардан жеңіліп қашқан әскері кірді. Қалада сүзек эпидемиясы тарады. Ауруханалар, мектептер, қоғамдық мекемелер, бос үйлер, барақтар, дүкендердің жертөлелері жаралы, ауру солдаттар мен офицерлерге лық толды. Қалада антисанитариялық жағдай орнады, тәртіпсіздік пен зобалаң басталды. Тамақ өнімдерінің бағасы өсті, алыпсатарлық, қылмыс өршіп кетті. Қала басқармасының ғимаратына орналасқан Дутов штабы қалада тәртіп орнатуға тырысты. Большевиктерден «қорғау» мақсатымен қаланың маңына жасалған крестік шолғын да көмектеспеді. Әскерилердің көңіл күйі онша болмады. Қызыл әскердің Ақмолаға жақындап қалғанын барлығы да түсінген еді. Оқылған дұға мен жалынулар генерал Дутовты құтқара алмады.

1919 жылғы 25 қарашада Ақмолаға Қызыл әскер бөлімдері еніп, Кеңес билігі қайта орнады. Социализмге өту кезеңі басталды. Өткен ғасырдың 20-30-жылдарында қалада маңызды оқиғалар болып өтті. Барлық күш-жігер экономикалық ахуалды жөнге салу, халыққа медициналық және мәдени қызмет көрсету, аштықпен, сауатсыздықпен және аурулармен күреске жұмылдыруға бағытталды. Кеңес билігінің жергілікті органдары қала көшелерінің атауын өзгерту үрдісін бастады. 1920 жылдың 16 қарашасында Ақмола қалалық атқару комитеті президиумының отырысы өтті. Осы отырыстың қорытындысымен Шіркеу көшесі – Ленин көшесі, Кіші базар – Пролетар, Үлкен базар – Карл Маркс, Татар – Үш жүз, Мешіт – Вахитов, Ақмола – Коротков, Мещан – Азаматтық, Қамал – Бостандық, Дума – Коммунал, Сауда – Бухарин, Станица – Кошарни, Казак – Еңбек, Керуен – Шаруалар, Пірсілен – Күрес және т.б. болып өзгертілді. Осылайша большевиктер ескі уақытты еске түсіретін бұрынғы атауларды өшіруге тырысты. Ендігі жерде көшелер белгілі революционерлердің атына, революциялық термин атауларына ие болды. Сол кезде біртіндеп сауданы, дінді, тапқа бөлінушілік және т.б. еске түсіретін атаулар мүлде жойылды.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы