Жалаңтөс Баһадүр

08.11.2012 3175
Соңғы редакциялау: 18 қазан 2012 ЖАЛАҢТӨС БАҺАДҮР Сейітқұлұлы (15.9.1576, Сырдария өз-нің бойы, Нұрата аймағы — 1656, Самарқан) — мемлекет қайраткері, батыр, қолбасшы, би. Әйтеке бидің үлкен атасы. Ж. б. бес жасқа келгенде әкесі Сейітқұл хан (әлімұлы тайпасының төртқара руынан шыққан Сейітқұл 1570 ж. өзіне қарасты алшындармен Нұрата өңіріндегі өзбек, қарақалпақтардың басын біріктіріп хан болады да, 5000 тұрақты жасақ құрып, жеке ел билейді) оны Нұратадағы мешітке оқуға жібереді. Алғыр да зерек Ж.б. батырлар жырын, атақты хандар туралы жылнамаларды көп оқып, өзін батырлыққа, ел басқару ісіне шыңдап, түрлі әскери өнерді де игере бастайды. Баласының бейімділігін байқаған әкесі Ж. б-ді 1590 ж. Бұхар ханы Абдулланың жоғары дәрежелі қолбасшылар даярлайтын әскери мектебіне оқуға жібереді. Бұл мектепте Шыңғыс ханның қолбасшылық өнерінен дәріс беретін Бақимұхаммедтің баласы Имамқұл Ж. б-дің ерекше қабілетін байқап, оны өзімен бірге хан ордасында өтетін әр түрлі кеңестерге, шет елдерден келген елшілерді қабылдайтын салтанатты рәсімдерге қатыстырып отырады. Хан ұрпағы Имамқұл мен Ж. б-дің достығы осы кезден басталады. Бұхараның әскери мектебінде 3 жыл оқып, түменбасылық лауазым алып қайтқан Ж. б. 1593 ж. Бұланғар, Лайыш, Қаттықорған жерлеріндегі әлімұлы тайпасының бір бөліміне би болып сайланады. 1595 ж. Имамқұлдың шақыруымен Бұхараға келеді де, хан кеңесінің ұйғаруымен Бағдад қ-на оқуға жіберіледі. Онда білімнің әр саласынан дәріс тыңдап, 1598 ж. еліне оралады. 1598 ж. қыркүйекте Бұхар ханы Абдулла қайтыс болады да, орнына баласы Абдулмүмин таққа отырады. Бірақ оның билігі ұзаққа бармайды, бес айдан соң өзінің қарсыластарының қолынан қаза табады да, тақ үшін тартыс басталады. Осындай жағдай Бұхараның ақсүйектері Ж. б. бастаған алшындардың қолдауымен Жәнібектің баласы Бақимұхаммедті хан көтереді, інісі Уәлимұхамедті тақтың мұрагері деп жариялайды. Ж. б. хан кеңесіне мүшелікке қабылданып, әскери істер жөніндегі кеңесші және ішкі істер уәзірлігінің орынбасары болып тағайындалды. 1605 ж. Бақимұхаммед қайтыс болады да, таққа Уәлимұхаммед отырады. Бірақ Уәлимұхаммед ел ішінде тәртіп орнатып, халықтың бірлігін сақтай алмайды. Мұндай саясатқа қарсы болған Ж. б. бастаған топ 1611 ж. Уәлимұхаммедті тақтан түсіріп, орнына Имамқұлды отырғызады. Осы кезеңде Бұхар хандығының нығаюына Ж. б. көп еңбек сіңіреді. Ж. б. ауырып төсек тартып жатқан кезде, 1612 ж. күзде Имамқұл Түркістанға шабуыл жасап, қазақтар мен қарақалпақтарды қырғынға ұшыратады. Осыдан кейін Ж. б. мен Имамқұл хан арасындағы қырғи-қабақтық біраз жылға созылып, 1618 ж. қыркүйекте Имамқұл Ж. б-ден кешірім сұраған соң тоқталады. Ж. б. бұл тұста Бұхарда 5000, Нұратада 5000 тұрақты жасақ ұстайды. 