Қандастар Ассамблея

Архитектурасы және қала құрылысы 1964 жыл

25.02.2013 2095
1964 ж. Целиноградта жоғары мамандандырылған инженер-құрылысшы мамандар даярлайтын Құрылыс-инженерлік институт ашылды. Бір жылдан кейін Целиноград ауыл шаруашылық институтына сәулет өнері мамандығы бойынша алғаш рет студенттер қабылданды. Факультет туралы бастама көтерген және оның негізін қалаған ЦАШИ ректоры М. Гендельман мен факультеттің алғашқы деканы доцент Е. Тихомирова еді. Целиноград сәулет мектебінің басында түрғандар: проф. М. Спектор, Л. Илюхин, В. Га-ряев; сондай-ақ оқытушылық мамандықты таңдаған оның алғашқы түлектері: сәулет өнерінің докторы, проф. А. Корнилова, доценттер А. Копп, В. Латышев және проф. А. Чиканаев болатын. Целиноград ауыл шаруашылық институтының сәулет өнері факультетін жалпы одақ мойындады және ол «тың өлкесінің ерекше сәулет мектебі» деген беделге ие болды. Осылайша Целиноград қуатты құрылыс индустриялық базасы және қажетті құрылыс кадрларын дайындау бойынша оқу ғимараттары бар динамикалық даму әлеуеті зор қалаға айналды. Қала аумағы жағынан өсіп, Соленая балка (қазіргі Ақбұлақ) өзенінің шығыс жағалауына қанат жайды. Бұл жерде 1-8 ықшамаудандары тұрғызылды және Студенттер (қазіргі Абылай хан) даңғылының бойына «Целинный» кинотеатры салынып, облыстық аурухана мен құрылыс-инженері институты кешенінің құрылысы жүргізілді. Қаланың ескі бөлігінде «Молодежный» және «Заводской» ықшамаудандары бой көтерді. Целинный (қазіргі Республика), Победа даңғылдары, Ленин (қазіргі Абай) көшесі, Соленая балкадағы (қазіргі Ақбұлақ) демалыс кешені, Кеңестер үйінің (қазіргі қала әкімшілігі) артында Қазан революциясы шағынбағы секілді сәулет-композициялық сипаттағы жаңа нысандар құрылды. Бөлшектеп жоспарлау жобасы бойынша, «Целингорсельпроект» институтының сәулетшілері В. Тоскин, Е. Мержиевский, Е. Карпенколар дайындаған, қала әкімшілік орталығының сәулеттік ансамблін құру 70-80 жылдардағы өте ірі қала салу жұмыстарының бірі ретінде саналды. Құрылыстардың алғашқы кезеңіндегі ленинградтық сәулетшілер жобасындағы идеялар орталықтың жоспарлы құрылымына негіз етіп алынды. Бір қабатты «көкөніс» сауда қатарларының орнына ірі, 2 қабатты ЦУМ ғимараты мен 16 қабатты «Целингипросельхоз» жобалау институтының ғимараты салынғаннан кейін алаңдар ансамблі жаңа келбетке енді. Жобалау институты ғимаратының алдына мәрмәр тұғырға Вучетич атындағы көркем-өндірістік шеберханасында дайындалған 6 метрлік В.И. Лениннің қола мүсіні орнатылды. Алаң аумағы үш бөлікке бөлінді. Тың игерушілер сарайының алды К. Маркс (қазіргі Кенесары Қасымұлы) көшесіне дейін Тың игерушілер сарайының киноконцерт залынан шыққан көрермендер жиналатын, тарайтын және дем алатын алаң қызметін атқарды. ЦУМ-ның алдындағы алаң қалалықтар мен ЦУМ-нан зат алуға келушілердің демалатын орны болып белгіленді. Алаңның осы бөлігі архитектор В. Косяк пен суретші Ю. Александровтың мүсіндік формаларымен безендіріліп, түрлі түсті мозайка плиталармен қаптаған фонтандар орнатылды. Кеңестер үйі мен «Есіл» қонақ үйінің ғимараттары арасындағы алаң демонстрациялар және басқа да ресми салтанатты іс-шаралар мен мерекелер өткізілетін орын қызметін атқарды. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

