Қандастар Ассамблея

Архитектурасы және қала құрылысы ХХ ғ. 70-80 жылдары

26.02.2013 3259
70-80-жылдардағы тұрғын үй құрылысы, индустриялдық үй құрылысының алғашқы кезеңі – 60-шы жылдардағымен салыстырғанда, өзіндік сипатымен ерекшеленетін. Кейінгі кезеңде салынған үйлердің жобалары өте жоғары кәсіби дәрежеде өнделген, пәтерлері жабдықталған және ғимараттары көркем безендірілген болатын. Қаланың көрініс келбеті де өзгере бастады. 1960 ж. қалада алғашқы бес қабатты үйлер пайда болды да, артынан осы биіктік бойынша құрылысты бірсыдырғы теңестіру жүрсе, ал 70-80-жылдарда қала құрылысының шоғырларын оқшаулау үшін пайдаланылатын зәулім доминант ретінде 9-12 қабатты үйлер салына бастады. Сәулетшілердің кәсіптік құралдары да жетіле түсті. Панель, блок, кірпіш үйлермен бірге монолитті шегендеу технологиясын пайдалана отырып, үй тұрғызу да қолға алынды. Бұл қатаң түрде тек тік бұрышты формалы панель үй құрылысын ғана жүргізіп, қаланың сәулеттік келбетін дөңгелек кескінді ғимараттар арқылы әр текті ету туралы сәулетшілердің шығармашылық қиялын шектейтін үстемдіктен арылуға мүмкіндік берді. Осы кезеңдегі жетістіктің бір көрсеткіші ретінде Жастар сарайының (сәулетші А. Полянский) құрылысын атауға болады. Бұл жылдарда жергілікті сәулетшілер Салтанатты рәсімдер сарайы (2003 ж. бұзылды; сәулетшілері В. Драгун, В. Тоскин, Е. Погуца), Пионерлер сарайы (қазіргі Балалар мен жастар шығармашылық сарайы; сәулетшілері: В. Тоскин, В. Корнилов, Е. Погуца, В. Гладких), «Турист» қонақ үйі (қазіргі «Абай» қонақ үйі; сәулетшілері: В. Тоскин, В. Корнилов, Е. Погуца, А. Башимов) секілді қаладағы өзіндік сәулеттік келбетке ие қоғамдық тәртіптегі ғимараттарды салды. 70-жылдардағы Целиноград ауылшаруашлық институтының әкімшілік-зертханалық бас ғимаратының салынуы және жіп иіру комбинатының, троллейбус паркі құрылысының қолданысқа берілуі мен троллейбус қозғалысының ашылуы, қала өміріндегі оның сәулеттік келбетіне ықпал етуші елеулі оқиғалардың бірі болып табылады. Қаланың көркемдік ортасын қалыптастыруда жергілікті көркемдік қор суретшілерінің үлесі елеулі. Нақтырақ айтқанда, музыка мектебі (қазіргі Музыка академиясы; суретшілер: М. Антонюк, В. Товтин) мен полиграфкомбинат (М. Антонюк, В. Товтин) ғимараттарының мозаикалы әшекейі туралы айтпауға болмайды. 80 жылдардағы Қайта құру кезеңінде КСРО-да тұрғын үй проблемасын шешуге басқаша мән берілді. Осы мәселелерді шешудегі бағыттардың бірі жеке тұрғын үй құрылысын дамыту болып есептелді. Осы бағдарлама аясында Целиноградта жеке үй құрылысын салуға жер телімдері беріле бастады. Бұл мақсаттағы жер телімдері қаланың оңтүстігіне қарай Есіл өзенінің маңынан (Шұбар), сондай-ақ үлкен көлемде қаланың шығыс жағынан (Оңтүстік-Шығыс) бөлінді. Алайда құрылыс нарығының дамымауы мен материалдардың тапшылығына байланысты аймақты жолдармен қамтамасыз ету және жеке тұрғын үй құрылысына инженерлік желілер тарту мәселелері бір орталықтан шешілмегендіктен, тұрғындарға үй салу барынша қиынға түсті және үлкен шығын әкелетін болды. Құрылыс коттедждері негізінен, жекелеген адамдардың күшімен, мүмкіндігінше қолжетімді (арзан) қаражатқа салынды. Сондықтан жеке адамдардың өз бетімен ретсіз тұрғызған үй-жайларынан құралған кварталдардың құрылысы ұзақ уақыт бойы бітпей тұрып алды. ИТҚ (ИЖС) ғимараттары ғана оқшауланып сорайып тұрды: барлығына ортақ реттеуші композициялық-жоспарлау идеясы болған жоқ – үйлердің сәулеттік стилі де, қабаттары да әр түрлі, көшелердің, жалпы қоғамдық қолданыстағы аймақтардың жабдықталуы мен көгалдандырылуы тиісті талаптардың ешқайсысына сай келмеді. Нәтижесінде поселке келбеті бейберекет әрі кездейсоқ салына берген үйлердің жүйесіз жиынтығына ұқсас болып шықты. 