Қандастар Ассамблея

Архитектурасы және қала құрылысы 1961 жыл

25.02.2013 2695
Тың оқиғасының эпицентрінде орналасқан Акмолада тың және тыңайған жерлерді игеру басталысымен, бірден құрылыс қарқыны мен тұрғындар саны артты. Алты жыл ішінде (1954-60) қала тұрғындарының саны 77 мыңнан 129 мыңға бір-ақ көтерілді. 1961 ж. Ақмола қаласына Целиноград атауы беріліп, Тың өлкесінің астанасы деген мәртебеге ие болды. Тың астанасының құрылысына КСРО-ның үздік жобалаушылары мен құрылыс ұжымдары жұмылдырылды. Целиноградқа Киевтен, Мәскеуден, Ленинградтан құрылыс техникалары, құрылыс материалдары және құрылыс трестерінің ұжымдары мен ұйымдары тұтастай эшалондармен аттандырылды. Целиноград құрылысының өсуіне, қаланы қамқорлығына алған Мәскеу мен Ленинград құрылысшыларының қосқан үлесі зор болды. Тек бір ғана 1961 ж. олар 650 пәтер мен бес қабатты 4 мектеп салып, пайдалануға берді. 1963 жылдан бастап қаланың құрылысы мен даму бағыты, сәулетші Г. Гладштейн жетекшілік ететін «Ленгорстройпроект» жобалау институтының шығармашылық ұжымы дайындаған жобаға сәйкес жүргізіле бастады. Бас жоспардың тармақтарын орындау үшін Киевтің, Ленинградтың, Мәскеудің мамандандырылған жобалау және ғылыми-зерттеу институты жұмылдырылды. Жобаның ғылыми жетекшілік жұмыстарын сәулет академигі В. Шквариков жүзеге асырды. Қаланы аймақтық дамытудың негізіне өткен ғасырдың 30 жылдарында КСРО наркомы Н. Милютин дайындаған жоспарлаудың үздіксіз-функционалдық сызбасы алынды. Осы сызбаға сәйкес қала аумағы функционалдық аймақтарға бөлінді және бұл аймақтар солтүстіктен оңтүстікке қарай қатар сызық бойымен белгілі тәртіп бойынша орналастырылды: 1) өндірістік-қоймалық және коммуналдық аймақ; 2) темір жолдар; 3) тұрғын үй аймағы; 4) парк-рекреациялық аймақ; 5) қала маңы ауыл шаруашылық аймағы. Сызбада негізінен, жергілікті аймақтың рельефі, гидрографиясы және табиғи-климаттық жағдайларының ерекшеліктері ескеріліп, қала кұрылысын осыған бейімдей жүргізу қарастырылған. Сонымен қатар өндірістік-қоймалық аймақты адамдар қоныстанған аймақтан оқшау жаққа, темір жолдың сыртына орналастыру ұсынылды. Осылай-ша жоспарлау құралдары арқылы тұрғындар қонысын өндіруші кәсіпорындардың өндірістік зияны мен әсерінен қорғау мәселесі шешілді. Тұрғындар қонысын Есіл өзенінің арнасынан ені кең, ұзынынан созылып жатқан саябақтар бөліп тұрды. Саябақ өз кезегінде қаладан шыққан қалдық сулардың Есілге құйылуынан сақтайтын аралық кеңістік қызметін атқарды, сонымен қатар қалалықтардың тамаша демалыс орнына айналды. Есілдің сол жағалауындағы жиі су алып кетіп отыратын, ондаған жылдар бойы көктемгі сел тұнбалары мен түрлі қалдықтардың жинақталуынан қалыптасқан ойпат жерлерді қалалықтарды көкөністермен, жемістермен және мал шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ететін қала маңы ауыл шаруашылық аймағы ретінде пайдалану туралы үсыныстар болды. Қаланың тұрғындар қоныстанған ескі бөлігіндегі тор тәріздес тік бүрышты көшелерден түратын кварталдың құрылысын авторлар мақсатты түрде сақтауға ұйғарды, бұл орайда мүмкіндігіне қарай кварталдар ірілендіріліп, көшенің жүргіншілерге арналған бөлігі кеңейтілді. Олар тұрғындар қоныстанған жаңа аудандарда, сол кезде барынша тиімді деп саналатын ықшамаудандар салуды қолға алды. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Тың оқиғасының эпицентрінде орналасқан Акмолада тың және тыңайған жерлерді игеру басталысымен, бірден құрылыс қарқыны мен тұрғындар саны артты. Алты жыл ішінде (1954-60) қала тұрғындарының саны 77 мыңнан 129 мыңға бір-ақ көтерілді. 1961 ж. Ақмола қаласына Целиноград атауы беріліп, Тың өлкесінің астанасы деген мәртебеге ие болды. Тың астанасының құрылысына КСРО-ның үздік жобалаушылары мен құрылыс ұжымдары жұмылдырылды. Целиноградқа Киевтен, Мәскеуден, Ленинградтан құрылыс техникалары, құрылыс материалдары және құрылыс трестерінің ұжымдары мен ұйымдары тұтастай эшалондармен аттандырылды. Целиноград құрылысының өсуіне, қаланы қамқорлығына алған Мәскеу мен Ленинград құрылысшыларының қосқан үлесі зор болды. Тек бір ғана 1961 ж. олар 650 пәтер мен бес қабатты 4 мектеп салып, пайдалануға берді. 1963 жылдан бастап қаланың құрылысы мен даму бағыты, сәулетші Г. Гладштейн жетекшілік ететін «Ленгорстройпроект» жобалау институтының шығармашылық ұжымы дайындаған жобаға сәйкес жүргізіле бастады. Бас жоспардың тармақтарын орындау үшін Киевтің, Ленинградтың, Мәскеудің мамандандырылған жобалау және ғылыми-зерттеу институты жұмылдырылды. Жобаның ғылыми жетекшілік жұмыстарын сәулет академигі В. Шквариков жүзеге асырды. Қаланы аймақтық дамытудың негізіне өткен ғасырдың 30 жылдарында КСРО наркомы Н. Милютин дайындаған жоспарлаудың үздіксіз-функционалдық сызбасы алынды. Осы сызбаға сәйкес қала аумағы функционалдық аймақтарға бөлінді және бұл аймақтар солтүстіктен оңтүстікке қарай қатар сызық бойымен белгілі тәртіп бойынша орналастырылды: 1) өндірістік-қоймалық және коммуналдық аймақ; 2) темір жолдар; 3) тұрғын үй аймағы; 4) парк-рекреациялық аймақ; 5) қала маңы ауыл шаруашылық аймағы.