1618 ж. Имамқұл хан Ж. б-ді хандығының бас қолбасшысы, хандықтың ішкі тәртібін қадағалайтын және шет елдермен қарым-қатынас жасау жөніндегі бас уәзірі етіп тағайындайды. Бұл кезеңде Бұхар хандығында белгілі дәрежеде тәртіп орнап, тұрақтылық сақталады. Имамқұл тақта отырған тұста хандықта екі адамнан жасқанатын, бірі — Ж. б., екіншісі — Бадахшан әмірі  қатаған Махмұд би еді. Ж. б-дің беделінен сескенген Имамқұл 1626 ж. Бұхар хандығынан тәуелсіз Самарқан аймағын құрып, оған Ж. б-ді әмір етіп тағайындайды және бас қолбасшылықты Ж. б-дің өзінде қалдырады. Ж. б-ге Үндістан, Хорезм, Тибет, Ресей, т.б. елдерден сыйлықтар келіп тұрады. Ж. б. дарынды қолбасшы ғана емес, ол ұлы сәулет өнерінің де қамқоршысы бола білді. Самарқандағы өлықбек медресесінің қарсысынан 1620 — 36 ж. “Ширдор” (Арыстан қақпа) медресесін салдырады. 1646 ж. екі медресенің ортасынан “Тіллә Қари” (Алтынмен апталған) медресесінің құрылысын бастайды, бірақ бұл медресенің құрылысы Ж. б. қайтыс болған соң, 1660 ж. оның шәкірті алшын Бекқұлдың жалғастыруымен бітеді. Ж. б. салдырған кешенді құрылыстар Самарқандағы Регистан алаңын қалыптастырды да, кейін қаланың салтанатты орталығына айналды. Ж. б. шын мәнінде өзбек, қазақ, қарақалпақ, қырғыздардың біріккен қолының қолбасшысы болып, Самарқан, Бұхара, Ташкент, Түркістан төңірегін ғана қорғаған жоқ, оған қоса қазақ сахарасының да қорғаны бола алды. 1640 ж. жоңғарлардың Батыр қонтайшысына қарсы 30 мың қолмен шығып, 50 мыңдық қолды талқандайды. 1643 ж. Ж. б. Жетісу өлкесіне басып кірген жоңғарларға қарсы шайқасып жатқан Салқам Жәңгір ханға 20 мың қол бастап көмекке келеді де, қалмақтарды ойсырата жеңеді (қ. Орбұлақ шайқасы). 1644 ж. Пәкстан, Ауғанстан, Үндістан аумағын билейтін Моғол империясы мен Бұхар хандығы соғысады. Салқам Жәңгір 100 мың қолмен Ж. б-ге көмекке келеді де, Бұхар хандығы аман қалды, Ж. б. Кабул, Мешхедті басып алды. Бабырдың ұрпағы Жаҝан шаҝтың екі баласы басқарған моғол әскері Балх түбінде жеңіліс тапты. Ж. б-дің сол замандағы Салқам Жәңгірмен қосылып, қазақ елінің тұтастығын сақтауға сіңірген еңбегі оның даналығын танытады. Ж. б. Бұхар хандығын тапжылтпай ұстап, екі хандықтың Талас өз. алқабындағы қазақ-жоңғар соғысы кезінде одақтас болуына ықпал жасады. Жоңғарлардың қазақ сахарасына қарсы жасаған соғыстары кезінде Қазақ хандығының қалың қолына келіп қосылып, оның күшін еселеді. Ж. б-дің мұндай әрекеті оның қайраткерлігін танытты. Ж. б. 80 жасында дүниеден қайтты. Денесі Самарқан өңірі Дағбид қыстағындағы өзі пір тұтатын Мақтым ағзам әулие бейітінің жанына жерленген. М. Қозыбаев, Ж. Мұратбаев Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 3-том

