Қандастар Ассамблея

Павлодарлық із кесушілер Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен 1700 адамды а

27.02.2013 2529
Павлодарлық із кесушілер Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен 1700 адамды анықтады, деп хабарлады облыс әкімі ресми өкілінің баспасөз мәслихатында Павлодар облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы Халел Әкімжанов. «Бүгінде Шарбақты ауданы бойынша 505, Ертіс ауданы бойынша 700, Железин ауданы бойынша 490 жаңа аты-жөндердің табылғаны туралы айта аламын»,-деді Х.Әкімжанов. Ол сондай-ақ соғысқа қатысушылардың бұл есімдерінің Павлодар облысынан аттанған 23 мың жауынгердің есімінен тұратын «Боздақтар» естелік кітабына енбегенін атап айтты. «Олар қорғаныс министрлігінің орталық мұрағатындағы құпия құжаттардың арасынан табылып отыр. 100-нші, 101-нші ұлттық дивизиялардың және 314-нші атқыштар дивизиясы бөлімінің құжаттары жария етілді»,- деді ол. Х.Әкімжановтың мәліметі бойынша, прокуратурамен бірлесіп, 1937 жылдан бері құпия болып келген Павлодар облысының солдаттарына қатысты 3,5 мыңға жуық құпия істі зерделеу қажет. «Жұмыстар жалғасын табады, құпия құжаттармен 2015 жылдың ортасына дейін жұмыс істейтін боламыз, соның нәтижесінде жаңа есімдер саны толыға түспек»,- деді мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы. Басқарма қызметкерлері Финляндия, Белоруссия, Ресей, Украинаның іздеу жасақтарымен және қорғаныс министрліктерімен ынтымақтасып,  2006 жылдан бері іздеу жұмыстарымен айналысып келеді. Павлодар облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы http://www.pavlodar.gov.kz

Павлодарлық із кесушілер Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен 1700 адамды анықтады, деп хабарлады облыс әкімі ресми өкілінің баспасөз мәслихатында Павлодар облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы Халел Әкімжанов.

«Бүгінде Шарбақты ауданы бойынша 505, Ертіс ауданы бойынша 700, Железин ауданы бойынша 490 жаңа аты-жөндердің табылғаны туралы айта аламын»,-деді Х.Әкімжанов.

Ол сондай-ақ соғысқа қатысушылардың бұл есімдерінің Павлодар облысынан аттанған 23 мың жауынгердің есімінен тұратын «Боздақтар» естелік кітабына енбегенін атап айтты.
«Олар қорғаныс министрлігінің орталық мұрағатындағы құпия құжаттардың арасынан табылып отыр. 100-нші, 101-нші ұлттық дивизиялардың және 314-нші атқыштар дивизиясы бөлімінің құжаттары жария етілді»,- деді ол.
Х.Әкімжановтың мәліметі бойынша, прокуратурамен бірлесіп, 1937 жылдан бері құпия болып келген Павлодар облысының солдаттарына қатысты 3,5 мыңға жуық құпия істі зерделеу қажет.
«Жұмыстар жалғасын табады, құпия құжаттармен 2015 жылдың ортасына дейін жұмыс істейтін боламыз, соның нәтижесінде жаңа есімдер саны толыға түспек»,- деді мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы.
Басқарма қызметкерлері Финляндия, Белоруссия, Ресей, Украинаның іздеу жасақтарымен және қорғаныс министрліктерімен ынтымақтасып,  2006 жылдан бері іздеу жұмыстарымен айналысып келеді.
Павлодар облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
http://www.pavlodar.gov.kz

Ұқсас материалдар