Қандастар Ассамблея

АРХИТЕКТУРАСЫ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ 1841-1890 ж.ж.

25.02.2013 2513
1840 ж. әскери бекініс жүйесінде басқа құрылыстармен бірге барлық жағынан тұйықталған, бес қырлы қамалдан тұратын, ағаштан құрастырылған және балшықтан құйылған қорғаныс казармаларының құрылысы басталды. Поселкені солтүстік жағынан «мылтықтан оқ жаудырып, зеңбірекпен атқылауға арналған» атыс ойығы бар екі кабатты мұнара қорғап түрды. Бекіністің ішіне 1841-43 жылдарда аға офицерлерге арналған үй, лазареттің жаңа ғимараты және жорық шіркеуі тұрғызылады. 1842 ж. бекініс қабырғасының сыртынан аға сұлтан Қ. Құдаймендин екі белдеулі ағаш мешіт салдырады. Әскери тәртіптегі нысандар құрылысының жұмысы 19 ғасырдың 50 жылдары аяқталды. 1850 ж. бекіністің кіре берісіндегі керме ағаштың орнына қақпа орнатылып, қазылған орға көпір салынды. Кенесары бастаған (1847 ж.) ұлт-азаттық күрес жаншылып, хан опат болғаннан кейін елдімекен өзінің әскери мақсаттағы мәнін жойып, бейбіт талаптарға сай дами бастады. Ақмоланың керуен сауда жолының торабында орналасуы оның сауда бағытындағы маңыздылығын арттырды. Осы жерде маусымдық ірі сауда жәрмеңкелері (Константин, Дмитриев) өткізіле бастады. Ресейден, Орта Азиядан, Қытайдан және Үндістаннан тауарлар жеткізіліп, мал және мал өнімдеріне айырбастау бойынша ірі келісімдер жасалды. 1854 ж. елді мекеннің орталығындағы бұрынғы стадионның орнына ағаштан крест-күмбезді Константин-Елена шіркеуі салынды. 1862 ж. Ақмола қала мәртебесіне ие болды. 1876 ж. Ақмола приказының қысқаруымен қала өзінің әскери-стратегиялвіқ маңызын біржола жойды. Маңызы жойылғаннан кейін орлар мен дуалдар да алынып тасталды. Олардың орнына жеке меншік тұрғын үйлер мен сауда сөрелері пайда болды. Қаланың өсуі мен дамуына Воронеж бен Курск губерниясынан легімен қоныс аударған шаруалар күшті ықпал етті. Тұрғындардың көптеп келуімен қала аймақтық жағынан дамып, жаңа кварталдар құрыла бастады. Бекіністің солтүстігіне қарай, әскерден босаған солдаттар осы өңірге сотталып, жаяу айдаумен келген әйелдерге үйленіп, орналаса бастады. Солдат слободкасы деп аталатын елді мекеннің қалыптасу тарихы, міне, осындай болатын. Казактар қоныстану үшін бекіністің шығыс жағын таңдады да, өз поселкелерін салды, ол кейіннен Казак станицасы деп аталып кетті. Ұсак саудагерлер, шенеуніктер, қолөнершілер, көпестер, жергілікті халық өкілдері, Орта Азиядан шыққандар бекіністің солтүстігіне қарай орналасты. Бұл кварталдар бір жағдайда қала, енді бір жағдайда татар слободкасы деп аталатын. Қаланың ұсақ кварталдары тікбұрышты, торларға ұқсас көшелермен тарамдалып жататын, ол бекініс, слободка, казак станицасы және қала секілді бірнеше бөлікке бөлінді. Орталық бөлігінде қалалық басқарманың, тастан салынған жаңа қонақ сарайының және өрт бақылайтын мұнараның ғимараттары салынды. Құрылыстың негізгі бөлігі балшықтан және ағаштан салынған үйлер болды. Тас пен ағаштан әсем салынған ғимараттар қаланың негізгі көшелері мен алаңдарына орналастырылды. Сол кездегі май, сабын қайнататын, тері илейтін қолөнер кәсіпорындары қаланың өндіріс секторын құрады. Ақмоланың солтүстік жағында (қазіргі Бөгенбай даңғылы) жел диірмен орналастырылды. Ауқатты адамдар (көпестер мен кәсіпорын қожалары) келе салысымен, биік үйлер, дүкендер, қоймалар мен жоғары кіріс әкелетін ғимараттар сала бастады. Осылайша Ақмола әскери гарнизондық елді мекені біртіндеп уездік көпестер қаласына айнала берді. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