1964 ж. Целиноградта жоғары мамандандырылған инженер-құрылысшы мамандар даярлайтын Құрылыс-инженерлік институт ашылды. Бір жылдан кейін Целиноград ауыл шаруашылық институтына сәулет өнері мамандығы бойынша алғаш рет студенттер қабылданды. Факультет туралы бастама көтерген және оның негізін қалаған ЦАШИ ректоры М. Гендельман мен факультеттің алғашқы деканы доцент Е. Тихомирова еді. Целиноград сәулет мектебінің басында түрғандар: проф. М. Спектор, Л. Илюхин, В. Га-ряев; сондай-ақ оқытушылық мамандықты таңдаған оның алғашқы түлектері: сәулет өнерінің докторы, проф. А. Корнилова, доценттер А. Копп, В. Латышев және проф. А. Чиканаев болатын. Целиноград ауыл шаруашылық институтының сәулет өнері факультетін жалпы одақ мойындады және ол «тың өлкесінің ерекше сәулет мектебі» деген беделге ие болды. Осылайша Целиноград қуатты құрылыс индустриялық базасы және қажетті құрылыс кадрларын дайындау бойынша оқу ғимараттары бар динамикалық даму әлеуеті зор қалаға айналды. Қала аумағы жағынан өсіп, Соленая балка (қазіргі Ақбұлақ) өзенінің шығыс жағалауына қанат жайды. Бұл жерде 1-8 ықшамаудандары тұрғызылды және Студенттер (қазіргі Абылай хан) даңғылының бойына «Целинный» кинотеатры салынып, облыстық аурухана мен құрылыс-инженері институты кешенінің құрылысы жүргізілді. Қаланың ескі бөлігінде «Молодежный» және «Заводской» ықшамаудандары бой көтерді. Целинный (қазіргі Республика), Победа даңғылдары, Ленин (қазіргі Абай) көшесі, Соленая балкадағы (қазіргі Ақбұлақ) демалыс кешені, Кеңестер үйінің (қазіргі қала әкімшілігі) артында Қазан революциясы шағынбағы секілді сәулет-композициялық сипаттағы жаңа нысандар құрылды. Бөлшектеп жоспарлау жобасы бойынша, «Целингорсельпроект» институтының сәулетшілері В. Тоскин, Е. Мержиевский, Е. Карпенколар дайындаған, қала әкімшілік орталығының сәулеттік ансамблін құру 70-80 жылдардағы өте ірі қала салу жұмыстарының бірі ретінде саналды. Құрылыстардың алғашқы кезеңіндегі ленинградтық сәулетшілер жобасындағы идеялар орталықтың жоспарлы құрылымына негіз етіп алынды. Бір қабатты «көкөніс» сауда қатарларының орнына ірі, 2 қабатты ЦУМ ғимараты мен 16 қабатты «Целингипросельхоз» жобалау институтының ғимараты салынғаннан кейін алаңдар ансамблі жаңа келбетке енді. Жобалау институты ғимаратының алдына мәрмәр тұғырға Вучетич атындағы көркем-өндірістік шеберханасында дайындалған 6 метрлік В.И. Лениннің қола мүсіні орнатылды. Алаң аумағы үш бөлікке бөлінді. Тың игерушілер сарайының алды К. Маркс (қазіргі Кенесары Қасымұлы) көшесіне дейін Тың игерушілер сарайының киноконцерт залынан шыққан көрермендер жиналатын, тарайтын және дем алатын алаң қызметін атқарды. ЦУМ-ның алдындағы алаң қалалықтар мен ЦУМ-нан зат алуға келушілердің демалатын орны болып белгіленді. Алаңның осы бөлігі архитектор В. Косяк пен суретші Ю. Александровтың мүсіндік формаларымен безендіріліп, түрлі түсті мозайка плиталармен қаптаған фонтандар орнатылды. Кеңестер үйі мен «Есіл» қонақ үйінің ғимараттары арасындағы алаң демонстрациялар және басқа да ресми салтанатты іс-шаралар мен мерекелер өткізілетін орын қызметін атқарды.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Ұқсас материалдар