Соңғы редакциялау:

18 қазан 2012

ЖАЛАҢТӨС БАҺАДҮР Сейітқұлұлы (15.9.1576, Сырдария өз-нің бойы, Нұрата аймағы — 1656, Самарқан) — мемлекет қайраткері, батыр, қолбасшы, би. Әйтеке бидің үлкен атасы. Ж. б. бес жасқа келгенде әкесі Сейітқұл хан (әлімұлы тайпасының төртқара руынан шыққан Сейітқұл 1570 ж. өзіне қарасты алшындармен Нұрата өңіріндегі өзбек, қарақалпақтардың басын біріктіріп хан болады да, 5000 тұрақты жасақ құрып, жеке ел билейді) оны Нұратадағы мешітке оқуға жібереді. Алғыр да зерек Ж.б. батырлар жырын, атақты хандар туралы жылнамаларды көп оқып, өзін батырлыққа, ел басқару ісіне шыңдап, түрлі әскери өнерді де игере бастайды. Баласының бейімділігін байқаған әкесі Ж. б-ді 1590 ж. Бұхар ханы Абдулланың жоғары дәрежелі қолбасшылар даярлайтын әскери мектебіне оқуға жібереді. Бұл мектепте Шыңғыс ханның қолбасшылық өнерінен дәріс беретін Бақимұхаммедтің баласы Имамқұл Ж. б-дің ерекше қабілетін байқап, оны өзімен бірге хан ордасында өтетін әр түрлі кеңестерге, шет елдерден келген елшілерді қабылдайтын салтанатты рәсімдерге қатыстырып отырады. Хан ұрпағы Имамқұл мен Ж. б-дің достығы осы кезден басталады. Бұхараның әскери мектебінде 3 жыл оқып, түменбасылық лауазым алып қайтқан Ж. б. 1593 ж. Бұланғар, Лайыш, Қаттықорған жерлеріндегі әлімұлы тайпасының бір бөліміне би болып сайланады. 1595 ж. Имамқұлдың шақыруымен Бұхараға келеді де, хан кеңесінің ұйғаруымен Бағдад қ-на оқуға жіберіледі. Онда білімнің әр саласынан дәріс тыңдап, 1598 ж. еліне оралады. 1598 ж. қыркүйекте Бұхар ханы Абдулла қайтыс болады да, орнына баласы Абдулмүмин таққа отырады. Бірақ оның билігі ұзаққа бармайды, бес айдан соң өзінің қарсыластарының қолынан қаза табады да, тақ үшін тартыс басталады. Осындай жағдай Бұхараның ақсүйектері Ж. б. бастаған алшындардың қолдауымен Жәнібектің баласы Бақимұхаммедті хан көтереді, інісі Уәлимұхамедті тақтың мұрагері деп жариялайды. Ж. б. хан кеңесіне мүшелікке қабылданып, әскери істер жөніндегі кеңесші және ішкі істер уәзірлігінің орынбасары болып тағайындалды. 1605 ж. Бақимұхаммед қайтыс болады да, таққа Уәлимұхаммед отырады. Бірақ Уәлимұхаммед ел ішінде тәртіп орнатып, халықтың бірлігін сақтай алмайды. Мұндай саясатқа қарсы болған Ж. б. бастаған топ 1611 ж. Уәлимұхаммедті тақтан түсіріп, орнына Имамқұлды отырғызады. Осы кезеңде Бұхар хандығының нығаюына Ж. б. көп еңбек сіңіреді. Ж. б. ауырып төсек тартып жатқан кезде, 1612 ж. күзде Имамқұл Түркістанға шабуыл жасап, қазақтар мен қарақалпақтарды қырғынға ұшыратады. Осыдан кейін Ж. б. мен Имамқұл хан арасындағы қырғи-қабақтық біраз жылға созылып, 1618 ж. қыркүйекте Имамқұл Ж. б-ден кешірім сұраған соң тоқталады. Ж. б. бұл тұста Бұхарда 5000, Нұратада 5000 тұрақты жасақ ұстайды. 