Қандастар Ассамблея

Тоғызқұмалақ – зияткерлік ойын (видео)

25.02.2013 5746
Тоғызқұмалақ ойыны бойынша еліміз әлемде көш бастап тұр. Бүгінде төрткүл дүниеге тарай бастаған қазақтың ұлттық ойыны көпке танылған. Оның мәртебесі ғаламторда өзге ойындарға алдын бермеген. Қазір мектеп оқушылары да қолдары қалт ете қалса тоғызқұмалақ ойнауға құмар. Тоғызқұмалақ ұлттық ойынының 4 мың жылдық тарихы бар екен. Оның тақтасында 2 қазандық, 18 отау, 162 құмалақ бар. Еліміз әлем бойынша  тоғызқұмалақтан көш бастап тұр. Қазір тоғызқұмалақты интернет кеңістігінде әлемнің 100-ден астам өкілдері ойнайды. 2009 жылдан бастап ғаламторда тоғызқұмалақ  зияткерлік ойын ретінде тіркелді. Содан бері бұл ойын онлайн жүйеде де ойналатын болды. Әзірге  біздің ойыншыларға жетер ешкім болмай тұр. Қазақ ойынын бүгінде әлемнің бірқатар дамыған мемлекеттері мойындаса,  Германия, Португалия, Түркия, елдерінде арнайы үйірмелер жұмыс істейді. Бірақ, бұл ойын  әлі күнге дейін «Зияткерлік ойындар олимпиадасы»  қатарына енгізілмей отыр. Мақсат ШОТАЕВ, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы: -      Дүниежүзілік зияткерлік ойындар олимпиадасының түрлері көп. Мысалы, зияткерлік ойын фестивалі олимпиадасы бар. Қазіргі кезде Дүниежүзілік шахмат қауымдастығы ашылған. Онда шахмат дойбы, го, Қытай шахматы, бридж осы ойындар енгізілген. Ал, тоғызқұмалақ әлі күнге дейін шын мәнінде енген жоқ. Зияткерлік ойын болғандықтан қазір тоғызқұмалаққа ересектермен қатар, оқушылар да қызығушылық таныта бастаған. Сабақтан тыс уақытта өзара жарыс та ұйымдастырады. Қазақстандық тоғызқұмалақшалардың халықаралық деңгейде беделі де жоғары. Гүлнар БАЗАРАЛИЕВА, Халықаралық жарыс жеңімпазы: -      Менің білуімше, бұл Абай атамыздың сүйікті ойындарының бірі болды. Соны білген соң менің тоғызқұмалаққа деген қызығушылығым арта түсті. Тоғызқұмалақ ойынынан мен биыл Ташкентте өткен халықаралық жарыста бірінші орын алдым. Айым МҰСАЕВА, Халықаралық жарыстың жеңімпазы: -      Мен тоғызқұмалақтан Әлем чемпионы болуға талпынып жүрмін. Ол үшін әлі көп дайындық керек. Қазіргі спорт шеберлерінің деңгейінде болу керекпін. Бүгінде тоғызқұмалақ ойынының әлемде бірнеше үлгілері бар. Мәселен, Мысырда осыған ұқсас ойынды «калах» деп атаса, Шри-Ланкада «олинда калия», Қырғыздарда «Тогуз Коргоол», африкалықтарда «манкала» деп атайды. Әу баста,  тоғызқұмалақтың үш отау, бес отау, жеті отаулық шағын үлгілері болған. Бүгінгі таңда бұл  жетілген тоғыз отаулық классикалық ережемен ойналады. Авторлар: Айнұр Қуатқызы, Айтжан Отызбаев, 24 KZ

Тоғызқұмалақ ойыны бойынша еліміз әлемде көш бастап тұр. Бүгінде төрткүл дүниеге тарай бастаған қазақтың ұлттық ойыны көпке танылған. Оның мәртебесі ғаламторда өзге ойындарға алдын бермеген. Қазір мектеп оқушылары да қолдары қалт ете қалса тоғызқұмалақ ойнауға құмар.

Тоғызқұмалақ ұлттық ойынының 4 мың жылдық тарихы бар екен. Оның тақтасында 2 қазандық, 18 отау, 162 құмалақ бар. Еліміз әлем бойынша  тоғызқұмалақтан көш бастап тұр. Қазір тоғызқұмалақты интернет кеңістігінде әлемнің 100-ден астам өкілдері ойнайды. 2009 жылдан бастап ғаламторда тоғызқұмалақ  зияткерлік ойын ретінде тіркелді. Содан бері бұл ойын онлайн жүйеде де ойналатын болды. Әзірге  біздің ойыншыларға жетер ешкім болмай тұр.

Қазақ ойынын бүгінде әлемнің бірқатар дамыған мемлекеттері мойындаса,  Германия, Португалия, Түркия, елдерінде арнайы үйірмелер жұмыс істейді. Бірақ, бұл ойын  әлі күнге дейін «Зияткерлік ойындар олимпиадасы»  қатарына енгізілмей отыр.

Мақсат ШОТАЕВ, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы:

-      Дүниежүзілік зияткерлік ойындар олимпиадасының түрлері көп. Мысалы, зияткерлік ойын фестивалі олимпиадасы бар. Қазіргі кезде Дүниежүзілік шахмат қауымдастығы ашылған. Онда шахмат дойбы, го, Қытай шахматы, бридж осы ойындар енгізілген. Ал, тоғызқұмалақ әлі күнге дейін шын мәнінде енген жоқ.

Зияткерлік ойын болғандықтан қазір тоғызқұмалаққа ересектермен қатар, оқушылар да қызығушылық таныта бастаған. Сабақтан тыс уақытта өзара жарыс та ұйымдастырады. Қазақстандық тоғызқұмалақшалардың халықаралық деңгейде беделі де жоғары.

Гүлнар БАЗАРАЛИЕВА, Халықаралық жарыс жеңімпазы:

-      Менің білуімше, бұл Абай атамыздың сүйікті ойындарының бірі болды. Соны білген соң менің тоғызқұмалаққа деген қызығушылығым арта түсті. Тоғызқұмалақ ойынынан мен биыл Ташкентте өткен халықаралық жарыста бірінші орын алдым.

Айым МҰСАЕВА, Халықаралық жарыстың жеңімпазы:

-      Мен тоғызқұмалақтан Әлем чемпионы болуға талпынып жүрмін. Ол үшін әлі көп дайындық керек. Қазіргі спорт шеберлерінің деңгейінде болу керекпін.

Бүгінде тоғызқұмалақ ойынының әлемде бірнеше үлгілері бар. Мәселен, Мысырда осыған ұқсас ойынды «калах» деп атаса, Шри-Ланкада «олинда калия», Қырғыздарда «Тогуз Коргоол», африкалықтарда «манкала» деп атайды. Әу баста,  тоғызқұмалақтың үш отау, бес отау, жеті отаулық шағын үлгілері болған. Бүгінгі таңда бұл  жетілген тоғыз отаулық классикалық ережемен ойналады.

Авторлар: Айнұр Қуатқызы, Айтжан Отызбаев, 24 KZ

Ұқсас материалдар