Қандастар Ассамблея

Студенттерге «Студентте» жеңілдік қарастырылған (видео)

25.02.2013 2584
Студенттер енді азық-түлік пен түрлі жеміс-жидекті сатып алу үшін тек қана «Студентке» барады. Астанада жастарға арналған әлеуметтік дүкен ашылды. Бұл сауда орны Сәкен Сейфуллин атындағы агротехникалық университеттің 10 мың білім алушысына ыңғайлы әрі тиімді. Дүкеннің ерекшелігі, барлық тауар құны нарықтық бағадан төмен. Мәселен, нан бағасы - 45 теңге. Көкөніс, жеміс-жидек әмбебап дүкендермен салыстырғанда 30%-ға арзан. Мақсат ЕСМАҒҰЛОВ, 2-курс студенті: - Бұл дүкен ашылғалы студенттердің күнделікті жұмсайтын ақшасы едәуір үнемделді деуге болады. Енді қалаған уақытымызда қажетімізді сатып ала аламыз. Оқу орнында білім алып жатқан 10 мың студенттің 70%-ы шалғай елдімекендерден келген. Енді біреулері көпбалалы отбасы және жоқ-жітігі көп жанұядан шыққан. Сондықтан ұстаздар болашақ мамандарға осындай қолдау көрсетуді жөн деп тауыпты. Жайнагүл АЙТМАҒАНБЕТҚЫЗЫ С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры: - Студент біздің ойымызша өзінің уақытын бөліп, жан-жаққа жүгірмеу керек. Студенттік қалашықта барлық қызмет көрсетілуі керек. Алдағы уақытта университет жанынан әлеуметтік емхана мен дәріхана ашу жоспарда бар. Ал кешенді асты студенттер небары 250 теңгеге ішіп жүр. Ләззат САЙЫНОВА, 3-курс студенті: - Біз әрбір қоңырау сайын осы асханаға келіп тамақ ішеміз. жақсы сабақ оқу үшін, әрине жақсы тамақтану керек. сондықтан осылай тамақтанамыз. Студенттердің қарны тоқ. Олардың басты міндеті – жоғары білім алу. Ал жастардың өздері – бұл қызығы мен қиындығы қатар жүретін студенттік өмірдің жарқын беттері. Авторлар: Марал Сатқанғалиева, Айтжан Отызбаев, 24 KZ  

Студенттер енді азық-түлік пен түрлі жеміс-жидекті сатып алу үшін тек қана «Студентке» барады.

Астанада жастарға арналған әлеуметтік дүкен ашылды. Бұл сауда орны Сәкен Сейфуллин атындағы агротехникалық университеттің 10 мың білім алушысына ыңғайлы әрі тиімді.

Дүкеннің ерекшелігі, барлық тауар құны нарықтық бағадан төмен. Мәселен, нан бағасы - 45 теңге. Көкөніс, жеміс-жидек әмбебап дүкендермен салыстырғанда 30%-ға арзан.

Мақсат ЕСМАҒҰЛОВ, 2-курс студенті:

- Бұл дүкен ашылғалы студенттердің күнделікті жұмсайтын ақшасы едәуір үнемделді деуге болады. Енді қалаған уақытымызда қажетімізді сатып ала аламыз.

Оқу орнында білім алып жатқан 10 мың студенттің 70%-ы шалғай елдімекендерден келген. Енді біреулері көпбалалы отбасы және жоқ-жітігі көп жанұядан шыққан. Сондықтан ұстаздар болашақ мамандарға осындай қолдау көрсетуді жөн деп тауыпты.

Жайнагүл АЙТМАҒАНБЕТҚЫЗЫ С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры:

- Студент біздің ойымызша өзінің уақытын бөліп, жан-жаққа жүгірмеу керек. Студенттік қалашықта барлық қызмет көрсетілуі керек.

Алдағы уақытта университет жанынан әлеуметтік емхана мен дәріхана ашу жоспарда бар. Ал кешенді асты студенттер небары 250 теңгеге ішіп жүр.

Ләззат САЙЫНОВА, 3-курс студенті:

- Біз әрбір қоңырау сайын осы асханаға келіп тамақ ішеміз. жақсы сабақ оқу үшін, әрине жақсы тамақтану керек. сондықтан осылай тамақтанамыз.

Студенттердің қарны тоқ. Олардың басты міндеті – жоғары білім алу. Ал жастардың өздері – бұл қызығы мен қиындығы қатар жүретін студенттік өмірдің жарқын беттері.

Авторлар: Марал Сатқанғалиева, Айтжан Отызбаев, 24 KZ

 

Ұқсас материалдар