Қандастар Ассамблея

Ең кәрі марафоншы

24.02.2013 2335
Спорт жас талғамайды. 101 жастағы Фодже Сингху Гонгконгтегі 10 шақырымдық қашықтықта жүгіруге қатыспақшы, - деп хабарлайды 24kz. Қария 1911 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде дүниеге келген. Ол өмірінің басым көпшілігін Үндістанда тұрып, фермерлікпен айналысқанын айтты. Алайда 83 жасында көз алдында оқыс жағдайдан мерт болған ұлының өлімінен кейін, Сингху қайғысын ұмыту үшін Лондонға көшіп, кәсіби деңгейде жүгірумен айналысқан. Ол Торонтодағы 8 сағаттық жүгірістен кейін «ең кәрі марафоншы» атағына ие болған. Алайда Гиннесс рекорды кітабына қарияның жетістігі енгізілмеді. Себебі оның жасын растайтын туу туралы куәлігін қария ондаған жыл бұрын жоғалтқан. BAQ.kz

Спорт жас талғамайды. 101 жастағы Фодже Сингху Гонгконгтегі 10 шақырымдық қашықтықта жүгіруге қатыспақшы, - деп хабарлайды 24kz.
Қария 1911 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде дүниеге келген. Ол өмірінің басым көпшілігін Үндістанда тұрып, фермерлікпен айналысқанын айтты. Алайда 83 жасында көз алдында оқыс жағдайдан мерт болған ұлының өлімінен кейін, Сингху қайғысын ұмыту үшін Лондонға көшіп, кәсіби деңгейде жүгірумен айналысқан. Ол Торонтодағы 8 сағаттық жүгірістен кейін «ең кәрі марафоншы» атағына ие болған. Алайда Гиннесс рекорды кітабына қарияның жетістігі енгізілмеді. Себебі оның жасын растайтын туу туралы куәлігін қария ондаған жыл бұрын жоғалтқан.

BAQ.kz

Ұқсас материалдар