1840 ж. әскери бекініс жүйесінде басқа құрылыстармен бірге барлық жағынан тұйықталған, бес қырлы қамалдан тұратын, ағаштан құрастырылған және балшықтан құйылған қорғаныс казармаларының құрылысы басталды. Поселкені солтүстік жағынан «мылтықтан оқ жаудырып, зеңбірекпен атқылауға арналған» атыс ойығы бар екі кабатты мұнара қорғап түрды. Бекіністің ішіне 1841-43 жылдарда аға офицерлерге арналған үй, лазареттің жаңа ғимараты және жорық шіркеуі тұрғызылады. 1842 ж. бекініс қабырғасының сыртынан аға сұлтан Қ. Құдаймендин екі белдеулі ағаш мешіт салдырады. Әскери тәртіптегі нысандар құрылысының жұмысы 19 ғасырдың 50 жылдары аяқталды. 1850 ж. бекіністің кіре берісіндегі керме ағаштың орнына қақпа орнатылып, қазылған орға көпір салынды. Кенесары бастаған (1847 ж.) ұлт-азаттық күрес жаншылып, хан опат болғаннан кейін елдімекен өзінің әскери мақсаттағы мәнін жойып, бейбіт талаптарға сай дами бастады. Ақмоланың керуен сауда жолының торабында орналасуы оның сауда бағытындағы маңыздылығын арттырды. Осы жерде маусымдық ірі сауда жәрмеңкелері (Константин, Дмитриев) өткізіле бастады. Ресейден, Орта Азиядан, Қытайдан және Үндістаннан тауарлар жеткізіліп, мал және мал өнімдеріне айырбастау бойынша ірі келісімдер жасалды. 1854 ж. елді мекеннің орталығындағы бұрынғы стадионның орнына ағаштан крест-күмбезді Константин-Елена шіркеуі салынды. 1862 ж. Ақмола қала мәртебесіне ие болды. 1876 ж. Ақмола приказының қысқаруымен қала өзінің әскери-стратегиялвіқ маңызын біржола жойды. Маңызы жойылғаннан кейін орлар мен дуалдар да алынып тасталды. Олардың орнына жеке меншік тұрғын үйлер мен сауда сөрелері пайда болды. Қаланың өсуі мен дамуына Воронеж бен Курск губерниясынан легімен қоныс аударған шаруалар күшті ықпал етті. Тұрғындардың көптеп келуімен қала аймақтық жағынан дамып, жаңа кварталдар құрыла бастады. Бекіністің солтүстігіне қарай, әскерден босаған солдаттар осы өңірге сотталып, жаяу айдаумен келген әйелдерге үйленіп, орналаса бастады. Солдат слободкасы деп аталатын елді мекеннің қалыптасу тарихы, міне, осындай болатын. Казактар қоныстану үшін бекіністің шығыс жағын таңдады да, өз поселкелерін салды, ол кейіннен Казак станицасы деп аталып кетті. Ұсак саудагерлер, шенеуніктер, қолөнершілер, көпестер, жергілікті халық өкілдері, Орта Азиядан шыққандар бекіністің солтүстігіне қарай орналасты. Бұл кварталдар бір жағдайда қала, енді бір жағдайда татар слободкасы деп аталатын. Қаланың ұсақ кварталдары тікбұрышты, торларға ұқсас көшелермен тарамдалып жататын, ол бекініс, слободка, казак станицасы және қала секілді бірнеше бөлікке бөлінді. Орталық бөлігінде қалалық басқарманың, тастан салынған жаңа қонақ сарайының және өрт бақылайтын мұнараның ғимараттары салынды. Құрылыстың негізгі бөлігі балшықтан және ағаштан салынған үйлер болды. Тас пен ағаштан әсем салынған ғимараттар қаланың негізгі көшелері мен алаңдарына орналастырылды. Сол кездегі май, сабын қайнататын, тері илейтін қолөнер кәсіпорындары қаланың өндіріс секторын құрады. Ақмоланың солтүстік жағында (қазіргі Бөгенбай даңғылы) жел диірмен орналастырылды. Ауқатты адамдар (көпестер мен кәсіпорын қожалары) келе салысымен, биік үйлер, дүкендер, қоймалар мен жоғары кіріс әкелетін ғимараттар сала бастады. Осылайша Ақмола әскери гарнизондық елді мекені біртіндеп уездік көпестер қаласына айнала берді.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Ұқсас материалдар