Қандастар Ассамблея

Оразалыұлы Сейтек

27.02.2013 8356
Күйші-композитор, қазақтың төкпе күй әдебінің негізін салушы Сейтек Оразалыұлы 1861 жылы Батыс Қазақстан облысы Орда ауданы Саралжын жерінде дүниеге келген. Бес жасында әкеден қалып, ағайыны Шошақтың тәрбиесінде болған. Алғаш домбыра тартуды ағасы Сұлтанғалидан, Дәулеткерейдің шәкірттері Әлікей, Макар, Салауаткерей, Тұрып сынды өнерпаздардан үйренген. Сейтек заман әділетсіздігіне карсы шыққаны үшін қуғындалып, Орда, Иркутск, Астрахан, Бутырка (Мәскеу) түрмелеріне қамалады. Оның «Арпалыс», «Шарипа», «Жантаза», «Қарашаш», тағы басқа күйлерінде жан әдемілігін, халықтын мұңы мен қайғы-қасіретін бейнелеген. 1897 жылы Сібірге, соңынан Сахалинге жер аударылады. Осы кезеңде «Айдау», «Түңілдім», «Арман» атты күйлерін шығарды. 1905 жылы каторгадан босап, еліне оралады. Мұнда ол анасы мен баласының қайтыс болғанын естіп, өзінің қайғы-қасіретін «Жоқтау», «Ғазиз» атты күйлерінде бейнелейді. «Жігер», «Заман-ай» тағы басқа терең психологиялық мазмұнға құрылған күйлері Сейтек шығармаларының жан-жақты өріс алғандығын танытады. 1923 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысып, «Той бастар» күйін орындады. Сейтек сонымен бірге ән де шығарған. Композитордың шығармалары «Сейтектің әндері» тақырыбымен А.Затаевичтың «1000 ән» жинағына енгізілген. Жалпы, Сейтек Оразалыұлы туралы мәліметтермен мәдени қауымды алғаш таныстырушы белгілі музыка маманы А.В.Затаевич болатын. Ол өзінің 1925 жылы басылып шыққан белгілі жинағында композитордың «Сейтек» атты әнінің нотасын берді.   Ал қазақ ғалымдары ішінде Сейтектің өмірі мен шығармашылығы туралы жан-жақты зерттеу жүргізген академик А.Жұбанов оның болмысын жан-жақты ашып берді. Күйшiнiң өз баласы Есқайыр Сейтеков (1893-1968 жж., ол да домбырашы болған): «Әкем моңғол тәрiздi қияқ көздi, шашы тiп-тiк, шиiреле қайырған қара мұрты бар, иықты, кең жауырынды, iрi саусақты, домбырасын солақай тартатын адам едi», – дейді. Сейтектiң қасын­да жүрiп, оның күйлерiн өзінен үйренген шәкірті Смағұл Көшекбаевтан жеткен дерек те көп нәрсені аңғартады: «Сейтекең шарт мiнездi, күй тартқанда отыр­ған тыңдаушыларына да домбыраның пернесiне қарамай, мойнын сәл ғана сол жағына бұрып, көздерiн тас жұмып, тек әуенге берiлiп, домбырасын күйлейтiн едi. Егер осы тұста бiреулер дауыстап, не болмашы сөйлесiп отырғанын байқаса, қаба­ғын түйiп, домбыра тартуын шарт тоқтата­тын. Ал күй тартқанына өзi риза болса: «Домбыраны тартқан орындаушы – күйшi емес, күйге түсiнiп тыңдай бiлген адам – күйшi», дейтін». Күйші түрікпен күйлерінде қолданылатын негізгі бас пернені домбыраға пайдаланады. Бұл перне қазір де «Сейтек перне» деп аталады. Сейтектің көптеген күйлері бүгінгі таңда Құрманғазы атындағы қазақ академиялық халық аспаптар оркестрінің негізгі репертуарына енді. Ару қызға деген адал көңіл, ақ тілегінің айғағы «Бұлбұл Айша», қазақ қыздарының ақжарқын, бауырмал қасиетіне тәнті болып «Бес қыз» күйін тарту етсе, азаттықты аңсаған асық көңілдің күйін «Заман-ай» күйімен білдірген. Күй арқылы қайғы мен ащы азапты сыр етіп айтады. Суреткер Сейтек құлашын кең жайып, алысты шолып, ел қамы, халық тағдыры, уақыт сыйы туралы толғанады. Сейтек Оразалыұлы 1933 жылы 20 мамырда Астрахан облысы Харабали ауданы Киров ұжымшарында дүниеден өтті.

