Қандастар Ассамблея

Құдықтан ыстық су шықты (видео)

27.02.2013 2296
Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданының тұрғындары таңғажайып табиғи құбылыстың куәсі болды. Жаңажол ауылының тұрғыны Исабек Қожахметовтің ауласындағы құдықтың суы бір түнде жылып кеткен. Қырық күн шілдеде салқын болып жататын жерасты суының температурасы шамамен +25⁰С +30⁰С-қа көтерілген. Бұл құбылысқа ауыл тұрғындары мен қариялар түсіне алмай дал болып отыр. Үй иесінің айтуынша, құдықты осыдан үш жыл бұрын қаздырған екен. Ауылдың бір шетіндегі қыратқа орналасқандықтан, жерасты суы 12 метр тереңдіктен шыққан. Екі аптадан бері ыстық суға келіндері ыдыс-аяқтары мен киім-кешектерін жуып, қол шайып жүр. Құдықтан 20 метрдей жерде суы салқын Бадам өзені ағып жатыр. Көршілері ауылдағы басқа үйлерде жерасты суында ешқандай өзгеріс байқалмайды дейді. Ал елуді еңсерген үй иесі бұл құбылысты әлемдегі болып жатқан түрлі жағдайлар мен жер қыртысының өзгеруіндегі қандай да бір құбылыстар болуы мүмкін деп болжап отыр. Исабек ҚОЖАХМЕТОВ, Жаңажол ауылының тұрғыны: - Негізі метеорит құлағаннан кейін екі күннен кейін осындай жылы су шықты. Соның әсері ма екен, таңғалдық. Солтүстік Қазақстан, Украинадан да байқалуда бұндай құбылыстар. Ғалымдар тексеріп көрер. дың Қасымызда Бадам өзені бар. Судың бәрі мұздай. Қазір суды ішейік десек, қорқып отырмыз.  

Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданының тұрғындары таңғажайып табиғи құбылыстың куәсі болды.

Жаңажол ауылының тұрғыны Исабек Қожахметовтің ауласындағы құдықтың суы бір түнде жылып кеткен. Қырық күн шілдеде салқын болып жататын жерасты суының температурасы шамамен +25⁰С +30⁰С-қа көтерілген. Бұл құбылысқа ауыл тұрғындары мен қариялар түсіне алмай дал болып отыр. Үй иесінің айтуынша, құдықты осыдан үш жыл бұрын қаздырған екен. Ауылдың бір шетіндегі қыратқа орналасқандықтан, жерасты суы 12 метр тереңдіктен шыққан.

Екі аптадан бері ыстық суға келіндері ыдыс-аяқтары мен киім-кешектерін жуып, қол шайып жүр. Құдықтан 20 метрдей жерде суы салқын Бадам өзені ағып жатыр. Көршілері ауылдағы басқа үйлерде жерасты суында ешқандай өзгеріс байқалмайды дейді. Ал елуді еңсерген үй иесі бұл құбылысты әлемдегі болып жатқан түрлі жағдайлар мен жер қыртысының өзгеруіндегі қандай да бір құбылыстар болуы мүмкін деп болжап отыр.

Исабек ҚОЖАХМЕТОВ, Жаңажол ауылының тұрғыны:

- Негізі метеорит құлағаннан кейін екі күннен кейін осындай жылы су шықты. Соның әсері ма екен, таңғалдық. Солтүстік Қазақстан, Украинадан да байқалуда бұндай құбылыстар. Ғалымдар тексеріп көрер. дың Қасымызда Бадам өзені бар. Судың бәрі мұздай. Қазір суды ішейік десек, қорқып отырмыз.

 

Ұқсас материалдар