Қандастар Ассамблея

Қазақстандық студенттер egov.kz арқылы «Болашақ» стипендиясына құжаттарын тапсыра алады

25.02.2013 1796
Қазақстандық студенттер egov.kz арқылы «Болашақ» стипендиясына құжаттарын тапсыра алады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі egov.kz сайтына сілтеме жасап. 18 ақпаннан бастап «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлерден құжаттар қабылдау басталды. Электрондық формат үміткерлерге қажетті құжаттаманы жинау мен жөнелтуді жеңілдетеді. Мысалы, құжаттрады онлайн берген кезде төлқұжат пен жеке куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелерін тапсырудың қажеті жоқ, сонымен қатар зейнетақы қорынан үзінді керек болмайды. Осы мәліметтер мемлекеттік деректер қорынан автоматты түрде түседі. Оның үстіне, осындай тәсіл уақыт пен қаражатты үнемдейді: құжаттарды енді Қазақстанның кез-келген нүктесінен тапсыруға болады. Ол үшін www.egov.kz порталында тіркелу қажет және электрондық цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) болуы тиіс. «Болашақ» Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық стипендиясын табыстауға конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» қызметі порталдағы «Білім» айдарында «ЖОО-дан кейінгі білім» бөлімінде орналасқан. Стипендияға үміткер «Онлайн қызметке тапсырыс беру» деген сөзді басады, одан кейін электрондық нысан бойынша қажетті орындарды толтырады және құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркейді. Олардың тізбесін қызметтің төлқұжатынан табуға болады.

Қазақстандық студенттер egov.kz арқылы «Болашақ» стипендиясына құжаттарын тапсыра алады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі egov.kz сайтына сілтеме жасап.

18 ақпаннан бастап «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлерден құжаттар қабылдау басталды.

Электрондық формат үміткерлерге қажетті құжаттаманы жинау мен жөнелтуді жеңілдетеді. Мысалы, құжаттрады онлайн берген кезде төлқұжат пен жеке куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелерін тапсырудың қажеті жоқ, сонымен қатар зейнетақы қорынан үзінді керек болмайды. Осы мәліметтер мемлекеттік деректер қорынан автоматты түрде түседі. Оның үстіне, осындай тәсіл уақыт пен қаражатты үнемдейді: құжаттарды енді Қазақстанның кез-келген нүктесінен тапсыруға болады.

Ол үшін www.egov.kz порталында тіркелу қажет және электрондық цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) болуы тиіс. «Болашақ» Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық стипендиясын табыстауға конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» қызметі порталдағы «Білім» айдарында «ЖОО-дан кейінгі білім» бөлімінде орналасқан.

Стипендияға үміткер «Онлайн қызметке тапсырыс беру» деген сөзді басады, одан кейін электрондық нысан бойынша қажетті орындарды толтырады және құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркейді. Олардың тізбесін қызметтің төлқұжатынан табуға болады.

Ұқсас материалдар