Қандастар Ассамблея

2020 жылға дейiнгi жастар саясатының тұжырымдамасы қабылданды

26.02.2013 2974
Бүгiн ҚР Үкiметiнде 2020 жылға дейiнгi жастар саясатының тұжырымдамасы қабылданды, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2020 жылға дейiнгi жастар саясатының тұжырымдамасы әзiрленiп, 2013 жылдың 14-шi ақпанда тұжырымдаманың жобасы Президент Әкiмшiлiгi басшысының төрағалығымен талқыланған болатын. «Алдағы маңызды өзгерiстер процесiнде жастарға түсетiн әлеуметтiк жүктеме бiрден ұлғаятын болады. Жастарға қатысты бiрқатар мәселелер бар екенiн өздерiңiз жақсы бiлесiздер. Олар – баспана, жұмысқа орналасу, жастар ортасының радикалдану проблемалары. Аталған мәселелер бiз әзiрлеген Тұжырымдамада толығымен ескерiлдi», - дедi өз баяндамасында Бiлiм және ғылым министрi Б.Жұмағұлов. «Жаңа тұжырымдаманың ерекшелiгi – ол бiлiм алушы жастарға ғана арналмаған. Сонымен қатар, жұмыс iстейтiн, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған, жұмыссыз, маргиналды және тағы да басқа жастардың барлық санаттарын қамтиды. Әрбiр қала мен ауылды iс-шаралармен қамту мiндеттерi шешiле бастады. Бұл үшiн қалалар мен аудандарда ресурстық орталықтар құрылуда, ауылдық округтерде жастармен жұмыс iстейтiн инструкторлар енгiзiлуде», - деп атап өттi ол. Диана Құлмағанбетова

Бүгiн ҚР Үкiметiнде 2020 жылға дейiнгi жастар саясатының тұжырымдамасы қабылданды, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2020 жылға дейiнгi жастар саясатының тұжырымдамасы әзiрленiп, 2013 жылдың 14-шi ақпанда тұжырымдаманың жобасы Президент Әкiмшiлiгi басшысының төрағалығымен талқыланған болатын.

«Алдағы маңызды өзгерiстер процесiнде жастарға түсетiн әлеуметтiк жүктеме бiрден ұлғаятын болады. Жастарға қатысты бiрқатар мәселелер бар екенiн өздерiңiз жақсы бiлесiздер. Олар – баспана, жұмысқа орналасу, жастар ортасының радикалдану проблемалары. Аталған мәселелер бiз әзiрлеген Тұжырымдамада толығымен ескерiлдi», - дедi өз баяндамасында Бiлiм және ғылым министрi Б.Жұмағұлов.

«Жаңа тұжырымдаманың ерекшелiгi – ол бiлiм алушы жастарға ғана арналмаған. Сонымен қатар, жұмыс iстейтiн, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған, жұмыссыз, маргиналды және тағы да басқа жастардың барлық санаттарын қамтиды. Әрбiр қала мен ауылды iс-шаралармен қамту мiндеттерi шешiле бастады. Бұл үшiн қалалар мен аудандарда ресурстық орталықтар құрылуда, ауылдық округтерде жастармен жұмыс iстейтiн инструкторлар енгiзiлуде», - деп атап өттi ол.

Диана Құлмағанбетова

Ұқсас материалдар