Қандастар Ассамблея

Жастар «ГАЗельге» жолаушы сыйдырудан рекорд жасамақ болды

26.02.2013 1609
Оралдық жастар жаңа қазақстандық рекорд орнатты. Олар «ГАЗель» қоғамдық көлігінің сыйымдылығын тексеріп көрді. 2004-ші жылы Ресейде аталған көлікке 70 адам сыйып, әлемдік рекорд орнаған еді. Ал, оралдық өрендер бұл көлікке небары 56 адамды сыйғыза алды. Олар адамдардың қысқы киіммен болғанын ескеру кажет деп отыр. Дегенмен, шағын автобусқа 56 адам сыйғызып, Қазақстан рекордын орнатты. Ұйымдастырушылар күн жылынғасын, еліміздегі осындай тосын рекордтардың қатарын тағы бір көрсеткішпен толықтырмақ. Олар енді кәдімгі трактордың кабинасының сыйымдылығын тексеріп, көңіл сыйса бәрі де сиятынын дәлелдеп көрмекші. Тұрар Төлегенов, ұйымдастырушы: Бүгінгі кіріп отырған адам саны міндетті түрде Қазақстан рекордтар кітабына енеді. Бірақ, өкінішке орай, біздер Гиннес кітабына кіру үшін керекті адамдардың санын жинай алмай қалдық. Біздің қаламыздың автобустарының жағдайы белгілі ғой енді, кім біледі, «час пик» кезінде мұндай рекордтардың талайы күнде көшелерімізде қойылып жатқан да болар енді. BAQ.kz

Оралдық жастар жаңа қазақстандық рекорд орнатты. Олар «ГАЗель» қоғамдық көлігінің сыйымдылығын тексеріп көрді. 2004-ші жылы Ресейде аталған көлікке 70 адам сыйып, әлемдік рекорд орнаған еді. Ал, оралдық өрендер бұл көлікке небары 56 адамды сыйғыза алды. Олар адамдардың қысқы киіммен болғанын ескеру кажет деп отыр.

Дегенмен, шағын автобусқа 56 адам сыйғызып, Қазақстан рекордын орнатты. Ұйымдастырушылар күн жылынғасын, еліміздегі осындай тосын рекордтардың қатарын тағы бір көрсеткішпен толықтырмақ. Олар енді кәдімгі трактордың кабинасының сыйымдылығын тексеріп, көңіл сыйса бәрі де сиятынын дәлелдеп көрмекші.

Тұрар Төлегенов, ұйымдастырушы:

Бүгінгі кіріп отырған адам саны міндетті түрде Қазақстан рекордтар кітабына енеді. Бірақ, өкінішке орай, біздер Гиннес кітабына кіру үшін керекті адамдардың санын жинай алмай қалдық. Біздің қаламыздың автобустарының жағдайы белгілі ғой енді, кім біледі, «час пик» кезінде мұндай рекордтардың талайы күнде көшелерімізде қойылып жатқан да болар енді.

BAQ.kz

Ұқсас материалдар