1987 ж. «Казгипроград» институты қаланың жаңа Бас жоспарын дайындады, мұнда 400 мың адамға арналған ыңғайлы қоныс карастырылған және оның аумағын шығыс жағалауға қарай созу көзделген болатын. Қалыптасқан жаңа жағдайлар мен тұтыныс түрлерін ескере отырып, «Ленгорстройпроект» дайындаған жобада, негізінен, Целиноград жоспарлау ұйымының қағидаттары сақталды, шын мәнінде ол бұрынғы Бас жоспардың өнделген нұсқасы болатын. «Казгипроград» тарапынан енгізілген өзгерістер бойынша, Ақбұлақ пен Есілдің құйылысындағы аймақтан жалпы қалалық орталық салу, сондай-ақ жеке адамдардың тұрғын үй құрылысын салуы үшін жер телімдерін бөлу тоқтатылды. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

70-80-жылдардағы тұрғын үй құрылысы, индустриялдық үй құрылысының алғашқы кезеңі – 60-шы жылдардағымен салыстырғанда, өзіндік сипатымен ерекшеленетін. Кейінгі кезеңде салынған үйлердің жобалары өте жоғары кәсіби дәрежеде өнделген, пәтерлері жабдықталған және ғимараттары көркем безендірілген болатын. Қаланың көрініс келбеті де өзгере бастады. 1960 ж. қалада алғашқы бес қабатты үйлер пайда болды да, артынан осы биіктік бойынша құрылысты бірсыдырғы теңестіру жүрсе, ал 70-80-жылдарда қала құрылысының шоғырларын оқшаулау үшін пайдаланылатын зәулім доминант ретінде 9-12 қабатты үйлер салына бастады. Сәулетшілердің кәсіптік құралдары да жетіле түсті. Панель, блок, кірпіш үйлермен бірге монолитті шегендеу технологиясын пайдалана отырып, үй тұрғызу да қолға алынды. Бұл қатаң түрде тек тік бұрышты формалы панель үй құрылысын ғана жүргізіп, қаланың сәулеттік келбетін дөңгелек кескінді ғимараттар арқылы әр текті ету туралы сәулетшілердің шығармашылық қиялын шектейтін үстемдіктен арылуға мүмкіндік берді. Осы кезеңдегі жетістіктің бір көрсеткіші ретінде Жастар сарайының (сәулетші А. Полянский) құрылысын атауға болады. Бұл жылдарда жергілікті сәулетшілер Салтанатты рәсімдер сарайы (2003 ж. бұзылды; сәулетшілері В. Драгун, В. Тоскин, Е. Погуца), Пионерлер сарайы (қазіргі Балалар мен жастар шығармашылық сарайы; сәулетшілері: В. Тоскин, В. Корнилов, Е. Погуца, В. Гладких), «Турист» қонақ үйі (қазіргі «Абай» қонақ үйі; сәулетшілері: В. Тоскин, В. Корнилов, Е. Погуца, А. Башимов) секілді қаладағы өзіндік сәулеттік келбетке ие қоғамдық тәртіптегі ғимараттарды салды. 70-жылдардағы Целиноград ауылшаруашлық институтының әкімшілік-зертханалық бас ғимаратының салынуы және жіп иіру комбинатының, троллейбус паркі құрылысының қолданысқа берілуі мен троллейбус қозғалысының ашылуы, қала өміріндегі оның сәулеттік келбетіне ықпал етуші елеулі оқиғалардың бірі болып табылады. Қаланың көркемдік ортасын қалыптастыруда жергілікті көркемдік қор суретшілерінің үлесі елеулі. Нақтырақ айтқанда, музыка мектебі (қазіргі Музыка академиясы; суретшілер: М. Антонюк, В. Товтин) мен полиграфкомбинат (М. Антонюк, В. Товтин) ғимараттарының мозаикалы әшекейі туралы айтпауға болмайды.

