Қандастар Ассамблея

Архитектурасы және қала құрылысы 1963 жыл

25.02.2013 2471
1963 ж. ленинградтық сәулетшілер дайындаған бөлшектеп жоспарлау жобасы бойынша, қаланың шығыс ауданындағы Соленая балка (қазіргі Ақбұлақ) өзенінің сырт жағында алғашқы үйлердің құрылысы жүргізіле бастады. Сол жылы телеорталық пен қаланы саябақ аймағымен жалғастыратын темір-бетонды құрылымды жаяу жүргіншілер көпірі салынды. Құрылыс жұмыстарының екпіні мен ауқымы туралы мынандай мәліметтер айтылады: 1962 ж. Целиноградта 115 мың шаршы метр тұрғын үй салынған, бұл 1961 жылғымен салыстырғанда 10 есе көп. Қалада салынған нысандардың барлығы бірдей біртектес үлгілер мен үстірт әрекеттердің нәтижесінде жүзеге асты деуге болмайды, 1963 ж. ригалық сәулетшілері А. Крауклис, Д. Доннеберг және Б. Фогельстің жобасы бойынша көпфункциялы, 2500 көрерменге арналған залы бар, кең форматты кинофильмдер көрсетуге лайықталған, бірегей сәулетімен ерекшеленетін Тың игерушілер сарайы салынды. Краснодарлық сәулетші Титовтың жобасы бойынша салынған, функционалдық ыңғайдағы Кеңестер үйінің де өзіндік сәулеттік келбеті айқын болатын. Әуежайдың, «Мәскеу» қонақ үйінің, «Колос», «Целинэнерго» гастрономының ғимараты сол кезең үшін озық үлгі болып табылатын функционалдық мәнерде салынған еді. Тың игерушілер сарайының ғимараты тек Қазақстанда ғана емес, тұтас Кеңес Одағы бойынша кұрылыс өнерінің даму тарихын бейнелеуші Республикалық маңызға ие сәулет ескерткіші ретінде мемлекеттік қорғауға алынды. 1964 ж. тың өлкесінің таратылуы мен Целиноград қаласының мәртебесі төмендетіліп, облыстық дәрежедегі әкімшіліктің орталығына айналуы бюджеттік қаржыландыруды қысқарту қаланы дамыту мен орындалатын құрылыс жұмыстарының жоспарына әсер етпей қалмады. Осыған қарамастан, қала бірізді және жүйелі түрде жетіліп, жоспарлы құрылымы мен құрылысының сәулеттік келбеті өзінің дамуын барынша жалғастыра берді. Целиноградта тұрғындар санының артуы да тоқталған жоқ, ол 1990 жылы 287 мың адамға жетті. Барынша қуатты индустрия, соның ішінде, «Целинтрансстрой», «Целиноградтяжстрой», «Агропромстрой», «Казахтранстехмонтаж», «Целинстальмонтаж», т.б. секілді ірі трестер құрылды. Күрделі құрылыс базасы, үй құрылысы және керамика комбинаты, ТБК-1; ТБК-2 зауыты, т.б. бұйымдар комбинаты, құрылыс конструкциясы мен ҚК, ББК және т.б. секілді 11 құрылыс материалдары мен құрылыс индустриясы өндірісінің кәсіпорындарынан құралды. Осы көсіпорындарда, тұрғын үйге және өндірістік құрылысқа, панель мен блоктан салынатын үйдің бөлшектеріне арналған темір-бетонды құрылымды құрастыру өндірісі жұмыс істеді. Жобалық құжаттарды дайындау үшін «Целингорсельпроект», «Целингипросельхоз», «Ком-мунпроект», «Казгипроводхоз» секілді ірі жобалау институттары құрылды. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

1963 ж. ленинградтық сәулетшілер дайындаған бөлшектеп жоспарлау жобасы бойынша, қаланың шығыс ауданындағы Соленая балка (қазіргі Ақбұлақ) өзенінің сырт жағында алғашқы үйлердің құрылысы жүргізіле бастады. Сол жылы телеорталық пен қаланы саябақ аймағымен жалғастыратын темір-бетонды құрылымды жаяу жүргіншілер көпірі салынды. Құрылыс жұмыстарының екпіні мен ауқымы туралы мынандай мәліметтер айтылады: 1962 ж. Целиноградта 115 мың шаршы метр тұрғын үй салынған, бұл 1961 жылғымен салыстырғанда 10 есе көп. Қалада салынған нысандардың барлығы бірдей біртектес үлгілер мен үстірт әрекеттердің нәтижесінде жүзеге асты деуге болмайды, 1963 ж. ригалық сәулетшілері А. Крауклис, Д. Доннеберг және Б. Фогельстің жобасы бойынша көпфункциялы, 2500 көрерменге арналған залы бар, кең форматты кинофильмдер көрсетуге лайықталған, бірегей сәулетімен ерекшеленетін Тың игерушілер сарайы салынды. Краснодарлық сәулетші Титовтың жобасы бойынша салынған, функционалдық ыңғайдағы Кеңестер үйінің де өзіндік сәулеттік келбеті айқын болатын. Әуежайдың, «Мәскеу» қонақ үйінің, «Колос», «Целинэнерго» гастрономының ғимараты сол кезең үшін озық үлгі болып табылатын функционалдық мәнерде салынған еді. Тың игерушілер сарайының ғимараты тек Қазақстанда ғана емес, тұтас Кеңес Одағы бойынша кұрылыс өнерінің даму тарихын бейнелеуші Республикалық маңызға ие сәулет ескерткіші ретінде мемлекеттік қорғауға алынды. 1964 ж. тың өлкесінің таратылуы мен Целиноград қаласының мәртебесі төмендетіліп, облыстық дәрежедегі әкімшіліктің орталығына айналуы бюджеттік қаржыландыруды қысқарту қаланы дамыту мен орындалатын құрылыс жұмыстарының жоспарына әсер етпей қалмады. Осыған қарамастан, қала бірізді және жүйелі түрде жетіліп, жоспарлы құрылымы мен құрылысының сәулеттік келбеті өзінің дамуын барынша жалғастыра берді. Целиноградта тұрғындар санының артуы да тоқталған жоқ, ол 1990 жылы 287 мың адамға жетті. Барынша қуатты индустрия, соның ішінде, «Целинтрансстрой», «Целиноградтяжстрой», «Агропромстрой», «Казахтранстехмонтаж», «Целинстальмонтаж», т.б. секілді ірі трестер құрылды. Күрделі құрылыс базасы, үй құрылысы және керамика комбинаты, ТБК-1; ТБК-2 зауыты, т.б. бұйымдар комбинаты, құрылыс конструкциясы мен ҚК, ББК және т.б. секілді 11 құрылыс материалдары мен құрылыс индустриясы өндірісінің кәсіпорындарынан құралды. Осы көсіпорындарда, тұрғын үйге және өндірістік құрылысқа, панель мен блоктан салынатын үйдің бөлшектеріне арналған темір-бетонды құрылымды құрастыру өндірісі жұмыс істеді. Жобалық құжаттарды дайындау үшін «Целингорсельпроект», «Целингипросельхоз», «Ком-мунпроект», «Казгипроводхоз» секілді ірі жобалау институттары құрылды.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Ұқсас материалдар