1618 ж. Имамқұл хан Ж. б-ді хандығының бас қолбасшысы, хандықтың ішкі тәртібін қадағалайтын және шет елдермен қарым-қатынас жасау жөніндегі бас уәзірі етіп тағайындайды. Бұл кезеңде Бұхар хандығында белгілі дәрежеде тәртіп орнап, тұрақтылық сақталады. Имамқұл тақта отырған тұста хандықта екі адамнан жасқанатын, бірі — Ж. б., екіншісі — Бадахшан әмірі  қатаған Махмұд би еді. Ж. б-дің беделінен сескенген Имамқұл 1626 ж. Бұхар хандығынан тәуелсіз Самарқан аймағын құрып, оған Ж. б-ді әмір етіп тағайындайды және бас қолбасшылықты Ж. б-дің өзінде қалдырады. Ж. б-ге Үндістан, Хорезм, Тибет, Ресей, т.б. елдерден сыйлықтар келіп тұрады. Ж. б. дарынды қолбасшы ғана емес, ол ұлы сәулет өнерінің де қамқоршысы бола білді. Самарқандағы өлықбек медресесінің қарсысынан 1620 — 36 ж. “Ширдор” (Арыстан қақпа) медресесін салдырады. 1646 ж. екі медресенің ортасынан “Тіллә Қари” (Алтынмен апталған) медресесінің құрылысын бастайды, бірақ бұл медресенің құрылысы Ж. б. қайтыс болған соң, 1660 ж. оның шәкірті алшын Бекқұлдың жалғастыруымен бітеді. Ж. б. салдырған кешенді құрылыстар Самарқандағы Регистан алаңын қалыптастырды да, кейін қаланың салтанатты орталығына айналды. Ж. б. шын мәнінде өзбек, қазақ, қарақалпақ, қырғыздардың біріккен қолының қолбасшысы болып, Самарқан, Бұхара, Ташкент, Түркістан төңірегін ғана қорғаған жоқ, оған қоса қазақ сахарасының да қорғаны бола алды. 1640 ж. жоңғарлардың Батыр қонтайшысына қарсы 30 мың қолмен шығып, 50 мыңдық қолды талқандайды. 1643 ж. Ж. б. Жетісу өлкесіне басып кірген жоңғарларға қарсы шайқасып жатқан Салқам Жәңгір ханға 20 мың қол бастап көмекке келеді де, қалмақтарды ойсырата жеңеді (қ. Орбұлақ шайқасы). 1644 ж. Пәкстан, Ауғанстан, Үндістан аумағын билейтін Моғол империясы мен Бұхар хандығы соғысады. Салқам Жәңгір 100 мың қолмен Ж. б-ге көмекке келеді де, Бұхар хандығы аман қалды, Ж. б. Кабул, Мешхедті басып алды. Бабырдың ұрпағы Жаҝан шаҝтың екі баласы басқарған моғол әскері Балх түбінде жеңіліс тапты. Ж. б-дің сол замандағы Салқам Жәңгірмен қосылып, қазақ елінің тұтастығын сақтауға сіңірген еңбегі оның даналығын танытады. Ж. б. Бұхар хандығын тапжылтпай ұстап, екі хандықтың Талас өз. алқабындағы қазақ-жоңғар соғысы кезінде одақтас болуына ықпал жасады. Жоңғарлардың қазақ сахарасына қарсы жасаған соғыстары кезінде Қазақ хандығының қалың қолына келіп қосылып, оның күшін еселеді. Ж. б-дің мұндай әрекеті оның қайраткерлігін танытты. Ж. б. 80 жасында дүниеден қайтты. Денесі Самарқан өңірі Дағбид қыстағындағы өзі пір тұтатын Мақтым ағзам әулие бейітінің жанына жерленген.

М. Қозыбаев, Ж. Мұратбаев

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 3-том