Қандастар Ассамблея

2014 жылы Астанада физикадан халықаралық олимпиада өтеді

26.02.2013 2451
2014 жылы Астанада физикадан халықаралық олимпиада өтеді. Бұл жөнінде бүгін Білім және ғылым министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Шолпан Қирабаева айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Келесі жылы Астанада шілде айында физика пәнінен халықаралық олимпиада өтеді. Сексен бес мемлекеттен оқушылар келеді деп күтілуде. 2010 жылы математикадан ең бірінші халықаралық олимпиада өткізген кезде, өте көп шетелдік бақылаушылар келген еді. Олар біздің елге үлкен қызығушылық танытты. Халықаралық олимпиадалар өткізуде біздің тәжірибеміз бар»,- деп атап өтті Шолпан Қирабаева. Оның айтуынша, қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалар мен ғылыми байқауларда үлкен жетістіктерге қол жеткізіп жүр. Мәселен, өткен жылы біздің оқушылар халықаралық білім сайыстарында 161 алтын, 295 күміс, 397 қола медаль жеңіп алған. «Республикалық олимпиаданың жеңімпаздарын дайындаймыз. Осы халықаралық олимпиадаға қатысатын командалар жасақтаймыз. Білім сайысына бес құрама қатысады»,- деді Қирабаева. Ал 2015 жылы Астанада информатика пәнінен халықаралық олимпиада өтеді деп жоспарланып отыр. Айымгүл Әбілева  

2014 жылы Астанада физикадан халықаралық олимпиада өтеді. Бұл жөнінде бүгін Білім және ғылым министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Шолпан Қирабаева айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Келесі жылы Астанада шілде айында физика пәнінен халықаралық олимпиада өтеді. Сексен бес мемлекеттен оқушылар келеді деп күтілуде.

2010 жылы математикадан ең бірінші халықаралық олимпиада өткізген кезде, өте көп шетелдік бақылаушылар келген еді. Олар біздің елге үлкен қызығушылық танытты. Халықаралық олимпиадалар өткізуде біздің тәжірибеміз бар»,- деп атап өтті Шолпан Қирабаева.

Оның айтуынша, қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалар мен ғылыми байқауларда үлкен жетістіктерге қол жеткізіп жүр. Мәселен, өткен жылы біздің оқушылар халықаралық білім сайыстарында 161 алтын, 295 күміс, 397 қола медаль жеңіп алған.

«Республикалық олимпиаданың жеңімпаздарын дайындаймыз. Осы халықаралық олимпиадаға қатысатын командалар жасақтаймыз. Білім сайысына бес құрама қатысады»,- деді Қирабаева.

Ал 2015 жылы Астанада информатика пәнінен халықаралық олимпиада өтеді деп жоспарланып отыр.

Айымгүл Әбілева

 

Ұқсас материалдар