Қандастар Ассамблея

Б.Жұмағұлов Жастар саясаты тұжырымдамасының iске асырылу барысын түсiндiрдi

26.02.2013 2121
Бүгiн ҚР Үкiметiнiң отырысы барысында Бiлiм және ғылым министрi Бақытжан Жұмағұлов 2020 жылға дейiнгi жастар саясаты тұжырымдамасының iске асырылу барысын түсiндiрдi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi. «Тұжырымдама екi кезеңде жүзеге асырылады: 2013-2015 және 2015-2020 жылдар. Жастар саясатындағы мiндеттердi шешу үшiн алдын ала әрекет ету қажет. Бұл ретте, тұжырымдаманың жекелеген бағыттары табысты iске аса бастады. Тұжырымданы iске асырудың бiрiншi кезеңiнде ведомствоаралық өзара байланыстың тиiмдi моделi қалыптасады. Ол жастардың проблемасын шешуде барлық мемлекеттiк органдардың, копоративтi секторлар мен азаматтық қоғам институттарының күшiн бiрiктiруге мүмкiндiк бередi», - дедi Б.Жұмағұлов. Оның айтуынша, жастармен жұмыс барлық мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарына енгiзiлген. Жастар саясатының жаңа инфрақұрылымы қалыптасып, жастар iсi комитетi, аймақтарда тиiстi басармалар құрылмақ. Сонымен қатар, жастар саясаты бойынша аймақтық кеңестердi әкiмдердiң өздерi тiкелей басқаратын болады және де жастарды жұмыспен қамту мәселесi күшейтiлiп, жас мамандарды жұмысқа орналастыру үшiн жоғарғы оқу орындары мен колледжердiң жауапкершiлiгi арттырылатын болады. Бұл ретте Б.Жұмағұлов аталмыш саладағы жаңа жауапкершiлiктi ескере отырып, жергiлiктi атқарушы органдармен өзара байланыстың жаңа механизмдерi жасалғанын тiлге тиек еттi. «Экономика қажеттiлiктерi мен Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын назарға ала отырып, мамандар даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырыс құрылымы қайта қаралды», - деп атап өттi ол. «Екiншi кезеңнiң маңызды шарты жастардың мүддесi мен қажеттiлiгiне қатысты бюджеттiк бағдарламаларды iске асыруды бағалау үшiн мақсатты индикаторларды енгiзу болып табылады.Әзiрше, бұл бағдарламаларды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың құзыреттерi анықталмаған», - деп толықтырды ол. Диана Құлмағанбетова

Бүгiн ҚР Үкiметiнiң отырысы барысында Бiлiм және ғылым министрi Бақытжан Жұмағұлов 2020 жылға дейiнгi жастар саясаты тұжырымдамасының iске асырылу барысын түсiндiрдi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

«Тұжырымдама екi кезеңде жүзеге асырылады: 2013-2015 және 2015-2020 жылдар. Жастар саясатындағы мiндеттердi шешу үшiн алдын ала әрекет ету қажет. Бұл ретте, тұжырымдаманың жекелеген бағыттары табысты iске аса бастады. Тұжырымданы iске асырудың бiрiншi кезеңiнде ведомствоаралық өзара байланыстың тиiмдi моделi қалыптасады. Ол жастардың проблемасын шешуде барлық мемлекеттiк органдардың, копоративтi секторлар мен азаматтық қоғам институттарының күшiн бiрiктiруге мүмкiндiк бередi», - дедi Б.Жұмағұлов.

Оның айтуынша, жастармен жұмыс барлық мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарына енгiзiлген. Жастар саясатының жаңа инфрақұрылымы қалыптасып, жастар iсi комитетi, аймақтарда тиiстi басармалар құрылмақ. Сонымен қатар, жастар саясаты бойынша аймақтық кеңестердi әкiмдердiң өздерi тiкелей басқаратын болады және де жастарды жұмыспен қамту мәселесi күшейтiлiп, жас мамандарды жұмысқа орналастыру үшiн жоғарғы оқу орындары мен колледжердiң жауапкершiлiгi арттырылатын болады.

Бұл ретте Б.Жұмағұлов аталмыш саладағы жаңа жауапкершiлiктi ескере отырып, жергiлiктi атқарушы органдармен өзара байланыстың жаңа механизмдерi жасалғанын тiлге тиек еттi.

«Экономика қажеттiлiктерi мен Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын назарға ала отырып, мамандар даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырыс құрылымы қайта қаралды», - деп атап өттi ол.

«Екiншi кезеңнiң маңызды шарты жастардың мүддесi мен қажеттiлiгiне қатысты бюджеттiк бағдарламаларды iске асыруды бағалау үшiн мақсатты индикаторларды енгiзу болып табылады.Әзiрше, бұл бағдарламаларды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың құзыреттерi анықталмаған», - деп толықтырды ол.

Диана Құлмағанбетова

Ұқсас материалдар