Күйші-композитор, қазақтың төкпе күй әдебінің негізін салушы Сейтек Оразалыұлы 1861 жылы Батыс Қазақстан облысы Орда ауданы Саралжын жерінде дүниеге келген. Бес жасында әкеден қалып, ағайыны Шошақтың тәрбиесінде болған. Алғаш домбыра тартуды ағасы Сұлтанғалидан, Дәулеткерейдің шәкірттері Әлікей, Макар, Салауаткерей, Тұрып сынды өнерпаздардан үйренген.
Сейтек заман әділетсіздігіне карсы шыққаны үшін қуғындалып, Орда, Иркутск, Астрахан, Бутырка (Мәскеу) түрмелеріне қамалады. Оның «Арпалыс», «Шарипа», «Жантаза», «Қарашаш», тағы басқа күйлерінде жан әдемілігін, халықтын мұңы мен қайғы-қасіретін бейнелеген.
1897 жылы Сібірге, соңынан Сахалинге жер аударылады. Осы кезеңде «Айдау», «Түңілдім», «Арман» атты күйлерін шығарды. 1905 жылы каторгадан босап, еліне оралады. Мұнда ол анасы мен баласының қайтыс болғанын естіп, өзінің қайғы-қасіретін «Жоқтау», «Ғазиз» атты күйлерінде бейнелейді. «Жігер», «Заман-ай» тағы басқа терең психологиялық мазмұнға құрылған күйлері Сейтек шығармаларының жан-жақты өріс алғандығын танытады.
1923 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысып, «Той бастар» күйін орындады.
Сейтек сонымен бірге ән де шығарған. Композитордың шығармалары «Сейтектің әндері» тақырыбымен А.Затаевичтың «1000 ән» жинағына енгізілген. Жалпы, Сейтек Оразалыұлы туралы мәліметтермен мәдени қауымды алғаш таныстырушы белгілі музыка маманы А.В.Затаевич болатын. Ол өзінің 1925 жылы басылып шыққан белгілі жинағында композитордың «Сейтек» атты әнінің нотасын берді.  
Ал қазақ ғалымдары ішінде Сейтектің өмірі мен шығармашылығы туралы жан-жақты зерттеу жүргізген академик А.Жұбанов оның болмысын жан-жақты ашып берді. Күйшiнiң өз баласы Есқайыр Сейтеков (1893-1968 жж., ол да домбырашы болған): «Әкем моңғол тәрiздi қияқ көздi, шашы тiп-тiк, шиiреле қайырған қара мұрты бар, иықты, кең жауырынды, iрi саусақты, домбырасын солақай тартатын адам едi», – дейді. Сейтектiң қасын­да жүрiп, оның күйлерiн өзінен үйренген шәкірті Смағұл Көшекбаевтан жеткен дерек те көп нәрсені аңғартады: «Сейтекең шарт мiнездi, күй тартқанда отыр­ған тыңдаушыларына да домбыраның пернесiне қарамай, мойнын сәл ғана сол жағына бұрып, көздерiн тас жұмып, тек әуенге берiлiп, домбырасын күйлейтiн едi. Егер осы тұста бiреулер дауыстап, не болмашы сөйлесiп отырғанын байқаса, қаба­ғын түйiп, домбыра тартуын шарт тоқтата­тын. Ал күй тартқанына өзi риза болса: «Домбыраны тартқан орындаушы – күйшi емес, күйге түсiнiп тыңдай бiлген адам – күйшi», дейтін».
Күйші түрікпен күйлерінде қолданылатын негізгі бас пернені домбыраға пайдаланады. Бұл перне қазір де «Сейтек перне» деп аталады.
Сейтектің көптеген күйлері бүгінгі таңда Құрманғазы атындағы қазақ академиялық халық аспаптар оркестрінің негізгі репертуарына енді. Ару қызға деген адал көңіл, ақ тілегінің айғағы «Бұлбұл Айша», қазақ қыздарының ақжарқын, бауырмал қасиетіне тәнті болып «Бес қыз» күйін тарту етсе, азаттықты аңсаған асық көңілдің күйін «Заман-ай» күйімен білдірген. Күй арқылы қайғы мен ащы азапты сыр етіп айтады.
Суреткер Сейтек құлашын кең жайып, алысты шолып, ел қамы, халық тағдыры, уақыт сыйы туралы толғанады.
Сейтек Оразалыұлы 1933 жылы 20 мамырда Астрахан облысы Харабали ауданы Киров ұжымшарында дүниеден өтті.