Қандастар Ассамблея

Ұлттық нақыштағы жәдігерлер көрмесі (видео)

24.02.2013 2902
Петропавлда «Әжелер құпиясы» атты сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ашылды. Жұртшылық назарына славян халқының салт-дәстүрін әспеттейтін 150-ден астам түрлі жәдігер ұсынылды. Мұражай бөлмесі негізінен кең қолданыста болған тұрмыстық заттарға толды. Шойын үтік, самаурын, ыдыс-аяқ пен ағаш сандық. Мұның барлығы адамның қолынан шыққан дүниелер. Ұлттық нақышта жасалса, кейбірі түрлі наным-сенімдерге байланысты қиялдан туған. Көне бұйымдардың көбі XIX ғасырдан қалған. Атадан мирас болып қалған заттарды мұражайға тұрғындар тапсырған. Жібек ЖҮЗЕНОВА, мұражай қызметкері: - «Әжелер құпиясы» деп аталатын біздің көрмеміз барысында балаларды ең қызықтыратын жәдігер ол – самаурын болып табылады. Самаурындар бастапқы кезде бір-бірден емес, дюжинамен сатылған. Дюжина дегеніміз - 12 дана. Бір үлкен қорапқа салынады. Өлшеген кезде бағасы 98 рубль болған. Сол кездегі мәлімет бойынша бір жылқының бағасы 100 рубльді құраған.

Петропавлда «Әжелер құпиясы» атты сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ашылды.

Жұртшылық назарына славян халқының салт-дәстүрін әспеттейтін 150-ден астам түрлі жәдігер ұсынылды. Мұражай бөлмесі негізінен кең қолданыста болған тұрмыстық заттарға толды. Шойын үтік, самаурын, ыдыс-аяқ пен ағаш сандық. Мұның барлығы адамның қолынан шыққан дүниелер. Ұлттық нақышта жасалса, кейбірі түрлі наным-сенімдерге байланысты қиялдан туған. Көне бұйымдардың көбі XIX ғасырдан қалған. Атадан мирас болып қалған заттарды мұражайға тұрғындар тапсырған.

Жібек ЖҮЗЕНОВА, мұражай қызметкері:

- «Әжелер құпиясы» деп аталатын біздің көрмеміз барысында балаларды ең қызықтыратын жәдігер ол – самаурын болып табылады. Самаурындар бастапқы кезде бір-бірден емес, дюжинамен сатылған. Дюжина дегеніміз - 12 дана. Бір үлкен қорапқа салынады. Өлшеген кезде бағасы 98 рубль болған. Сол кездегі мәлімет бойынша бір жылқының бағасы 100 рубльді құраған.

Ұқсас материалдар