Сызбада негізінен, жергілікті аймақтың рельефі, гидрографиясы және табиғи-климаттық жағдайларының ерекшеліктері ескеріліп, қала кұрылысын осыған бейімдей жүргізу қарастырылған. Сонымен қатар өндірістік-қоймалық аймақты адамдар қоныстанған аймақтан оқшау жаққа, темір жолдың сыртына орналастыру ұсынылды. Осылай-ша жоспарлау құралдары арқылы тұрғындар қонысын өндіруші кәсіпорындардың өндірістік зияны мен әсерінен қорғау мәселесі шешілді. Тұрғындар қонысын Есіл өзенінің арнасынан ені кең, ұзынынан созылып жатқан саябақтар бөліп тұрды. Саябақ өз кезегінде қаладан шыққан қалдық сулардың Есілге құйылуынан сақтайтын аралық кеңістік қызметін атқарды, сонымен қатар қалалықтардың тамаша демалыс орнына айналды. Есілдің сол жағалауындағы жиі су алып кетіп отыратын, ондаған жылдар бойы көктемгі сел тұнбалары мен түрлі қалдықтардың жинақталуынан қалыптасқан ойпат жерлерді қалалықтарды көкөністермен, жемістермен және мал шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ететін қала маңы ауыл шаруашылық аймағы ретінде пайдалану туралы үсыныстар болды. Қаланың тұрғындар қоныстанған ескі бөлігіндегі тор тәріздес тік бүрышты көшелерден түратын кварталдың құрылысын авторлар мақсатты түрде сақтауға ұйғарды, бұл орайда мүмкіндігіне қарай кварталдар ірілендіріліп, көшенің жүргіншілерге арналған бөлігі кеңейтілді. Олар тұрғындар қоныстанған жаңа аудандарда, сол кезде барынша тиімді деп саналатын ықшамаудандар салуды қолға алды.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Ұқсас материалдар