80 жылдардағы Қайта құру кезеңінде КСРО-да тұрғын үй проблемасын шешуге басқаша мән берілді. Осы мәселелерді шешудегі бағыттардың бірі жеке тұрғын үй құрылысын дамыту болып есептелді. Осы бағдарлама аясында Целиноградта жеке үй құрылысын салуға жер телімдері беріле бастады. Бұл мақсаттағы жер телімдері қаланың оңтүстігіне қарай Есіл өзенінің маңынан (Шұбар), сондай-ақ үлкен көлемде қаланың шығыс жағынан (Оңтүстік-Шығыс) бөлінді. Алайда құрылыс нарығының дамымауы мен материалдардың тапшылығына байланысты аймақты жолдармен қамтамасыз ету және жеке тұрғын үй құрылысына инженерлік желілер тарту мәселелері бір орталықтан шешілмегендіктен, тұрғындарға үй салу барынша қиынға түсті және үлкен шығын әкелетін болды. Құрылыс коттедждері негізінен, жекелеген адамдардың күшімен, мүмкіндігінше қолжетімді (арзан) қаражатқа салынды. Сондықтан жеке адамдардың өз бетімен ретсіз тұрғызған үй-жайларынан құралған кварталдардың құрылысы ұзақ уақыт бойы бітпей тұрып алды. ИТҚ (ИЖС) ғимараттары ғана оқшауланып сорайып тұрды: барлығына ортақ реттеуші композициялық-жоспарлау идеясы болған жоқ – үйлердің сәулеттік стилі де, қабаттары да әр түрлі, көшелердің, жалпы қоғамдық қолданыстағы аймақтардың жабдықталуы мен көгалдандырылуы тиісті талаптардың ешқайсысына сай келмеді. Нәтижесінде поселке келбеті бейберекет әрі кездейсоқ салына берген үйлердің жүйесіз жиынтығына ұқсас болып шықты. 1987 ж. «Казгипроград» институты қаланың жаңа Бас жоспарын дайындады, мұнда 400 мың адамға арналған ыңғайлы қоныс карастырылған және оның аумағын шығыс жағалауға қарай созу көзделген болатын. Қалыптасқан жаңа жағдайлар мен тұтыныс түрлерін ескере отырып, «Ленгорстройпроект» дайындаған жобада, негізінен, Целиноград жоспарлау ұйымының қағидаттары сақталды, шын мәнінде ол бұрынғы Бас жоспардың өнделген нұсқасы болатын. «Казгипроград» тарапынан енгізілген өзгерістер бойынша, Ақбұлақ пен Есілдің құйылысындағы аймақтан жалпы қалалық орталық салу, сондай-ақ жеке адамдардың тұрғын үй құрылысын салуы үшін жер телімдерін бөлу тоқтатылды.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Ұқсас материалдар